Педагогикалық диагностика – оқу-тәрбие процесін тиімді ету мақсатымен оның алғы шарттары, жағдайы, себептері, нәтижесі зерттелетін іс-әрекет
Педагогикалық диагностика әдістері - жалпы ғылыми (бақылау), әлеуметтік-психологиялық (сұрау, әңгіме, сұхбат, сауалнама жүргізу), психодиагностикалық (жеке сұрау жүргізу, тесттер, жобалау әдісі), педагогикалық (мектеп құжаттарын, еңбек өнімдерін меңгеру).
Педагогикалық диагностика әдістерінің түрлері: топтың бірлігін, сыныптың эмоциальдық ынтымақтастығын, сынып ұжымының эталондылығын, тұлғааралық қарым-қатынасын, т.б. анықтайтын әдістемелік топтары бар.
Социометрия – әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің жеткілікті дәрежеде танымал әдісі болып табылады. «Социометия» термині латын тіліндегі: socius - дос, серіктес және mеtrum - өлшеу деген екі түбірдің қосындысынан құралған. Алғаш рет 1934 жылы ағылшын әлеуметтанушысы мен психологы Джекобо (Якоб) Мореномен қолданылады. Социометрия - топтағы тұлғалар арасындағы қатынастардың сандық, графикалық, құрылымын айқындауға мүмкіндік береді.
Социометриялық тест – оқушылардың өзара және жеке қарым-қатынасын зерттеуге бағытталған, топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға мүмкіндік беретін сұрақтар тізбесі. Социометриялық жұлдыздарды анықтауға бағытталады.
Социометриялық әдіс - сыныптың статустық құрылымын анықтау үшін қолданылады.
Социоматрица– зерттеушінің оқушылар толтырған парақтардағы әр оқушының таңдап алынған оқушы нөміріне сәйкес, таңдауды көрсететін сандары қойылады. Социоматрица негізінде социограмма құрастырылады.
Социограмма– бұл респонденттер қатынасының бір-біріне деген социометриялық талаптарға жауабының графикалық құрылымы.
Дискриптор –жетістік деңгейінің сипаттамасы, құжаттарды, ақпараттық жиымдарды және т.б. іздестіру кезінде оларды топтарға бөлу, жіктеу, индекстеу үшін пайдаланылатын түйінді сөз немесе сөз тіркесі.
Циклограмма – оқытуциклінің бағдарламасының уақыттық диаграммасын, графикалық бейнелейтін әдіс.
Достарыңызбен бөлісу: |