Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек



бет17/45
Дата13.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#100828
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Байланысты:
3-course-diary

Кәсіби практиканың міндеттері:
- білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие жүйесі жұмыстарын жүргізуді жоспарлау мен ұйымдастыру жолдарын меңгеру;
- оқушылармен педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыруда білімділік, тәрбиелік, дамыту функциялары атқару дағдысын қалыптастыру;
- теориялық білімін тәжірибеде қолдану мен тәрбие жұмыстарын жүргізу білігін қалыптастыру;
- сабаққа сараптау жасау, оқушының іс-әрекетін талдау, өзіндік кәсіби рефлексия жасау икемділігін дамыту;
- студенттердің педагог мамандығының әр уақытта сұранысқа ие, мәртебелі, беделді кәсіп ретінде қызығушылығын, кәсіби даярлығы мен тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
Кәсіби педагогикалық практиканың атқаратын қызметтері (функциялары):
Студентке кәсіби қызметті терең меңгерту үшін кәсіби педагогикалық практика бірнеше қызметтер атқарады:
1) танымдық – студенттер білім беру мекемемесінің негізгі бағыттарымен, ұйымдастыру жұмыстарының шарттары мен кәсби қызметтерінің мазмұнымен танысу;
2) бейімделушілік – кәсіби қызметтің талаптары мен шарттарына сай білік пен дағдыны қалыптастыру;
3) бағыттаушылық - студенттерді кәсіби қарым-қатынаста кәсіби қызметтің қиындықтары мен проблемаларын көруге, кәсіби практиканы өту мерзімі кезіндегі мектептің қызмет жоспарын білуіне бағыт алу;
4) зерттеушілік - озық іс-тәжірибелермен танысу, іздену, кәсіби шығармашылықты, құзіреттілікті дамыту;
5) тәрбиелік - кәсіби тұлғалық қасиеттері мен кәсіби шеберлігін дамыту;
6) оқытушылық - кәсіби білім, білік, дағдылардың меңгерілу және іске асырылуы;
7) дамытушылық - кәсіби қабілет, ойлау, кәсіби қызметінің дара жолын дамыту;
8) рефлексивтік - теориялық білімін практикалық шыңдаудың сараптамасын жасаудағы кері байланыс;
9) диагностикалық – практика барысындағы кемшіліктер мен даярлықты арттыруды анықтауға өзіндік талдау жүргізу, болашақ маманның күшті және әлсіз жақтарын анықтау, өзін өзі жетілдіру бағыты;
10) ынталандырушылық - болашақ маманның өзін өзі тәрбиелеуі мен өз бетімен білімін жетілдіруге белсендендіру, өзін өзі кәсіби қалыптастыруға итермелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет