Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек


Кәсіби педагогикалық практикада студент құқылы



бет23/45
Дата13.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#100828
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
Байланысты:
3-course-diary

Кәсіби педагогикалық практикада студент құқылы: кәсіби практика барысында студент-практикантқа бекітілген сынып пен оқушылар тобында ғылыми-шығармашылық зерттеу жұмыстарын атқаруға; практика базасындағы оқу-тәрбие процесіне қажетті құрал-жабдықтар мен әдістемелік нұқаулық, кітаптар қорын пайдалануға; практика барысында ұйымдастыру мен жетілдіру мақсатында тиісті тұлғалар мен органдарға өз ұсыныс-тілектерін білдіруге; мамандық бойынша айлық ақысы бар, бос орынға жұмысқа тұруға құқылы.
Білімгер педагогикалық практиканы өту барысында міндетті:

  • педагогикалық практика портфолиосында қарастырылған тапсырмаларды толық орындауға;

  • практика базасы болып табылатын білім беру мекемесінде қалыптаскан
    ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға;

  • педагогикалық практика әдіскерлеріне қажетті есеп құжаттарын тапсыруға.

Кәсіби педагогикалық практика уақыты:
1 курста:1 семестре, 2апта; 2 курста:3 семестре, 2апта; 3 курста:6 семестре, 5апта; 4 курста:8 семестре, 10апта.
Кәсіби педагогикалық практика базалары: НЗМ, жалпы орта білім беретін мектептер, арнайы мектеп-интернаттар, балабақшалар, т.б.
Танысушы практикада (1-курс): студент білім беру мекемелерінде іс құжаттарымен, басқару жүйесімен танысады, пән мұғалімі мен сынып жетекшісімен сұхбаттасады, оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарымен сынып оқушыларымен танысады және сабаққа қатысып, бақылау парағын толтырады,оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасына психо-педагогикалық бақылау, оқушы іс-әрекетіне мониторинг жасау, сауалнама, сабақтарға сараптама жұмыстарын атқарады.
Бейімдеуші практикада (2-курс): студент білім беру мекемесінің ерекшелігіне сай оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін ажыратады, педагогтың қызметтерін, пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмыстарының жоспарын жасауды үйренеді,өз бетінше тәрбие сағатын ұйымдастырып, өткізеді, сабаққа қатысып, бақылау парағын толтырады.
Қалыптастырушы практикада(3-курс): студент сынып жетекшісі және пән мұғалімімен оқу-әдістемелік жоспарларды құрады, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады, өткізеді, талдау жұмыстарын атқарады, оқушылармен қарым-қатынас технологиясын меңгере отырып, жүзеге асырады, ғылыми-зерттеу, кәсіби бағдарға байланысты іс-шараларды атқарады, мәліметтерді сараптайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет