Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын



Pdf көрінісі
бет6/24
Дата29.01.2017
өлшемі5,73 Mb.
#2947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

ТалдауНәтижелер сіз күткенге ұқсай ма немесе өзгеше ме?   
Зерделеу:  Сіздің  стильдеріңіз  қандай?  Бір  стильге  деген  ерекше  ықыласыңыз  бар  ма? 
Мүмкін бірнеше стильді қалайтын шығарсыз?  
 
Енді әр стиль үшін ұсынылған сипаттаманы оқып шығыңыз.  
•  Белсенділер  кең  көзқараспен  қарауға  тырысады  және  жаңа  нәрселерді  білуге  ынтызар. 
Олар  барлығын  ең  болмаса  бір  рет  байқап  көреді  және  проблемаларды  ұтқыр  ойлау 
арқылы  шешкенді  жақсы  көреді.  Әдетте,  олар  айналасындағылармен  жақсы  араласады 
және  барлығының  назарында  болғанды  ұнатады.  Олар  жобалар  бойынша  жақсы  жұмыс 
істейді,  топтарда  жақсы  оқиды  және  басқалармен  пікір  бөліседі.  Оларға  рөлдік  ойындар 
ұнауы  мүмкін,  бірақ  оларға  лекцияларда  толық  назар  аудару,  жобалар  құру  және 
зерттеулерді талдау үшін көмек қажет болады.    
• Рефлексия жасаушылар бірден іске кірісіп кетпей, алдымен ойланып алғанды қалайды. 
Әдетте  олар  салмақты;  олар  тақырыпқа  жалпы  көрініс  ретінде  қарағанды  ұнатады  және 
ұтымды  әрекет  етеді,  ұқыпты.  Олар  сарапшыларды  тыңдағанды  және  ақпараттық-
анықтамалық  материалдарды  қосымша  оқығанды  өте  жақсы  көреді.  Өздері  зерттеу 
жүргізуден  және  өз  зерттеулерін  қолданудан  ләззат  алады,  бірақ  өз  пікірлерін  топқа 
ұсынған кезде өзінің жақсы жақтарын көрсете алмай жатады. 
•  Теоретиктер  талдағыш  және  барлығын  егжей-тегжейлі  білгенді  жақсы  көреді.  Олар  - 
еңбексүйгіш  перфекционистер.  Олар  құрылымдалған  және  логикалық  көзқарас  білдіреді 
және  үзінді  мәліметтермен  тез  жұмыс  істейді.  Оларға  теориялық  материал  көп  берілетін 
дәрістер,  көзқарастар  мен  пікірлерді  қорытқан  ұнайды.  Конспекті  жасау  немесе 
сараптамалық  жаттығу  орындау  олар  үшін  нағыз  қажетті  іс  болып  саналады.  Олар 
екіұштылықты және күрделі мәселелерге ұқыпсыз қарайтын адамдарды ұнатпайды.     

61 
• Прагматиктер өте епті және теорияның іс жүзінде жүзеге асуын анықтауға тырысады. 
Олар  проблеманы  сын  тұрғысынан  қарастырады  және  жұмысты  орындаудың  ең  жақсы 
тәсілдері  бар  екеніне  сенеді.  Оларға  өздері  істегеннен  гөрі,  басқаларға  «қалай  істеу 
керектігі»  жөнінде  нұсқау  берген  ұнайды.  Олар  идеяларын  ұсынуға,  жобалар  жасауға 
және  аталған  зерттеулерді  қолдануға  бейім.  Олар  абстрактілі  идеялармен  және 
анықтамалық-ақпараттық материалдармен нашар жұмыс істейді.   
 
Талдау: Сіз  белсендінің, рефлексия жасаушының, теоретиктің және прагматиктің стилін 
қолданған жағдайларды анықтаңыз.  
Зерделеу:  Сіз  қалаған  стильдің  мықты  және  осал  жақтарын  айта  аласыз  ба?  Ал  онша 
қаламайтын  стильдің  ше?  Сіздің  қандай  оқу  тапсырмаларын  қалайтыныңыз  сіздің 
стильдеріңізді көрсете ме? Оқу үдерісінің  көпшілігі белгілі бір сәттерде осы төрт стильдің 
төртеуін де қамтиды. 
Қолдану: Сіз жетілдіргіңіз келетін оқу стилі бар ма? Бар болса, қалай әрекет етер едіңіз 
және Сізге кім көмектесе алады?   
 
Бұл әдіс оқу стилін анықтаудағы Хани мен Мамфордтың тәсіліне негізделген және осы 
тәсіл туралы жалпы ақпарат ұсынуға бағытталған. Толығырақ ақпарат алу үшін мына 
нұсқаулықты қараңыз: П. Хани және А. Мамфорд (1992), Оқу стилі жөніндегі нұсқаулық, 
Питер Ханиден алынған, Мейденхед SL6 6HB. 
 
ТАБЫСҚА ЖЕТЕТІНДІГІНЕ СЕНІМ ҰЯЛАТУ 
 
Әр адамның өз күшіне деген сенімі әртүрлі болады: кейбіреулер өз күшіне сенімді 
болу  оларға  табысқа  жетуге  көмектеседі  деп  санаса,  кейбіреулер  кедергі  жасайды  деп 
ойлайды.  Бұл  жаттығу  сізге  өз  жетістіктеріңіз  туралы  пікіріңізге  көз  жүгіртуге 
көмектеседі. 
 
Орындау:  Сіз  төменде  ұсынылған  16  пікірдің  әрқайсысымен  келісетініңізді  немесе 
келіспейтініңізді  белгілеңіз.  Сонымен  бірге  тұжырымға  қатысты  басқа  пікірде  болсаңыз, 
оны арнайы бағанға жаза аласыз. 
 
 
Тұжырымдар, пікірлер 
Келісемін  Келіспеймін 
Өзге 
ойдамын 

Ұтымды жоспарлау – табыстың түйінді 
факторы 
 
 
 

Емтиханды жақсы тапсыратын оқушылар 
әдетте ата-аналарынан көп көмек алады   
 
 
 

Мұғалім сізді ынтамен жұмыс істегеніңіз 
үшін мақтайды   
 
 
 

Егер сіз тестіден сүрінсеңіз, бұл сіздің 
нашар дайындалғаныңыздан  
 
 
 

Оқудағы жүйелі тәсілдер жақсы 
нәтижелерге жеткізеді  
 
 
 

Келесі тест бойынша дайындалар алдында 
маған соңғы тест бойынша алған бағалар 
қажет  
 
 
 

Бір нәрсені дұрыс түсінбеген болсам, бұл 
мұғалімнің дұрыс түсіндірмегендігінен  
 
 
 

Егер сізге орындай алмайсың деп айтса, 
онда тырысудың қажеті жоқ  
 
 
 

Емтиханды ойдағыдай тапсыру – бұл 
 
 
 

62 
жолың болғандықтың салдары 
10 
Менің жасымда оқу қиын, себебі мен 
достарыммен қыдыруға тиістімін  
 
 
 
11 
Әдетте басқалармен жарыссам, менің ісім 
жақсы жүрмейді  
 
 
 
12 
Адамдар емтиханға дайындалмаған 
уақытта емтихан әділ өткізілмеді деп 
шағымданады  
 
 
 
13 
Егер сіз жұмыс таба алмасаңыз мектепте 
оқудың мәні жоқ  
 
 
 
14 
Пән бойынша озық болу мұғалімнің сізге 
ұнайтынына байланысты  
 
 
 
15 
Сіз өз қателеріңіз арқылы келесі жолы 
қалай жақсы оқу керектігін үйрене аласыз    
 
 
 
16 
Өмірде табысқа жету үшін тиісті 
адамдарды білу маңызды  
 
 
 
 
Талдау: Өз жауаптарыңызды шағын топтарда сыныптастармен талқылаңыз. 
Пікірлеріңіздің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтаңыздар.  
 
Зерделеу: Қандай сенімдеріңіз сізге кедергі келтіруі мүмкін? Егер  ісіңізде табысқа жете 
алмаған болсаңыз, нені кінәлар едіңіз? Бұл сізге қалай әсер етеді? Қандай 
ұстанымдарыңыз сізге көмектесе алады? Сіз олардың көбісін қалай қолдана аласыз?  
 
Қолдану: Сіздің ұстанымдарыңыз бен бір нәрсені қабылдамауыңыздың оқу сапасына 
әсерін анықтауға тырысыңыз. Мұндай жағдай орын алса, сіз басқаша қалай істер едіңіз? 
Бұған дейін болған осындай жағдайдан мысал келтіре аласыз ба? 
 
МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ ЖАҒДАЙЛАРЫН МОДЕЛЬДЕУ 
 
Бұл  әдіс  мектептегі  әртүрлі  оқу  жағдайларынан  барынша  көбірек  пайда  алу 
мақсатында оларды егжей-тегжейлі ойластыруға көмектеседі. 
 
Орындау: Мектептегі оқуды мына жағдайлар бойынша салыстырыңыз: 
• сіз жақсы оқыған екі жағдай; 
• сіз нашар оқыған бір жағдай; 
• сабақта емес, мектепте болған оқу жағдайы. 
Жағдайлардың  әрқайсысын  ойластырып,  олар  бойынша  кестедегі  сұрақтарға  жауап 
беріңіз. 
 
 
Жақсы оқу 

Жақсы оқу 

Нашар оқу 
Сыныптан тыс 
оқу 
Бұл қандай 
жағдай? Қай 
жерде? 
 
Сіз кіммен 
бірлестіңіз? 
 
 
Жағдайды кім 
 
 
 
 

63 
ұйымдастырды?  
 
 
Күн тәртібін кім 
анықтады?  
 
 
Бұл күн тәртібі 
сіздің 
мақсаттарыңызбен 
үндесе ме?  
 
Сіз қалай оқисыз?  
 
Сіздің оқуға деген 
көзқарасыңыз 
қандай? 
 
 
 
Талдау:  Жағдайлардың  арасында  қандай  айырмашылық  байқадыңыз?  Жағдайлардағы 
қандай  ұқсастықтарды  байқадыңыз?  Өз  жауаптарыңызды  досыңыздың  жауабымен 
салыстырыңыз. Олар ұқсас па, әлде әртүрлі ме?  
 
Зерделеу: Өзіңіз берген жауаптарға қарап, «жақсы оқу» жағдайы «нашар оқу» жағдайына 
ұқсамайтын екі немесе үш аспектілерді анықтаңыз.  
 
Қолдану: Нашар оқу жағдайын жақсарту үшін жақсы оқуды қамтамасыз ететін факторлар 
туралы біліміңіздің қайсыбірін қолдана аласыз ба? Бұны шағын топтарда талқылап, 
қандай әрекет жасау қажет екендігін шешіңіз. 
 
МЕКТЕПТЕН ТЫС ОҚУ ЖАҒДАЙЛАРЫН МОДЕЛЬДЕУ 
 
Осы  тапсырма  оқуды  өмір  бойы  жалғаса  беретін  үдеріс  ретінде,  басқа  сөзбен 
айтқанда,  мектептен  кейін  де  аяқталмайтын  үдеріс  екендігі  туралы  пікірді  қарастыруға 
көмектеседі.  Бұл  сондай-ақ  зерттеу  жүргізу  арқылы  сіздің  оқу  дағдыларыңызды 
жетілдіруге бағытталған.  
 
Орындау: Мектепте және одан тыс, жұмыс орнында және одан тыс жерлердегі оқытуды 
қоса алғанда, мектепті бітіргеннен кейінгі оқуға қатысты басқа адамдардың тәжірибелері 
мен пікірлерін білу үшін сұхбат ойлап табыңыз.  
Олар  қазір  не  оқып  жатыр?  Қайда?  Кіммен?  Осы  оқу  мектептегі  оқумен  ұқсас  па,  әлде 
басқаша ма?  
Бірнеше адаммен, мысалы: 
• мектепті биыл ғана бітірген адаммен; 
• бірнеше жерлерде жұмыс істеген адаммен; 
• жұмыс істемейтін адаммен; 
• зейнеткермен сұхбат жүргізіңіз. 
 
Талдау: Не болды? Адамдардың айтқандарында сізді таңқалдырған бірдеңе болды ма?  
Сұхбат кезінде өзіңізді қалай сезіндіңіз? 
Сұхбат барысында сіз қажетті ақпарат алдыңыз ба?  

64 
Егер  сіз  «Мектепте  және  оның  қабырғасынан  тыс  оқу»  тапсырмасын  орындасаңыз,  осы 
тапсырмадағы  сіздің  жауаптарыңыз  бен  адамдардың  айтқандарының  арасында 
айырмашылық бар ма? 
 
Зерделеу: Сіз адамдардың жауабынан не білдіңіз: 
• Адамдарға әртүрлі кезеңде білім алу үшін не қажет? 
• Мектеп бітіргеннен кейін адамдар қаншалықты ұзақ оқиды?  
• Уақыт өте келе оқу үдерісі қалай өзгереді? 
• Олардың оқу туралы пікірі қандай? 
Сіз осыдан зерттеу жүргізу жолдары туралы не білдіңіз? 
 
Қолдану:  Сіз  өзіңіздің  мектеп  бітіргеннен  кейінгі  кездегі  білім  алуыңыз  жайында  не 
ойлайсыз? 
Зерттеу  жүргізу  туралы  сіз  білгеніңізді  ескере  отырып,  өз  сұхбатыңыздың  сұрақтарын 
өзгертіңіз.  Сіз  көп  адамдардан  сұхбат  алу  арқылы  немесе  оларға  көп  сұрақ  қоя  отырып, 
бұл зерттеуді кеңейте аласыз.  
 
 
 
 
 
 

65 
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ 
 
 
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде 
алынған  ақпаратты  ұғыну,  бағалау,  талдау  және  синтездеуде  қолданылатын  әдіс  болып 
табылады,  сонымен  қатар  ол  әрекет  жасауға  негіз,  түрткі  болуы  да  мүмкін.  Сын 
тұрғысынан  ойлау  көбінесе  бір  нәрсені  елестетуге,  баламалы  шешімдерді  қабылдауға, 
ойлау  және  іс-әрекеттің  жаңа  немесе  түрлендірілген  тәсілдерін  енгізуге  дайын  болуды 
көздейді,  ол  ұйымдастырылған  қоғамдық  әрекеттерге  бейілділік  пен  басқаларды  сын 
тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. 
Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:  
қажетті ақпараттар жинауды
• дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды; 
• кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар; 
•  ауқымды  тәжірибе  негізінде  болжамдар  мен  ұсыныстарды  қайта  қарауды 
көздейді. 
Төменде  балаларға  сынып  тапсырмаларын  ойдағыдай  орындау  үшін  қажетті 
әрекеттер реті мен дағдылар келтірілген: 
1.  Көру  немесе  есту  арқылы  алынған  ақпаратты  өңдеу,  сондай-ақ  бастапқы 
дереккөздерді  зерделеу  кезінде  алынған  деректерді,  жауап  алу  немесе  сауалнама 
барысында  жиналған  деректерді  немесе  оқулықтар,  энциклопедиялар  немесе  веб-
сайттар сияқты екінші дереккөздерден жиналған  ақпаратты өңдеу.  
2.  Зерттеу  жүргізуге  арналған  дәлелдемелерді  немесе  зерттеу  нәтижесінде  алынған 
дәлелдердің  негізін  құрайтын  дәлелдемелерді  жүйелейтін  түйінді  мәселелер, 
болжамдар мен гипотезаларды түсіну. 
3. Осы түйінді мәселелер мен қолда бар дәлелдемелердің бір-біріне сәйкес келуін және 
үндесуін талдау
4.  Жекелеген  факторлар  немесе  түрлі  дербес  бағалар  мен  болжамдар  арасындағы 
ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау.  
5.  Дәлелдерді  немесе  бірқатар  идеяларды  дайындау  үшін  түрлі  ақпарат  көздерін 
жүйелеу.  Сіздің  идеяңызды  қалыптастыратын  және  қолдайтын  түрлі  дереккөздер 
арасында байланыс жүргізіңіз.  
6.  Сіздің  зерттеуге  қатысты  дәлелдемелердің  шынайылығы  мен  дәлелділігін  және 
дәлелдемелер сіздің болжамдарыңызбен, туындаған идеяларыңызбен қаншалықты 
сәйкес келетінін бағалау. 
7.  Зерттеу  негізінде  жатқан  сұрақтардың  жауабына  түсініктеме  беру  кезінде  зерттеу 
барысында алған білімін қолдану. 
8. Зерттеу қорытындылары мен нәтижелерін дәлелдеу және негіздеу
Белсенді оқыту мен оқу әдістерін қолдану үдерісінде оқушылардың сын тұрғысынан 
ойлауын  дамытқысы  келетін  мұғалімдер  арасында  оқу  мақсаттарын  жіктеудегі  Блум 
таксономиясы ең маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. 
 
 

66 
Блум таксономиясына сәйкес танымдық мақсаттарды топтастыру 
 
Роберт Фишер (2005: 57) ұсынған төмендегі кестеде түрлі ойлау деңгейлеріне тән 
түрлі санаттар мен үдерістер аталған. 
1-кесте. Ойлау үдерісінің санаттары мен мазмұны 
 
Санат 
Ойлау үдерісінің шешуші белгілері  

Білу 
(есте сақтау және 
қалдыру) 
Кім, қашан, қайсысы, қайда, не екенін  сипаттау, 
қайталау, тұжырымдау арқылы не білетіндімізді, нені 
есте сақтағамызды айту.  

Түсіну  
(түсінік беру және 
түйсіну) 
Өзіңіздің бір нәрсеге қатысыңыз туралы сипаттау 
және баяндау, оның мәнін түсіндіру, салыстыру, 
арақатынасын белгілеу. 

Қолдану (қатысу) 
Сіз мұны қалай пайдаланасыз, оны проблеманы шешу 
үшін пайдалану, көрсету.  

Талдау (қатысу) 
Факторлардың, тәуекелдердің, проблемалардың, оны 
шешу жолдарының, күтілетін нәтижелер мен 
салдардың құрылымын, ретін, себебін анықтау. 

Жинақтау (біріктіру) 
Бұдан әрі өзгерту, түрлендіру, жақсарту  тәсілдерін 
анықтау.  

Бағалау (пайымдама 
және бағалау) 
Табысқа жететінін/жетпейтінін анықтау, алдағы 
нәтижелерді болжау. 
 
1-кестеде  ұсынылған  мәселелер  негізінде  көптеген  оқыту  тапсырмаларын  әзірлеп, 
ұсынылған  үлгіге  сәйкес  (2-кестені  қараңыз)  олардың  табыстылығына  талдау  жасауға 
болады. 
 
ОҚУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР ҮЛГІЛЕРІ 
 
Есте сақтау 
Пайдалы етістіктер 
Сұрақтардың үлгілері 
Тізім жасау  
Орналастыру 
Атау 
Білу 
Баяндау 
Сипаттау 
Еске түсіру 
Қайталау 
Шығару 
• ...кейін не болды? 
• Қанша...? 
• ... кім еді? 
•... атай аласыз ба? 
• Онда не болғанын сипаттаңыз? 
• Онымен кім сөйлесті? 
• ... себебін айта аласыз ба? 
• ... мағынасын айқындаңыз? 
• Бұл не? 
•Бұл шын ба немесе өтірік пе? 
 
Түсіну 
Пайдалы етістіктер 
Сұрақтардың үлгілері 
Қорытынды жасау 
Өз сөзіңізбен сипаттау 
Көрсету 
Алдын ала болжау 
Айту 
Анықтау 
Басқаша сөзбен айту 
Жиынтықтау 
Жүйелеу 
Сіз өз сөзіңізбен жаза аласыз ба? 
• Сіз қысқаша мазмұнын жаза аласыз ба? 
• Сіздің пікіріңізше, одан әрі не болуы мүмкін 
еді? 
• Сіздің пікіріңізше, кім ...? 
• ... басты идеясы қандай? 
• Кім басты кейіпкер болды? 
• .... арасында айырмашылықты айыра аласыз ба? 
• ... арасында қандай айырмашылықтар бар? 

67 
Топтастыру 
Талқылау 
Келісу 
Сұрыптау 
Салыстыру 
Қарама-қарсы қою 
Түсіндіру 
• сіз ... меңзегеніңізді көрсететін мысал келтіре 
аласыз ба? 
• ... анықтамасын бере аласыз ба? 
 
Қолдану 
Пайдалы етістіктер 
Сұрақтардың үлгілері 
 
Жалпылау  
Қорытынды жасау 
Көрсету 
Пайдалану 
Сіз онда ... болатын басқа мысал білесіз бе? 
• .... болуы мүмкін бе еді? 
• Сіз  ... сияқты сипаттамалар бойынша 
топтастыра аласыз ба? 
• Егер ..., сіз қандай факторларды өзгертуші 
едіңіз? 
• Сіз өзіңіздің ... тәжірибеңізде пайдаланылған 
әдісті қолдана аласыз ба? 
• Сіз қандай сұрақ қоясыз? 
• Ұсынылған ақпараттан .... қатысты бірқатар 
нұсқаулар дайындай аласыз ба? 
• Егер сізде ..., осы ақпарат пайдалы болар ма 
еді? 
 
Бағалау 
Пайдалы етістіктер 
Сұрақтардың үлгілері 
 
Бағалау 
Дәлелдеу 
Сынау 
Пікір айту 
• ...үшін үздік шешім бар ма? 
• ... маңыздылығын бағалаңыз. 
• ... қатысты сіз өз көзқарасыңызды қорғай 
аласыз ба? 
• Сіз  ... жақсы немесе жаман деп санайсыз ба? 
• ... сіз қалай шешер едіңіз? 
•  ... қандай өзгеріс енгізуді ұсына аласыз? 
• ... ... санайсыз ба? 
• Сіз ... адамсыз ба? 
• Егер... , өзіңізді қалай сезінер едіңіз? 
• ... қаншалықты тиімді? 
• ...туралы не ойлайсыз? 
 
Жасау 
Пайдалы етістіктер 
Сұрақтардың үлгілері 
 
Әзірлеу 
Құру 
Жоспарлау 
Болжам жасау  
Қайта қарау 
•  ... үшін ... жасай аласыз ба? 
•  Неге ...туралы ән шығармасқа? 
• .... шешімін елестете аласыз ба? 
• Егер сіз барлық дереккөздерге қол жеткізе 
алатын болсаңыз, ... қалай қарастырар едіңіз? 
• Сіз ... жұмыс істеуге арналған жеке әдісіңізді 
неге қарастырмадыңыз? 
• Егер ..., не болады? 

68 
• Сіз қанша әдісті ... аласыз? 
• Сіз ... қолданудың ерекше жаңа жолдарын таба 
аласыз ба? 
• ... пісірудің жаңа рецептісін жасай аласыз ба? 
 
Идеялар,  деректер,  айғақтар  мен  жағдайларды  жақсы  түсінуге  мүмкіндік  беретін 
оқушылардың  сын  тұрғысынан  ойлау  дағдылары  Брукфильд  анықтаған  (1987)  төмендегі 
аспектілерге сәйкес  белсенді оқыту мен оқу барысында қалыптасып, дамуы мүмкін: 
Болжамдарды анықтау және олармен келіспеу. Өзінің жеке тәжірибесі мен 
түсінігінің негізінде болжамдар мен жорамалдардың шынайылығын тексеру.  
Мәнмәтіннің  маңыздылығымен  келіспеу.  Ойымыздың  мәнмәтінмен 
үйлесуінің  маңыздылығын  түсінуге  ықпал  ету,  басқа  сөзбен  айтқанда, 
тәжірибе, құрылым мен қызметтің бірлігін қамтамасыз ету.  
Баламаларды ұсыну және зерттеу. Айқын және қисынды ойлана білу. Түрлі 
көзқарастар мен ұстанымдарды қабылдау қабілеті. Нақты және бейнелі түрде 
ойлана білу.  
Рефлексивтік  күмәндануды  дамыту.  Жалпыға  мәлім  ақиқаттан  немесе 
сұрақтың  бір  ғана  дұрыс  жауабы  болады  деуден  бас  тарту;  әркімнің  әртүрлі 
ойланатынын, қарама-қарсы көзқарастар болуы мүмкін екендігін назарға алу.  
                (Брукфильд (1987) цитата Лестерден алынған (2010: 4))         
Сын  тұрғысынан  ойлаудың  жоғарыда  аталған  аспектілерін  дамыту  үшін  Лестер 
ұсынған (2010) жаттығуларды назарға алуға болады: 
Болжамдарды анықтау және олармен келіспеу 
Шектелген тәжірибеге  негізделген  жалпылама пайымдаулар  қолайлы, алайда олар 
тұжырымдардың  негізді  болуын  қамтамасыз  ете  алмайды.  Осыған  байланысты,  болжам 
жасамас  бұрын,  көбірек  білу  үшін  болжалды  шектеулер  бар  ма  екенін  анықтап  алған 
дұрыс. Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар: 

 
Қашан сұрақ қою керек екендігін түйсіну:  мен айтылғанды дұрыс түсінем бе әлде өз 
жалған сенімім не эмоцияларыммен оны бұрмалаймын ба? 

 
Оқушылардың  мәтіннің  бір  мағынасын  ғана  ашумен  тоқтап  қалмауына  жағдай 
жасаңыз,  бірнеше рет  жүргізілген есептердің негізді  екендігін немесе оның жай ғана 
қате екендігін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. 

 
Ақпаратты жалпылау кезінде басқалар жасаған келеңсіз тұжырымдардан абай болып, 
тиянақты әрі байыпты болуға тырысыңыз.   
Мәнмәтіннің маңыздылығымен келіспеу 
 
Сын тұрғысынан ойлау дағдылары объекті мен оны қоршаған орта, объектілер мен 
идеялар  және  т.б.  арасындағы  қарым-қатынастар  жүйесін  бақылауды  қамтамасыз  етуді 
көздейді. Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар: 

 
Түрлі  тапсырмаларды  орындау  барысында  оқушылардан  түрлі  мәнмәтіндерде  фраза, 
түсінік, идеялар, бағаны қалай қолдануға болатындығын талқылауды ұсыныңыз.  
Баламаларды ұсыну және зерттеу 
Әдетте 
баламаны 
ұсына 
алу 
қабілетін 
креативті 
ойлау 
қабілетімен 
байланыстырады.  Оқушылар  ойлаудың  немесе  бірдеңені  орындаудың  бір  ғана  жолы  бар 
деп түсінбеулері керек. Осы жағдайда қолдануға болатын жаттығулар: 

 
 «Көзқарасты» өзгерту. Оқушылар мінездері әртүрлі адамдарға арнап диалог құрады 
(мысалға,  алдымен  олар  әйелдердің  пікірі  тұрғысынан  диалог  құрады,  содан  кейін 
осындай диалогты ер адамдардың пікірі бойынша құрады). 

 
 Бір  проблеманы  шешудің  әртүрлі  әдістерін  іздеу.  Мысалы,  математика  немесе 
жаратылыстану  ғылымдары  сабағында  оқушылар  бір  тапсырманы,  проблеманы 
шешудің әртүрлі тәсілдерін іздестіреді. 
Рефлексивтік скептицизмді дамыту 

69 
Оқушылар оқу барысында өздерінің дәлелдеу және  дәйектеу жүйесіне негізделген 
жеке  пікірлері  мен  идеяларын  қалыптастыруы  тиіс.  Осы  жағдайда  қолдануға  болатын 
жаттығулар: 
Талқылау барысында мұғалімдер оқушыларға: 

 
өз мәлімдемелері үшін негіздемелер мен дәлелдемелер ұсынуға; 

 
негізделмеген деп санаған мәлімдемелермен келіспеуге; 

 
расталмаған болжамдарға күмән келтіруге; 

 
пікірлер мен көзқарастарының алдын ала пішілмей, дұрыс болуына; 

 
түсініксіз нәрселерді түсіндіруді сұрауға; 

 
басқалардың  өз  көзқарасын  ұстануға  құқығын  (тіпті  онымен  келіспесе  де)  сыйлауға 
көмектесулері қажет.  
Оқушылардың сенімін нығайту  

 
Оқушыларыңыздың  қандай  да  бір  пікір  қалыптастыруына  бөгет  болмаңыз  және 
тыйым салмаңыз; 

 
Ешқашан жете бағаламауға жол бермеңіз; 

 
Әрқашан оқушыларға, олардың пікірлеріне қызығушылық білдіріңіз; 

 
Егер  оқушыларыңызда  өз  күшіне  деген  сенімділігі  жетіспей  жатса,  сізге  онымен 
жұмыс істеу қажет. 
ХХ  ғасырдағы  британ  философы  Стефан  Тулмин  былай  деген:  «Орынды, 
тәжірибеге  негізделген  дәлелдемелер  әдетте  алты  бөліктен  тұрады».  Аталған  бөліктерді 
сипаттау үшін ғалым мынадай  терминдерді пайдаланған: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет