4.Сараптау-диагностикалау функциясы: сынып жетекшісінің оқушылар тәрбиесіндегі бастапқы деңгей мен өзгерістерді ұдайы айқындап отыруы, оқушының тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуге, тиімді нәтижелерге қол жеткізудің жолдарын іздеу.
5. Жоспарлау-болжамдау функциясы: педагогикалық қызметті жобалау, педагогика үрдісіндегі нәтижелер жоспарлылығын мен жүйелілігін, басқару икемділігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету.
6. Бақылау-түзету функциясы: педагогикалық процестегі қарама-қайшылықтың нәтижесінде туындаған педагогикалық жағдаяттарды айқындау, оны шешу жолдары, іздестіру, нәтижесінде түзету жұмыстарын жүзеге асыру.
Сынып жетекшісі жұмысының диагностикасы - сынып жетекшісінің бітірген оқу орны, базалық білімі, еңбек өтілі, сынып жетекшілік еткен уақыты, біліктілігін жоғарылатуы, қоғамдық міндеттемелері, мүшелігі, тәжірибесі туралы, сыныппен, оқушылармен топтық, жеке және ата-аналармен жұмыс істеу әдістемесін сараптау.
Сынып жетекшісі істей алуы тиіс:
Жек тұлғалық оң қасиеттері арқылы оқушы бойында белсенділік пен жауапкершілікті ұялата отырып, қарым-қатынас орнату;
Сыныбында жүргізілетін оқушылар мен ата-аналармен тәрбиелік-іс шаралар мақсатын, жоспарын жүзеге асыра алу;
Оқушылармен қарым-қатынаста мониторингтік, диагностикалық әдістемелерді қолдану және нәтижесін шығара алуы тиіс.
Сынып жетекшісі білуі тиіс:
- ҚР «Білім туралы» заңын;
- Бала құқықтары жөніндегі конвенцияны;
- Педагогикалық әдеп пен шеберлікті;
- Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;
- Еңбек заңнамасының негіздерін білуі тиіс.
Сынып жетекшісі құқылы:
- Білім беру мекемесінің басқару жүйесінің, қызметтер сапасы бойынша жетілдіруге байланысты ұсыныстар, шағым мен сын айтуға;
- Озық тәрбиелік іс-тәжірибелерді меңгеріп, қолдануға;
- Оқушылар еңбегі мен жетістіктеріне материалдық, ынталандыру төлемдерін белгілеуде жеңілдіктер мен марапаттар алу ісіне қатысуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |