Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек


Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері



бет31/45
Дата13.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#100828
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
3-course-diary

Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату.
2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
3. Ата–аналар ұжымын құру.
4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.
Ата–аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі
1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.
2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.
4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.
5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.
Ата-аналар жиналысына дайындалудың кезеңдері:
1-кезең. Ата-аналар жиналысын ұйымдастыру.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты сынып жетекшісі барлық ата-аналардың қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. Оқушылардың оқу жетістіктері мен мінез-құлық ерекшеліктері айтылатын болғандықтан, барлық пән мұғалімдерімен алдын-ала сұхбаттасу қажет. Әр оқушының үлгерім парағы толтырылуы тиіс. Сыныптың өмірін көрсететін альбомдар, бейне материалдарды даярлау, балалары конкурстар мен олимпиадаларға қатысқан ата-аналарға алдын ала алғыс хат жазу сияқты жұмыстарды атқаруы тиіс.
2-кезең. Жиналыс сценарийін даярлау және өткізу.
Педагогтың шығармашылығына байланысты ата-аналар жиналысының жоспары да алуан түрлі болады. Бірақ кез келген жиналыста: сынып оқушыларының оқу жетістіктеріне талдау жасау, ата-аналарды сыныптың әлеуметтік эмоциялық ахуалымен таныстыру, психологиялық- педагогикалық ағарту, ата-аналармен жеке сұхбаттасу жүзеге асады.
3-кезең. Ата-аналар жиналысының қорытындысын шығару.
Жиналыс қорытындысында қажетті шешімдер шығару, жинақтау, пікірлер мен тілектерді жинақтау.
Ата-аналармен атқарылатын жұмыстардың формалары:
Жеке кеңес беру
Ата-аналармен сұхбаттасу нәтижесінде жақсы қарым-қатынас орнауына көмектесуі тиіс. Сынып жетекші әрбір ата-ана мен оқушы туралы неғұрлым көп мәлімет алған сайын, қарым-қатынас орнатуға және оқушының қалыптасуы үшін қалыпты жағдай жасауға мүмкіндігі көп болмақ.
Тақырыптық кеңес беру
Мұғалім мен ата-аналардың арасында қажет болған жағдайда мамандар тарапынан берілетін бағыт-бағдар, қарым-қатынасты оңтайлы қалыптастырудың жолы.


Әңгімелесу
Ата-аналар мен оқушылар арасында сенімді қарым-қатынас орнату үшін, педагогикалық ситуациялардың шешімін табуға немесе жария етуге болмайтын жағдайда сынып жетекші ұйымдастырып отырады.
Ата-аналар оқуы
Ата-аналар мұғалімдердің дәрісін тыңдап қана қоймай, осы проблема төңірегінде басқа ата-налармен ой-пікірін бөлісу үшін ұйымдастырылады.
Ата-аналар кеші
Сынып жетекшісі мен ата-аналар ұжымы арасындағы ресми емес жағдайда түрлі мәселелер бойынша ашық пікірін айтып, ақыл-кеңес сұрап, көмекке зәру жандарға қол ұшын беруге ұсыныс жасауға мүмкіндік береді.
Ата-аналар тренингі
Отбасындағы кейбір бала тәрбиесіндегі келелі мәселелерді шешудің жолдарын, ана мен бала, әке мен бала арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігіне бағытталған тың идеялар мен ұсыныстар, білім мен тәжірибе қажеттігін түсінетін ата-аналармен белсенді жұмыс формасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет