Талдау
Оқушылар сабақ туралы ойланады және олардың жеке адам, сондай-ақ топ
мүшесі ретінде оқытылуына көмектесе немесе кедергі жасай алатын танымдық
және эмоциялық аспектілерге баға береді.
Зерделеу
Оқушылар оқытуды талдау барысында аңғарған нәрселері мен болжамдарын
пысықтап, талдайды. Бұл төмендегілерді қамтуы мүмкін:
не үшін
оқу кезіндегі мақсаттар
қалай
оқу кезіндегі стратегияларды орындау
не
оқу кезінде әсер туғызу
қалай
оқу кезінде эмоцияларды сезіну
қашан, кіммен, қайда
оқу жағдайы
Бұл оқушылардың жаңа стратегиялар жасауына және/немесе оқытудың ескі
стратегияларын қайта қарастыруына түрткі болады.
Қолдану
Оқушылар ойланады және өздерінің жаңа немесе қайта қарастырылған
стратегияларын оқудың түрлі жағдайларында қолдануды жоспарлайды. Тиімді
оқуды жалғастырудағы мұғалімнің рөлі маңызды.
Жоғарыда аталған төрт кезеңде мұғалім атқаратын әрекеттер:
Орындау
Мұғалім сабаққа, тапсырмалар мен үдерістерге белсенді тарту үшін
оқушыларды ынталандырады және қолдайды.
Талдау
Мұғалім оқушылардың мәселе төңірегінде ойлануын, оны талқылау барысын
және кері байланысты үйлестіреді және жаңа болжамдар мен бақылаулардың,
стратегияларды бағалаудың пайда болуын ынталандырады.
Зерделеу
Мұғалім оқушыларға талдау барысында пайда болған бақылаулар мен
52
болжамдарды атап көрсете отырып, нағыз стратегияларды салыстыруға және
қарама-қарсы қоя білуге, олардың келесі деңгей үшін қалай өзгеретіндігін
анықтауға көмектесе отырып, олардың оқу үдерісіне қолдау көрсетеді.
Қолдану
Мұғалім оқыту трансфертін, нақты жағдайлар мен мәнмәтіндерге сәйкес
стратегияларды жоспарлап, мақсаттарды анықтауды алға тарта отырып,
оқушыларға жаңа болжамдар негізінде болашақты өзгеше жоспарлауға
көмектеседі.
Алда келтірілген әдістер сипаттамасында ол әдісті қай кезде қолдану тиімді екенін
көрсету мақсатында осы төрт кезең ерекшеленіп, қою бояумен беріледі.
БІЗ ҚАЛАЙША ЖАҚСЫ ОҚИМЫЗ?
Бұл әдіс Г.Гиббс зерттеуіне негізделген (1981) «Оқушыларды оқуға үйретеміз: оқушы
көзқарасы», Мильтон Кейнс: Open University баспасы.
Бұл кіріспе жаттығу оқушыға:
• өзінің оқуы туралы ойлай бастауға;
• өзінің оқуына әсер ететін аспектілерді айқындауға;
• оқушы ретінде өзі туралы кейбір сәттерді аңғаруға;
• өз оқуын қалай жақсарту туралы пікірталасқа араласуға көмектеседі.
Талдау:
1. Өз бетіңізше өткен кезеңдердегі аса жақсы емес деген оқу тәжірибеңізді еске
түсіріңіз. Бұл мектеп, спорт немесе әуестенетін ісіңіз болуы мүмкін – сіз оқуға, білуге сонша
ұмтылғаныңызбен де, бұл жақсы тәжірибе бола алмады. Мүмкін сіз оқудан көңіліңіз
қалғаныңызды сезген боларсыз, немесе өзіңізге қажет деген нәрсені оқымаған шығарсыз.
Оқуыңызды егжей-тегжейлі еске түсіріңіз және содан кейін оқу тәжірибеңіздің нашар
болуына не себеп болғанын ойлаңыз. Бұған себеп болған аспектілерді жазып алыңыз [3
минут].
2. Енді оқу тәжірибеңіз сәтті болған оқиғаны еске алыңыз – өзіңізге қажетті нәрсені
үйреніп алған, немесе сізге білім алған қатты ұнаған болар, не сіз оқуға аса құныққан
жағдайларды және т.б. еске түсіріңіз. Бұған не себеп болды? Кейбір аспектілерді жазып
қойыңыз. [3 минут]
3. Жұп болып бір-біріңізге таңдап алған тәжірибеңіз туралы әңгімелеп беріңіз.
Тәжірибе неліктен сәтті болғаны немесе сәтті болмағаны туралы түсіндіріңіз.
Екеулеріңіз айтқандардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды
табыңыз. Жұптағы адамыңыз бен сіздің тәжірибелеріңізде ұқсас аспектілер болды ма?
Пікірлеріңіз бір-біріне қарама-қайшы келетін ұстанымдар болды ма? [10 минут]
4. Топ болып әр қатысушының кейбір түсініктемелерін жинақтаңыз. Содан кейін
тәжірибе неліктен жақсы болатынын және неліктен онша жақсы болмайтынын сұраңыз.
Зерделеу: Сәтті және аса сәтті емес тәжірибелерді түсіндірген кезде мынадай
мәселелерге көңіл бөлуге тырысыңыз:
• Сіз не үшін оқыдыңыз, өз мақсаттарыңыз туралы айтыңыз?
• Бұны Сіз қалай істедіңіз, Сіз оқушы ретінде қолданған стратегия?
• Сіз және басқалар үшін сіздің оқуыңыздың нәтижелері, салдары қандай?
• Аталған оқуға қатысты сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз – оқуға дейін, оқу кезінде, одан кейін?
• Оқыған кезде сіз қашан, қайда, кіммен бірге болдыңыз, сіз болған жағдай қандай болды?
• Сіз өзіңіздің немесе біреудің оқуы туралы қызық жайларды білдіңіз бе?
Қолдану: Бұл тапсырманы орындағаннан кейін оқу кезінде байқап көргің келетін
жаңа нәрселер пайда болды ма? Қандай жағдайды таңдар едіңіз? Қашан? Сіз жаңа нәрсені
орындап көргеннен кейін не болғанын басқалармен қай уақытта талқылайсыз?
53
54
ОҚУ СТРАТЕГИЯСЫ ТУРАЛЫ САУАЛНАМА
«Сіз өзіңіздің оқуыңызбен айналысасыз ба?» Бұл сауалнама сіздің кейбір оқу
стратегияларыңызды айқындауға көмектеседі, содан кейін олар туралы ойлауға мүмкіндік
береді.
Орындау
төменде келтірілген алты тұжырымның әрқайсысын оқыңыз және:
Үзілді-кесілді қарсы болсаңыз
ҮКҚ деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз;
Қарсы болсаңыз
Қ деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз;
Білмесеңіз
Б деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз;
Келіссеңіз
К деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз;
Толығымен келіссеңіз
ТК деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз.
1. Мен мектепте аса қызықты болатын
пәндерді емес, маған кейін жұмыс табуға
көмектесетін пәндерді таңдар едім
2 Менің мектептегі жұмысым өзімді
іштей қолайлы сезінуге мүмкіндік береді
деп санаймын
3 Мен барлық пәндер бойынша жоғары
баға алуға тырысамын, себебі маған
басқа балалардан артық болған ұнайды
4 Мен тек мұғалімнің айтқанын ғана
оқимын, артық оқымаймын
5 Мектепте оқып жүрген кезімде бұны
алдағы өмірде қалай кәдеге
жарататынымды ойлаймын
6 Сыныпта кітаптарды, конспектілерді
және басқа да заттарды өзім ойлап тапқан
тәсілмен сақтаймын, осылайша оларды
оңай тауып аламын
Жоғарыда көрсетілген алты пікірдің ішінде сіз толығымен келісетін пікір болды
ма?
Бұл қандай пікір: а, ә, б, в, г әлде ғ (соңғы бағанды қараңыз)?
Төменде келтірілген тұжырымдармен жоғарыдағы жұмысты қайталаңыз:
ҮКҚ Қ
Б
К
ТК
а
ә
б
в
г
ғ
55
7 Егер мен тестіні нашар жазсам, келесі
жолы оны қалай жазатынымды ойлап,
қатты уайымдаймын
8 Тіпті басқалар менен де көп білсе де,
өзімді дұрыс ойлаймын деп санаймын
9 Мен мектепте шынымен де басқаларға
қарағанда жақсы оқығым келеді
10 Мен барлығын түгел жаттап алғанда,
оқу маған жеңіл тиеді
11 Жаңа материалды оқыған кезде мен
өзіме таныс нәрселер туралы есіме
түсіремін де, оларға басқа көзқараспен
қараймын
12 Мен бүкіл оқу жылында өз оқуымды
жоспарлауға тырысамын, осылайша
мен жоғары баға аламын
Тағы да жоғарыда көрсетілген алты пікірдің ішінде сіз толығымен келісетін пікір
болды ма? Бұл қандай пікір: а, ә, б, в, г әлде ғ?
Есептеңіз:
«Толығымен келісемін» дегені үшін екі ұпай
«Келісемін» дегені үшін бір ұпай
«Келіспеймін» дегені үшін минус бір ұпай
«Үзілді-кесілді қарсымын» дегені үшін минус екі ұпай
Енді кестедегі алты түрдің әрқайсысындағы ұпайлардың жалпы сомасын есептеңіз.
Пікір
Ұпай
Пікір
Ұпай
Барлығы
1
7
а
2
8
ә
3
9
б
4
10
в
5
11
г
6
12
ғ
Сіздің айтқандарыңызда жүйе бар ма екенін анықтау үшін, төменде тағы да бірнеше
нұсқа берілген:
ҮКҚ Қ
Б
К
ТК
а
ә
б
в
г
ғ
56
13 Меніңше, мектепте жақсы оқу
керектігінің жалғыз себебі – бұл мектепті
бітіргеннен кейін жақсы жұмыс табу
14 Көптеген мектеп пәндерін оқу мен үшін
қызықты
15 Маған тест нәтижелерін дауыстап айтқан
ұнайды, осылайша басқалар менің
қаншалықты озық екенімді байқайды
16 Мен фактілерді не бір нәрсенің мәнісін
түсіну үшін, оларды толық зерделеуді
қалаймын
17 Риза болғаннан бұрын маған тақырып
бойынша өз пікірімді қалыптастырған
ұнайды
18 Мен тапсырма берілісімен-ақ өзімнің
барлық тапсырмаларымды орындауға
тырысамын
19 Мен тестіге ынтамен дайындалған
болсам да, оны жақсы жаза алмай
қаламын ба деп уайымдаймын
20 Мен кейбір тақырыптарды оқу
шынымен де қызықты деп санаймын
21 Өз сыныптастарымның арасында
танымал болғаннан да, мектепте жақсы
оқығаным дұрыс
22 Көптеген пәндер бойынша тестіден
құлап қалмау үшін жеткілікті жұмысты
орындаймын, бірақ одан асырмаймын
23 Мен бір пән бойынша оқығанымды
басқа пәндер бойынша оқығанмен
салыстыруға тырысамын
24 Жақында өткен сабақты түсінгеніме
көз жеткізу үшін бірталай сабақтардан
кейін материалды қайта қарап шығамын
ҮКҚ Қ
Б
К
ТК а
а
ә
б
в
г
ғ
ҮКҚ Қ
Б
К
ТК
а
ә
б
в
г
ғ
57
25 Мұғалімдер біз тестіге енгізілмеген
тақырыптарды оқиды деп күтпеуі тиіс
26 Күндердің күнінде мен әлемдегі өзім
дұрыс емес деп санайтын заттарды
өзгерте аламын
27 Пәннің маған ұнайтынына немесе
ұнамайтынына қарамастан, жоғары баға
алу үшін жұмыс істейтін боламын
28 Маған жалпы пікірді түсінудің орнына,
фактілер мен кейбір нәрселерді жаттап
алған жақсы
29 Мен мектепте оқытылатын көптеген
тақырыптар қызықты деп санаймын және
оларды оқып үйрену үшін қосымша уақыт
бөле аламын
30 Тест нәтижелерін таратқан кезде мен
өзімнің барлық қателерімді түзетіп,
оларды неге жібергенімді түсінуге
тырысамын
31 Мен жақсы жұмыс табу үшін мектепте
жақсы оқығым келеді
32 Мектеп менің идеяларымды
қалыптастыруға көмектесу қажет деп
санаймын
33 Мен үшін мектепте жақсы оқу – бұл
жарыс, мен онда жеңуге ниеттімін
34 Мен тестілерде кездеспейтін
тақырыптарды оқуға уақыт жұмсамаймын
35 Мен өзімнің бос уақытымды сыныпта
талқыланатын қызықты тақырыптар
туралы көбірек білуге жұмсаймын
36 Мен мұғалімнің айтқанының барлығын
оқуға тырысамын
ҮКҚ Қ
Б
К
ТК
а
ә
б
в
г
ғ
ҮКҚ Қ
Б
К
ТК
а
ә
б
в
г
ғ
58
Енді кестеде алты топтың әрқайсысы үшін жалпы балды есептеңіз
Алдыңғы
қорытынды
Пікір
Ұпай Пікір
Ұпай Пікір
Ұпай Пікір
Ұпай Барлығы
13
19
25
31
а
14
20
26
32
ә
15
21
27
33
б
16
22
28
34
в
17
23
29
35
г
18
24
30
36
ғ
Талдау: Ықыласыңыз ауған пікірлер тобы болды ма?
Бұл а, ә, б, в, г әлде ғ ма?
Бұл сізді таң қалдыра ма әлде жоқ па?
Зерделеу: Төменде әр топты сипаттайтын ақпарат берілген (Дж.Б. Биггс (1987),
Оқушылардың оқыту мен оқуға деген көзқарастары, Мельбурн: Білім беру саласындағы
ғылыми зерттеулер жөніндегі австралиялық кеңес).
«A» типті оқушылар
Бұл оқушылар мұғалімдер қоятын талаптарға сәйкес келеді, бірақ бұны емтиханды жеңіл
тапсыру үшін ғана жақсы жасайды. Бұл оқушылар озат оқу мен тестіден сүріну арасында
тепе-теңдік сақтап үйренген. Олар өзінің оқуына «бұдан маған қандай пайда бар»
тұрғысынан қарайды.
«Ә» типті оқушылар
Қызықты болғандықтан және көптеген пәндерден алда болғысы келгендіктен оқиды.
Олар бұл оларға шын мәнінде қызықты болғандықтан оқиды.
«Б» типті оқушылар
Биіктен көріну үшін және/немесе басқалардың алдында үздік болып көріну үшін оқиды.
Бұл оқушылар оқылатын пән өздеріне ұнайтынына немесе ұнамайтынына қарамастан,
жоғары баға алу үшін оқиды.
«В» типті оқушылар
Өздерінің оқығандарын қайта айтып беруге болатын тәсілмен оқиды. Олар сөзсіз қажет
деген бөліктерге ғана тоқталады, оларды қайталай алатындай етіп жаттап алады.
«Г» типті оқушылар
Оқығандарының мағынасына ықылас қойып оқиды. Олар белгілі бір тақырып бойынша
оқиды, әрі жаңа мәліметті бұған дейін оқығандарымен байланыстырады.
«Ғ» типті оқушылар
Өз уақыттарын, жұмыс орнын және т.б. қалай жоспарлайтынына ерекше назар аудара
отырып оқиды. Олар істелуге тиістінің барлығы істеліп болуын қадағалайды, өздерін
«үлгілі оқушы» ретінде ұстайды.
• А немесе В типті оқушылар үстірт заттарға назар аударады және оларды жақсы орындап
шығады, бірақ оқу күрделенген жағдайда, онша жақсы орындай алмайды.
• Ә немесе Г типті оқушылар мағынасына назар аударады және оқу аса күрделі болғанда
жақсы орындайды.
• Б немесе Ғ типті оқушылар мектепте жоғары бағаланатын оқу деңгейіне қалай қол
жеткізу және үлгеру керектігіне ерекше көңіл бөледі.
Қолдану: Өзіңіз жуық арада алғыңыз келген кейбір білім туралы ойланыңыз. Жоғарыда
аталған артықшылықтардың біреуі бұл үшін тиімді бола ала ма? Бұл стратегияны іс
жүзінде орындап көресіз бе және оның нәтижелерін көргіңіз келе ме?
Досыңызбен сіз қолданғыңыз келген стратегияның бөліктерін талқылаңыз.
ОҚУ СТИЛІ ТУРАЛЫ САУАЛНАМА
59
Орындау: Бұл сауалнама сіз қалайтын оқу стильдерін анықтау үшін әзірленген.
Уақыт жағынан шектеу жоқ. Шамамен алғанда 10-15 минут алуы мүмкін.
Егер сіз пікірмен келіссеңіз, онда оның қасына құстұмсық белгісін қойыңыз.
1
Менің ойымның барлық жағдайда дұрыс болғанын жақсы көремін
T
2
Маған тәуекелге бел буған ұнайды
Б
3
Мен проблемаларды жорамалдағаннан гөрі, біртіндеп шешкенді
ұнатамын
T
4
Мен күрделі емес, біртекті қарапайым сұрақтарды ұнатамын
П
5
Мен көп нәрсені «маған солай істеген ұнағандықтан» істеймін, ол
туралы ойланбаймын
Б
6
Мен көп нәрсені қалай ұсынылса, солай қабылдай бермеймін.
Маған өзімнің тексергенім ұнайды
T
7
Оны өмірде қолдануға болатындығы – оқу үдерісіндегі ең басты
критерий
П
8
Мен өзім үшін әрқашан жаңа істерді іздеп жүремін
Б
9
Мен жаңа идея туралы естігенде, оны қалайша жасау қажет екендігі
туралы ойлай бастаймын
П
10
Мен белгіленген регламенттерді және кестені өте жақсы көремін
T
11
Мен барлығы ойдағыдай болуы үшін бар күш-жігерімді саламын.
Асығыс пікір білдіргенді ұнатпаймын
Р
12
Шешімді сақтықпен қабылдаймын. Алдымен туындауы мүмкін
барлық жағдайларды қарастырамын
Р
13
«Шала істі» ұнатпаймын. Барлығы үлгіге сәйкес келгенін қалаймын
T
14
Мен талқылау кезінде бірден іске көшемін
П
15
Маған әртүрлі жаңа тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтар
ұнайды
Б
16
Мен пікір білдіруге көшер алдында барлығын мұқият ойластырып
алғанды қалаймын
Р
17
Мен ойластырылмаған, қисынсыз идеялар туралы ойлау жеңіл деп
санамаймын
T
18
Ақпарат көп болғанын жақсы көремін, неғұрлым мұқият тексеруім
қажет болса, соғұрлым жақсы
Р
19
Алдын ала жоспарлағаннан гөрі, сол іске бірден кірісіп, оны
істегенді қалаймын
Б
20
Мен басқалардың пікірлерін олар іс жүзінде қалай іске
асатындығына қарай бағалаймын
П
21
Сіз шешімді тек қана дұрыс көрінгені үшін ғана қабылдай
алмайсыз. Барлық фактілер ескерілуі тиіс
Р
22
Өз жұмысыма міншілмін – аздап перфекционистпін
T
23
Әдетте талқылау барысында көптеген бірегей идеяларды ұсынамын
Б
24
Талқылау барысында олардың дұрыс болатынына сенімді
идеяларды ғана ұсынамын
П
25
Мен проблеманы шешер алдында, оларды мүмкіндігінше жан-
жақты қараймын
Р
26
Мен әдетте тыңдағаннан гөрі, көбірек сөйлеймін
Б
27
Көбіне тәжірибеде істеп көру арқылы тексеремін
П
28
Мен мұқият, логикалық ойлау табысты жұмыстың бастамасы деп
санаймын
T
29
Егер мен ресми хат жазатын болсам, алдымен бірнеше бастапқы
нұсқаларын жазып көремін
Р
60
30
Мен шешім қабылдар алдында өзімнің барлық нұсқаларымды қарап
шыққанды қалаймын
Р
31
Мен шығармашылық идеяларды ұнатпаймын. Олар онша қолайлы
емес
П
32
Алдымен тексеріп, сосын істеген дұрыс
Р
33
Әдетте мен сөйлегеннен гөрі көп тыңдаймын
Р
34
Мені ережелер мен жоспарлар мазалай алмайды
П
35
Сенің бір нәрсені қалай жасағаның маңызды емес, оның іске асқаны
маңыздырақ
Б
36
Әдетте топтың, ұжымның «жанымын»
Б
37
Жұмысты аяқтау үшін маған қажеттінің барлығын істеймін
П
38
Заттың қалай жұмыс істейтіндігін білу қызықты
T
39
Маған кездесулер мен талқылаулардың жүйелі түрде, кесте
бойынша өткені ұнайды
T
40
Жұмысты бақылай алмай қалсам, мойымаймын.
Б
Әр әріп бойынша неше құстұмсық барын есептеңіз.
Төмендегі ұяшықтарға әр әріп бойынша жиналған ұпай санын жазыңыз
Б Р
T
П
Белсенді Рефлексия жасаушы
Теоретик
Прагматик
Мүмкін сіз екі немесе үш оқу стилін қамтитыныңызды анықтайтын шығарсыз. Егер екі
стиль бойынша жоғары балл жинаған болсаңыз, сізге бұл екі тәсіл де ұнауы мүмкін. Егер
сіздің балдарыңыз теңдей бөлінген болса, онда сізге бірнеше тәсілмен оқу ұнауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |