Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек


Кәсіби педагогикалық практиканың жалпы ережелері –



бет18/45
Дата13.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#100828
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
Байланысты:
3-course-diary

Кәсіби педагогикалық практиканың жалпы ережелері – кәсіби педагогикалық практиканы ұйымдастыруды реттеу, студент білімін бекіту, практикалық дағды мен құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Онда практика мақсаты мен міндеттеріне сай курстық практика мазмұны нақты көрсетіледі.
Кәсіби педагогикалық практикаға басшылық және жетекшілік ету – студенттердің педагогикалық практикасын ұйымдастыру және өткізу университет басшысы мен білім беру мекемесінің директорының келісім-шарты негізінде жүзеге асады. Педагогикалық практика базалары мектептің материалды-техникалық мүмкіндіктерін, мұғалімдердің шығармашылық потенциалын, сынып-комплектілерін, оқу-әдістемелік, тәрбиелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейлерін, олардың мамандану ерекшелігін, басқа да нақты жағдайларды есепке ала отырып таңдалады. Оны бақылау және әдістемелік көмек беру факультет деканы, кафедра меңгерушісі, практика бөлімі басшысы, факультеттің педагогикалық практика жетекшілеріне, пәндер бойынша және тәрбиелік жұмыстар бойынша әдіскерлерге жүктеледі.
Университет кафедралары:

  • кәсіби педагогикалық практикалардың оқу-әдістемелік кешендерін дайындайды;

  • студенттерге, әдіскерлерге және базалық білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған әдістемелік нұсқаулар, құралдар (портфолио) құрастырады;

  • жетекші әдіскерлерді бөледі;

  • практикаға дейін дайындығын жетілдіру мақсатында және практикадан соң қорытынды конференциялар ұйымдастырады.

Пән әдіскері:

  • кәсіби педагогикалық практика алдында студенттердің психологиялық-педагогикалық, әдістемелікжәнеарнайы пәндербойынша білімдерін жетілдіріледі;

  • студенттердің сабаққа және сыныптан тыс жұмыстарға дайындалуларына кеңес береді, жоспарлары мен конспектілерін тексеріп бекітеді, сабақтарын талдап, бағалайды және жеке жұмыс жоспарларының орындалуын қадағалайды;

  • студенттердің практика соңында өткізген құжаттарына сараптама жасайды, практика нәтижесі бойынша есеп дайындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет