Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата29.01.2017
өлшемі5,73 Mb.
#2947
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

 
 
 
 

78 
ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ 
 
Алғыр балаларға лайықты, алайда қабілеті төмен балаларды есептен шығармайтын 
немесе алшақтатпайтын оқу ортасын қалай құрауға болады? Ол үшін оқу қағидаттары мен 
құндылықтары  қандай  болмақ?  Химер  (2002:  3)  олардың  бірнешеуін  анықтаған,  атап 
айтқанда:  

 
Барлық балалар жоғары сапалы білім алуға құқылы. 

 
Білім  берудің  негізгі  мақсаты  –  балалар  және  жастардың  бойына  оқуға  деген 
құштарлықты  сіңіру  және  осы  білімге  деген  құштарлығын  қанағаттандыратын 
дағдылар мен психологиялық ұстанымдарды игеру үдерісіне қолдау көрсету. 

 
Мектептің  негізгі  рөлі  барлық  балалардың  білім  мақсаттарына  қол  жеткізуіне 
барынша мүмкіндік жасау болып табылады. 

 
Балалардың оқу мақсаттары – алуан түрлі. 

 
Ешкім, тіпті сол адамның өзі өзінің оқудағы толық мүмкіндігін біле бермейді. 

 
«Қабілеттер»  деген  ұғымның  дәстүрлі  анықтамасы  –  еш  нақтыланбаған,  жұмыс 
нәтижесінің жалпы сипаттамасы (болжамы). 

 
Балалардың оқу мақсаттары сұрақ қойып, сол сұрақтарға жауап іздегенде барынша 
қолжетімді болады. Бұл сұрақтарды балалардың өздері қойған тиімді болмақ. 

 
Терең  оқып-үйрену  бәсекелестік  жағдайында  емес,  бірлескен  жұмыс  жағдайында 
жүзеге асады.  

 
Бағалаудың  ең  тиімді  тәсілі  жиынтық  бағалау  (нәтижелерді  көрсету  немесе 
салыстыру  үшін  оқуды  бағалау)  емес,  қалыптастырушы  бағалау  (оқыту  үшін 
бағалау) болып саналады. Осыған байланысты, оқушының оқуға деген көзқарасын 
өзгерту  оқу  нәтижелеріне  деген  қатынасын  (баға  үшін  алаңдаушылық) 
ынталандырудан гөрі, тиімді оқуға жетелейтіні анық. 

 
Дарынды  және  талантты  балаларды  оқыту  бойынша  жалпыға  ортақ  саясат  
мынадай ұстанымдарға негізделеді: дарынды және талантты балалар сапалы білім 
алуға құқылы,  сонымен бірге өздерінің дарынды және талантты екенін білмейтін 
құрбыларының да сапалы білім алуға тең құқығы бар.  
Дарынды және талантты балаларға жоғары сапалы білім берудің көрсеткіштері мен 
дәлелдемелері,  Джон  Фрименнің  (1998:  52;  Химерде  келтірілген  2002:  60)  пікірінше, 
төмендегідей критерийлер жүйесіне сәйкес келуі мүмкін: 
 
Тапсырмаға қойылатын талаптар: 

 
Жаңа  білім  бөлек-бөлек  факты  ретінде  емес,  тұжырымдамалық  негіз  мазмұнында 
сабақтастырылып беріледі. 

 
Мұғалім проблемалы сұрақтар қою және оны шешу тәсілдерін пайдалана отырып, 
санасын дамытады. 

 
Мұғалім  оқу  үдерісін  барынша  терең  «ғылыми»  ойлау  дағдыларын 
қалыптастыратындай етіп құрады.  

 
Абстрактілі  түсініктерге,  сондай-ақ  негізгі  түсініктерге  де  ерекше  назар 
аударылады.   

 
Қолданылатын  материалдар  сапасы  жағынан  жоғары,  ал  оларды  оқыту  деңгейі 
кешенді, жаңашыл сипаттарды талап етеді.  
Тілді қолдану: 

 
Сабақтың  зияткерлік  талаптары  сабақ  үстінде  жүзеге  асатын  тілдік  қарым-
қатынастың  деңгейімен, жылдамдығы және сапасымен анықталады.  

 
Негізінен, ауызекі емес, тиісті дәрежедегі сөйлеу дағдылары қолданылады.  

 
Мақалдап, жұмбақтап сөйлеген мадақталады. 
Жауап алу: 

79 

 
Күнделікті  оқудың  маңызды  бөлігі  болып  табылады  және  ойлау  мен  проблеманы 
шығармашылықпен шешу дағдыларын дамытуға бағытталған.  
Ақпаратпен алмасу: 

 
Оқушылар  өз  құрбыларымен  бұрынғы  және  жаңа  білімдерін,  идеяларын 
салыстыра отырып, дауыстап түсіндіреді. 

 
Зерттеу  жүргізу  дағдылары  оқушылардың  өз  идеяларын  өздері  түсіндіре 
алатындай етіп ұсынылады. 
Үздік жетістіктерге ұмтылдыру: 

 
Оқушылар  жоғары  дәрежелі  жетістіктерге  қол  жеткізгені  үшін  уақтылы 
марапатталып  отырғаны  дұрыс.  Бұл  оқушылар  мен  мұғалім  арасындағы  келісімге 
сәйкес ерекше жобалар түрінде жүзеге асырылады. 

 
Мақсаттар жоғары, кәсіби деңгейде қойылады.  

 
Тәлімгерлер тағайындалады. 

 
Шығармашылық қабілеттер қалыптастырылады.  

 
Жобалар аяқталып, жұмыс тексерілуге тиіс.  
 
Сыныптың дарынды және талантты балаларға арнап дайындалуы (Гудхю, 2009) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жоспарлау  үдерісінде  саралау  маңызды  қағидат  болып  қала  береді,  осыған 
байланысты  қабілеттері  әртүрлі  бір  топ  аясында  анағұрлым  қабілетті  оқушыларға  арнап 
бір  сабақты  жоспарлау  әртүрлі  орындалуы  мүмкін.  Бұндайда  қолданылатын  тәсіл 
Дарынды және 
талантты балалар 
үшін сыныптағы 
дайындық
 
Жұмыс көлемі 
аз, бірақ ол 
алуан түрлі, 
сапалы 
Тұрақты, 
сындарлы кері 
байланыс  
Қабілеттері 
өздерінікі сияқты 
адамдармен 
ынтымақтастық 
Оқыту мен 
оқу 
стильдерінің 
жүйесі 
Ыңғайлы 
топтастыру 
Тәуелсіз және 
шығармашыл 
болу 
мүмкіндігі 
Жоғары 
деңгейлі 
сұрақтар 
Оқуды 
жетілдіретін үй 
жұмысы 
Оқу үдерісін 
жетілдіру үшін 
АКТ-ны 
пайдалану 
Сыртқы 
сарапшылар 
Идеяларды 
ойластыруға уақыт 
беріледі. Сынып 
жайдарлы  
«Оқыту мен оқуда АКТ-ны  
пайдалану» тарауын 
қараңыз 
«Сын тұрғысынан 
ойлау» тарауын 
қараңыз 
 
«Оқыту мен 
оқудың белсенді 
әдістері» 
тарауын қараңыз 
 
«Қалыптастырушы 
бағалау»  тарауын 
қараңыз 
Айырмашылығы: 
қарқыны, қолдау, 
тапсырмалар, тілдің 
қолданылуы 

80 
оқушылардың  жасына,  пәнге  және  мұғалімге  байланысты  болады.  Мысалы,  әртүрлі 
мұғалімдер пайдаланатын екі үлгі бар:  
1) ІСТЕУГЕ МІНДЕТТІ-ІСТЕГЕНІ ДҰРЫС-ІСТЕЙ АЛАДЫ 
Істеуге міндетті (істелуі тиіс нәрсе); 
Істегені дұрыс (түгел сыныпқа қажет); 
Істей алады (барынша ашық жаттығулар). 
 
2) НЕГІЗГІ БІЛІМГЕ ЖЕТІЛДІРУДІ ҚОСУ 
  
 
 
 
 
 
 
 
Білімді жетілдіру 
Дарынды  және  талантты  оқушыларға  арналған  эксперименталды  стратегияның 
мәні  сыныпта  және  сыныптан  тыс  кеңейтілген  оқу  жоспарын  ұсынумен  айқындалады. 
Оқушылардың  оқуын  ынталандырып,  олардың  қабілетін  арттыратын  қызықты  және 
маңызды  тәжірибемен  қамтамасыз  ету  мақсатында  оқу  жоспарын  толықтыру  қажеттілігі 
туындайды.  Оқушыларды  ойлануға,  өз  көкжиектерін  кеңейтуге  ынталандыру  керек. 
Осылайша Грэм Кентке (1996: 44) сәйкес, "кеңейту үдерісі алуан түрлі жауап беріп, алуан 
түрлі  шешім  табуға  мүмкіндік  бере  отыра,  қабілетті  балалардың  сөйлеу  қарқынына 
көмектесуі  қажет.  Бұл  идеялармен,  жағдайлар  және  әдістермен  тәжірибе  жасауға 
көмектесе  отырып,  балалардың  ептілігін  дамытпақ,  балаларға  ойлау  қабілетін  пайдалана 
отырып, өзіндік ерекшелігін қалыптастыруына мүмкіндік бермек. Ол балаларды өздерінің 
қосымша  идеяларын  және  басқалардың  идеяларын  пайдалана  отырып,  жауаптарын 
жетілдіруге итермелеуі қажет". 
Гудхю  (2009:  80)  белгілеген  дарынды  және  талантты  балаларды  сыныптағы 
жұмысқа жұмылдыру жөніндегі жалпы ұсыныстар 
1.  Дарынды  және  талантты  балалар  үшін  жұмыс  санымен  емес,  сапасымен 
ерекшеленетініне  көз  жеткізіңіз,  дарынды  оқушылар  басқаларынан  көп  тапсырма 
орындамауы керек.   
2.  Джон  Фримен  атап  көрсеткен  «үш  қайталау»  проблемасынан  аулақ  болыңыз; 
бірінші  –  бүкіл  сыныпқа  тапсырманы  түсіндіру,  одан  кейін  тыңдамағандарға  арнап  бір 
Барлық 
оқушылар-  
Негізгі 
тапсырма 
БАҒАЛАУ 
                                                    
Негізгі тапсырма 
бойынша үздіксіз 
жұмыс істеу 
Табысты оқушылар 
нәтижеліліктің жоғары 
деңгейін талап ететін 
кеңейтілген тапсырмаларды 
шешуге көшеді
 

81 
қайталау, кейіннен тағы да бір рет – жай ғана, барлығының есіне тағы бір рет түсіру үшін. 
Қайтадан түсіндіруді соған мұқтаж оқушылар үшін ғана қайталау қажет. 
3.  Көбірек  ынталандыруға  мұқтаж  және  сыныптағы  алуан  түрлі  тапсырмалармен 
жұмыс  істей  алмайтын  оқушыларға  тапсырма  беру  үшін  әрбір  оқушыға  арнап  жеке  үй 
тапсырмасын дайындаңыз. 
4.  Тапсырмаларды  орындауды  ерте  бітіретін  оқушылар  үшін  кабинет  бұрышында 
қызықты  жұмбақтары  бар  қорап  қойып  қойыңыз  (кейбір  оқушылар  мұғалімнің  кері 
байланысына/қатысуына мұқтаж болады). 
5.  Сабақтың  соңында  пайдалану  немесе  жұмысты  басқа  топтартан  бұрын  бітірген 
топқа  беру  мақсатында  ойлауды  дамытуға  бағытталған,  тез  шешуге  болатын 
тапсырмалары  бар  қорабыңыз  болсын.  Әрбір  оқушының  даралығын  дамыту  үшін 
сараланған тапсырмаларды дайындау ұсынылады. 
6.  Тақырыпты  тереңірек  қарастыруды  қалайтын  оқушыларға  арнап  пайдалы  веб-
сайттар  тізімін  құрастырыңыз.  Бұл  істе  мұғалімге  мектеп  кітапханашысы  көмектесе 
алады.  
7.  Зерек  оқушылардан  талқылау  кезінде  айтылған  негізгі  ұғымдарды,  ойларды 
тақтаға жазып отыруды сұраңыз. 
8. Сабақ басында зерек оқушылар тобынан жалпы сабақты дайындауды өтініңіз. 
9.  Редакцияланған  мәтіндерді  қолданған  кезде  анағұрлым  қабілетті  деген 
оқушыларға мәтіннің толық түпнұсқасын қарастыруға мүмкіндік беріңіз. 
10.  Кейде  қабілетті  оқушылардың  белгілі  бір  идеяларды  нақты  баяндау  үшін 
пайдаланатын  сөздер  санын  шектеңіз.  Ол  қабілетті  оқушылардың  тілді  нақты 
пайдалануына мүмкіндік береді. 
11.  Сыныптағы оқу үлгерімін жақсарту мақсатында оқушылардың дарындары мен 
қабілеттерін  әртүрлі  салаларда  қолданыңыз.  Мысалы,  суырыпсалмалығы  бар  оқушыға 
сабақтағы  тақырыпқа  байланысты  рэп  шығаруды  ұсыныңыз;  жобалаумен  айналысатын 
оқушыға  география  сабағында  белгілі  бір  ландшафттың  моделін  жасау  тапсырмасын 
беріңіз.  
12. Уақытты көңілді өткізіңіз. 
 
 
 

82 
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ 
 
Қалыптастырушы  бағалау  кезінде  қолданылатын  негізгі 
стратегиялар 

 
Сыныпта  барлық  оқушылар  қабілеттілікті  тұрақты  емес,  өспелі  ұғым  ретінде 
қарастыратын орта құру. 

 
Оқушыларды  сабақтың  мазмұнын,  сондай-ақ  оның  не  мақсатпен  жүргізілетінін 
көрсететін жоспарлау үдерісіне тарту. 

 
Оқу мақсаттарын түсіндіру және оқушылардың табыс критерийлерін белгілеу.  

 
Сыныпта  тиімді  әңгімелесу  және  мақсатты  жауап  алу  тәсілдерін  пайдалану  және 
жоспарлау. 

 
Оқушыларды оқуда табысты болу туралы сараптамалық пікірталасқа тарту – табыс 
критерийлеріне  сәйкес  болып  қана  қоймай,  осы  критерийлерге  қалайша  сәйкес 
болу қажеттілігін білу. 

 
Оқушыларға  өзара  және  өзін  өзі  бағалау  жөніндегі  жақсы  сарапшы  болуға 
мүмкіндік беру.  

 
Жетістік  пен  жетілдірудің  неден  тұратынын  анықтауға,  түсініктемелерге  сәйкес 
жұмыс  істеуге  уақыт  беруге  баса  назар  аудара  отырып,  оқушылар  мен 
мұғалімдерге  уақытында  шолу  жасап,  кері  байланыс  орнатуға  үздіксіз  мүмкіндік 
беру. 
 
Қалыптастырушы  бағалаудың  осы  стратегиялары  мұғалімдерге  де,  оқушыларға 
да  міндеттер  мен  әдістерге  қатысты  қабылданатын  шешімдерді  реттеуге  болатын 
құрылым ұсынады. Әдістер өзгеріп отырады және стратгияларды орындауда қолдануға 
болатын  көптеген  тәсілдер  баршылық,  бірақ  қағидаттар  тұрақты  әрі  негізді  болуы 
қажет. Әртүрлі мұғалімдер әртүрлі жастағы балалармен жұмыс істегенде қолданатын 
әдістер  алуан  түрлі  болып  келеді,  бірақ  тиімді  тәжірибе  үшін  соңғы  критерийлер 
жүйесін құрастыратын стратегиялар мен қағидаттар үнемі бір. 
 
Оқыту үшін 
бағалаудың негізгі 
сипаттамалары 
Сабақтағы педагогикалық 
стратегиялар мысалдары 
Білім алуға әсері 
Оқушылармен 
оқу 
мақсаттарымен бөлісу 
Мұғалім:  
• мақсаттарды түсіндіреді; 
•  жұмыс  барысында  сүйену  үшін 
оқушыларға  мақсаттар  жазылған 
қағаз береді; 
• 
түсінгенін 
тексеру 
үшін 
оқушыларға сұрақ қояды. 
Оқушылар: 
• нені оқу керектігін нақты 
түсінеді. 
Оқушыларға 
бағытталған 
стандарттарды 
біліп, 
түсінуіне көмектесу 
Мұғалім:  
• 
табыс 
критерийлерін 
түсіндіреді;  
• 
оқушылардың 
алдыңғы 
жұмыстарынан  мысалдар  келтіре 
отырып, 
жетістік 
моделін 
жасайды; 
• 
жалпысыныптық 
талқылау 
кезінде 
берілген 
жұмыстың 
жақсы жақтарын атап көрсетеді. 
Оқушылар: 
•  өздеріне  бағытталған 
стандарттарды 
жақсы 
түсінеді; 
• 
жақсы 
жұмыстың 
сипатын түсінеді. 
Оқушыларды 
өзара 
және  өзін  өзі  бағалауға 
Мұғалім:  
•  жұмыс  барысында  сүйену  үшін 
Оқушылар: 
• 
оқудағы 
прогресті 

83 
тарту 
оқушыларға  мақсаттар  жазылған 
қағаз береді;  
• өз қажеттіліктерінің тұрғысынан 
оқытудың  нәтижелерін  өздерінше 
түсіндіруге көмектеседі; 
•  оқушылар  өз  жұмыстарын 
өздері  сипаттап,  жақсарта  алуы 
үшін 
талқылауға 
мүмкіндік 
береді; 
•  оқушыларға  не  білгені  туралы 
ойлануына уақыт береді. 
бағалайды; 
•  өз  жұмыстарын  қалайша 
жақсарту 
керектігін 
анықтайды; 
•  сыншы  дос  ретінде  пікір 
білдіреді. 
Оқушыларға  өздерінің 
келесі 
қадамдарын 
және  оны  қалай  жасау 
керектігін 
түсінуге 
мүмкіндік беретін  кері 
байланыс орнату 
Мұғалім:  
• 
топтағы 
оқушылардан 
өз 
жұмысы туралы сұрайды;  
• 
ауызша 
кері 
байланысты 
қамтамасыз етеді;  
•  бір-бірінен  қалып  қоймауына, 
оқуда  келесі  қадамдар  жасауға 
көмектесу 
үшін 
жауаптардан 
бастайды; 
•  барлық  сыныптың  талқылауы 
кезінде 
әртүрлі 
аспектілерді 
жетілдіру 
мүмкіндіктерін 
көрсететін  жұмыс  мысалдарын 
қолданады. 
Оқушылар: 
•  алдағы  уақытта  не  істеу 
керектігін  барынша  айқын 
түсінеді; 
• келешекте не болатынын 
талқылай алады; 
• 
сыныппен 
бірігіп 
талқылау 
кезінде 
бір-
бірінен  өзін  өзі  жетілдіру 
тәсілдерін үйренеді. 
Әрбір  оқушының  өзін 
өзі 
жетілдіре 
алатындығына  сенімін 
нығайту 
Мұғалім: 
 •  жағымды  және  сындарлы  кері 
байланыс орнатады;  
•  оқу  мақсаттарын  оқушыларға 
түсінікті 
деңгейде 
белгілей 
отырып, 
олардың 
қажеттіліктерімен 
сәйкестендіреді; 
•  табыстарын  мадақтап,  алға 
мақсат қояды; 
•  ассистентпен  ынтымақтастықта 
жұмыс істейді. 
Оқушылар: 
•  тапсырманы  орындап, 
қолы бос болмайды; 
• өз прогресіне қуанады; 
• 
өзін 
өзі 
жетілдіре 
алатындығын сезінеді. 
Мұғалімдер 
мен 
оқушыларды 
ақпаратты 
бағалау 
үдерісін  қарастыруға 
және талқылауға тарту  
Мұғалім:  
•  оқушылармен  қол  жеткізілген 
жетістіктер туралы үнемі сөйлесіп 
отырады; 
•  оқу  мақсаттары  мен  табыс 
критерийлері 
туралы 
үнемі 
оқушылардың 
есіне 
салып 
отырады;  
• 
мұғалімнің 
бағасы 
мен 
оқушылардың өзара және өзін өзі 
бағалауының 
үндесуін 
қадағалайды; 
•  топтық  ой  қорыту  әдістерін 
тиімді  қолданады  (мысалы,  «қол 
көтермей-ақ»  жауап  алу  және 
Оқушылар: 
• оқуы туралы ойланады; 
•  оқу  мақсаттары  мен 
жетістік 
өлшемдеріне 
назар 
аударуын 
анықтайды; 
•  өзінің  жетістіктері  мен 
құрбыларының 
жетістіктерін 
салыстырады; 
 •  өз  оқуы  үшін  жауап 
береді; 
•  жоғары  деңгейде  жұмыс 
істеп,  жетістіктерге  қол 
жеткізеді. 

84 
жұппен талқылау т.б.). 
 
Оқушылармен оқу мақсаттарымен бөлісу 
Оқу мақсаттарын жазу (жалпы негіздері) 
 Сабақ соңына қарай оқушылар: 
•  ...  білетін  болады  (білім:  нақты  ақпарат,  мысалы,  есімдер,  жерлер,  белгілер, 
формулалар, оқиғалар); 
•  ...  жетілдіреді/істей  алады  (дағдылар:  білімдерін  қолдану,  әдістерді  пайдалану, 
ақпаратты талдау және т.б.); 
•  ...  қалай  екенін/неге  екенін  түсінеді  (түсінік:  ұғымдар,  себептер,  әсерлер, 
қағидаттар, үдеріс және т.б.); 
•  ...  қалыптастырады/білетін  болады  (қарым-қатынастар  мен  құндылықтар
аяушылық,  қамқорлық,  әлеуметтік  мәселелерге  түсіністікпен  қарау,  сезімдер, 
адамгершілік мәселелері және т.б.). 
Оқу мақсаттары оқушылардың қалай оқитындығына бағытталуы мүмкін (мысалы, 
өзара бағалау өзінің жұмысын жақсартуға қалай көмектесе алады). 
 
Оқу мақсаттарын белгілеу 
•  Оқыту  мақсаттары  оқу  мақсаттарын  даралап  оқытуға  бағыттауға  мүмкіндік 
береді. 
•  Негізгі
 
пәндер  бойынша  жұмыс  жоспарларында/зерттеу  тарауларында  орта 
мерзімді оқыту мақсаттары берілген. 
• Көптеген сабақтарда екі немесе үш мақсатты көздеген дұрыс болады.  
•  Кейбір  оқу  мақсаттары  оқушылардың  үлгерімін  жақсартуға  қатысты  болуы 
мүмкін (мысалы, ойлау қабілетін немесе оқыту стратегиясын дамыту). 
• Бір оқу мақсаты оқуда бірқатар нәтижелерге қол жеткізуді көздеуі мүмкін. 
•  Мақсаттар  мен  күтілетін  нәтижелер  оқушыға  түсінікті  тілмен  жазылған  кезде, 
олардың  сұрақты  дұрыс  қойып,  жалпы  ақпарат  дайындауға  көмектесуде  ықпалы  зор 
болмақ. 
 
Оқу мақсаттарын пайдаланудың қолданыстағы тәжірибесін жеке бағалау 
 
Ағымдағы 
тәжірибені 
көрсетеді 
Одан әрі 
жетілдіру 
қажет 
Ерекше назар 
аудару қажет 
Оқу мақсаттарымен алмасу 
 
 
 
Сабақтардың  оқу  мақсаттары  орта 
мерзімді 
жоспарлардағы 
оқыту 
мақсаттарымен үндес болуы мүмкін. 
 
 
 
Әр 
сабақтың 
оқу 
мақсаттары 
оқушылардың  назарына  жеткізілген 
және  бұл  тапсырманы  түсіндіруден 
бөлек мәселе. 
 
 
 
Егер  сабақ  үстінде  сұрақ  қойылса, 
оқушылар  нені  және  неліктен  оқып 
жатқандығын түсіндіре алады. 
 
 
 
Жауап алу мен түсіндіру сабақтың оқу 
мақсаттарына бағытталған. 
 
 
 
Күтілген  оқу нәтижелерімен алмасу    
 
 
Оқудың  нәтижелері  мұғалімдердің 
жоспарларында 
белгіленген 
және 
табысты  оқыту  қандай  болатындығын 
көрсетеді. 
 
 
 

85 
Оқудың 
нәтижелері 
барлық 
оқушыларға  ортақ  болып  табылады, 
әрі олармен талқыланып, келісілген.  
 
 
 
Әрбір  оқушының  оқу  мақсаттарына 
жетуде  табысты  болуын  қамтамасыз 
ету  мақсатында  оқудың  нәтижелері 
сараланған.  
 
 
 
Егер  сабақ  үстінде  сұрақ  қойылса, 
оқушылар  жетістікке  жету  үшін  не 
істеу керектігін түсіндіре алады.   
 
 
 
Оқу  нәтижелері  оқушылармен  кері 
байланыс орнатып, олармен пікірталас 
жүргізудің негізі бола алады.  
 
 
 
 
Өзара және өзін өзі бағалау 
Төмендегі жағдайларда өзара және өзін өзі бағалау анағұрлым тиімді болмақ: 
•  оқушылар  оқу  мақсаты  және  күтілетін  оқу  нәтижелері  туралы  хабардар  болған 
жағдайда  (мақсат  пен  сабақтан  күтілетін  нәтижелер  қосымша  жаттығу  емес,  сабақтың 
әдеттегі  элементтерінің  бірі  бола  отырып,  оқуды  бақылаудың  ажырамас  бөлігі  болып 
табылады); 
•  оқушылар  неге  қол  жеткізгендігін  және  нені  жақсарта  алатындығын  анықтау 
үдерісінде олар орталық фигура болған жағдайда. 
Өзара  және  өзін  өзі  бағалау  кезінде  оқушылардың  дағдыларын  дамыту 
стратегиялары 
Мұғалімдер  өзара  және  өзін  өзі  бағалау  үдерісін  жүзеге  асыру  барысында 
қолданатын  көптеген  тәжірибелік  стратегиялар  бар.  Солардың  кейбіреулері  төменде 
келтірілген. 
 
Бүкіл сыныптың жалпы жұмысы 
Егер  сабақта  бүкіл  сынып  болып  жұмыс  істеу  кезінде  негізгі  мәселе  тақырыпты 
талқылау  немесе  оған  шолу  жасау  болса,  балама  тәсіл  ретінде  оқушылардың  шағын 
тобынан сыныпқа сабақтың оқу мақсатын еске салуды ұсынуға болар еді. 
Оқушылар  өздерінің  прогрестерін  және  алдағы  уақытта  қандай  қадамдар  жасау 
керектігін қарау үшін талқылау жүргізуі мүмкін. Бұл стратегия оқу мақсаты мен күтілетін 
оқу  нәтижелерін  оқушыларға  хабарлап  отыру  бүгінгі  күні  күнделікті  әдеттегі  іс  болып 
отырғанын айқындайды. 
Осындай стратегияны іске асыруда төмендегідей тәсілдерді қолдануға болады: 
1.  Оқушыларға  алда  бүкіл  сынып  болып  жұмыс  істейтін  жаттығулар 
қолданылатындығын, ондай жұмысты жүргізу тәсілдері туралы хабардар етіңіз. 
2. Оқушыларға олардың нені білгенін, нені әлі де дамыту қажет екендігін анықтау 
мақсатында олардың қалай сөйлеуге болатынының моделін көрсетіп, оны қалай қолдануға 
болатынын айтыңыз. 
3.  Оқушылардың  кез  келген  тобына  жалпы  сыныптық  жұмысты  өткізуге  көмек 
сұраудан бұрын оларға ондай жұмыс өтетіндігі туралы  алдын ала хабарлаңыз.  
4.  Жалпы  сыныптық  жұмысты  басқаруға  көмектесуді  өтінген  кезде,  әрбір  сабақ 
сайын олардың өзіне деген сенімі арта түседі.  
5.  Оқушыларға  топтың  ұсынған  қандай  да  бір  тұжырымдарымен  келісетіндігін 
немесе келіспейтіндігін топ ішінде  қысқаша талқылау туралы өтініш жасаңыз. 
6. Оқушыларға қосымша және көмекші тармақтарды ұсыну туралы өтініш жасаңыз. 
7.  Жалпы  сыныптық  жұмысты  жүргізіп  отырған  оқушыларға  өз  тарапыңыздан 
толыққанды және сыпайы қолдау көрсетіңіз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет