Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек



бет26/45
Дата13.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#100828
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Байланысты:
3-course-diary

Оқушылар ережесі - жалпы ережелер, жүріп-тұрудың жалпы ережелері, оқушылардың мектепке келуі мен кетуі, оқушылардың сыртқы көрінісі,оқушылардың сабаққа дейінгі, сабақ кезіндегі, сабақтан кейін өзін өзі ұстау ережесі, үзіліс кезіндегі оқушының міндеті, тәртібі, оқушыларға қатаң тыйым салынатын жағдайлар,сабақтан тыс уақыттағы тәртібі, жазалау шаралары, т.б. туралы мәліметтер жазылады.
Жолда жүру ережесі – мақсаты, көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер, жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары,  мемлекеттік стандарттар, т.б. жазылады.
Қауіпсіздік ережесі –сабақ барысында тазалықты және еңбек қауіпсіздігін сақтау, өрт қауіпсіздігі, суда жүзу, жол қозғалысы туралы тәртіп пен сақталатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтер беріледі.
Ата-аналар ережесі – ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, ата-аналарға қойылатын мектептің ішкі тәртібі, жұмысы, т.б. жөнінде ақпарат беріледі.
Ата-аналар комитеті - ережесі, негізгі міндеттері, қызметі, құқығы, жауапкершілігі, іс жүргізу жұмысы, т.б. туралы мәліметтер жазылады.
Мектеп музейі – музей тарихы, мақсаты, қоры, бағыты, жұмысы, т.б. туралы мәліметтер беріледі.
Мектептегі үйірме – сыныптан тыс жұмыстар жұмыстар түрі, үйірмелер, бағыты мен түрлері, мақсаты, жоспары, т.б. мәліметтер жазылады.
Әдіскер белсенділігіне бағытталған нұсқау - студент-практикант тапсырмаларды орындау барысында жинақталған мәліметтерді, қайда, қалай сақтау, қорындылар мен нәтижелерді қалай сараптау қажеттігі туралы бағыт-бағдар береді.
Кәсіби сұхбат – студент-практиканттың мекеменің тәрбие, оқу-әдістемелік, ғылыми істері жөнінде мәліметтер алу үшін ұйымдастырылады. Сұхбатты ұйымдастырушылар мекеменің тәрбие, оқу-әдістемелік, ғылыми істеріне қатысты нормативтік, құқықтық құжаттар мен жетістіктері туралы ақпараттармен танысу мақсатында құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет