Кәсіби сауалнама: мектеп ұжымымен және мұғалімдермен жақынырақ танысу және тәжірибе алу мақсатында жүргізіледі. Сауалнама сұрақтарын өзгертуге, толықтыруға және көбейтуге болады («Сіз қандай педагогсыз?» сауалнамасы).
Бағыттаушы шебер сыныптар – мекеменің тәрбие, оқу-әдістемелік, ғылыми ісі жөніндегі директор орынбасарларымен жүргізіледі, оны университет әдіскері ұйымдастырады. Мекеменің инновациялық тәрбие, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі мәліметтер жинақталады.
Сабаққа қатысу парағы – студент-практикант қатысқан сабақтың күні, пәні, сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні, сабақ өткен сынып, сабақ тақырыбы, сабақтың мақсаты, мұғалімнің АҚТ қолдануы, сабақтағы қолданылған әдістер, пәнаралық байланыс, сабақ барысы, рефлексия жазу үшін толтырылады.
Сынып оқушыларының физиологиялық даму кестесі – мекеме медбикесінен алынған сынып оқушыларының медициналық мәліметі, яғни оқушы жасы, салмағы, бойы, жүрек соғысының жиілігі, орташа қан қысымы, физиологиялық жағдай деңгейі туралы мәліметтер толтырылады.
Сыныптың психо-педагогикалық ахуалын бақылау - психо-педагогикалық бақылау 3 түрлі жағдайда жүргізіледі: оқушы мен сынып жетекшісінің сынып сағаты кезіндегі, оқушы мен сынып жетекшісінің үзіліс кезіндегі, өзара қарым-қатынаста оқушы туралы сынып жетекшісінің пікірін білу және бақылау нәтижесімен салыстыру жұмыстарын жүргізеді.
Сыныпты социометриялық бақылау – студент-практикант оқушылардың пәндік ұғымдардың мағынасын ашуы терминдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында құрылады.
Портфолио – «portfolio» ағылшыннан «портфель», итальян тілінен аударғанда «маманның үздік құжат папкасы» деген мағына береді. Портфолио - маңызды құжаттар үшін немесе визиттік парақша, яғни маман немесе ұйым туралы маңызды ақпараттар, белгілі құжаттар жинағы, жұмыс үлгілері, жетістіктерін дәлелдейтін мадақтамалар, жобалар үлгісі т.б.
Студент портфолиосы – студент-практиканттың әр түрлі бағыт (оқу, ғылыми-зерттеу, спорт, шығармашылық, әлеуметтік) бойынша жеке жетістіктерін растайтын құжаттар кешені. Оны жасау және жинақтау студентке міндеттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |