Кәсіби педагогикалық практикада студентке қойылатын біліктілік талаптары - практика кезінде:
1-курс студенті мектепте күніне 5 сағат болуы тиіс: оның 4 сағаты бекітілген сыныпта сабаққа қатысуға, 1 сағаты тиісті жұмыстарды атқаруға (мектеп құжаттарымен танысу, мектеп директоры, орынбасарларымен сұхбаттасу, сынып жетекшісі, пән мұғалімі іс-тәжірибесін меңгеру, сынып және оқушы тұлғасын психо-педагогикалық бақылау, зерттеу, мәліметтерді сараптау, есеп құжаттарын дайындау) бөлінеді.
2-курс студенті мектепте күніне 5 сағат болуы тиіс: оның 4 сағаты бекітілген сыныпта сабаққа қатысу, 1 сағаты тиісті жұмыстарды атқаруға (іс-тәжірибені меңгеруге бағытталған шебер-сыныптарға қатысу, оқушы іс-әрекетін диагностикалау, мониторинг жасау, зерттеу, 1 тәрбие сағатын сынып көлемінде өткізу, мәліметтерді сараптау, есеп құжаттарын дайындау) бөлінеді.
3-курс студенті мектепте күніне 6 сағат болуы тиіс. Барлығы 10-нан кем емес 4 сынама, 2 сынақ сабағының және 4 өз бетімен қатысқан пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің сабақтарының жоспары мен анализі жинақталады. Оқушылармен жұмыстарға мониторинг жасау, мәліметтерді сараптау, есеп құжаттарын дайындау жүзеге асады.
4-курс студенті мектепте күніне 6 сағат болуы тиіс. Барлығы 15-тен кем емес 8 сынама, 2 сынақ сабағының және 5 өз бетімен қатысқан пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің сабақтарының жоспары мен анализі жинақталады. Оқушылармен жұмыстарға мониторинг жасау, мәліметтерді сараптау, ғылыми-шығармашылық жұмыстар (диплом) нәтижесін шығару, есеп құжаттарын дайындау жүзеге асады.
Кәсіби педагогикалық практикада студентке қойылатын біліктілік талаптары – практикадан кейіністей алуы тиіс: мектептің оқу-тәрбие процесінің құрылымдық, басқару жүйесіне сай өзіндік іс-әрекетті жоспарлау, анализдеу, бағалау; оқушылармен оқу-тәрбие жұмыстарын іске асыра алу.
Кәсіби педагогикалық практикада студент меңгеруі тиіс:
- педагог қызметтерінің ерекшеліктерін;
- педагог іс-әрекетін жоспарлау білігін;
- ұжымдық және оқушымен жеке қарым-қатынас әдістерін.
Достарыңызбен бөлісу: |