Оқушының іс-әрекетін(тәрбиелік) бағалау мониторингі (3-курс студенті үшін) - еңбексүйгіштік, шыншылдық, ұжымшылдық, жауапкершілік, ізгіліктік, ұқыптылық критерийлерімен «5» бағасы қызыл, «4» бағасы сары, «3» бағасы жасыл түспен боялып, қойылады да, дискрипторлар арқылы сипаттама беріледі.
Оқушының іс-әрекетін(кәсібилік) бағалау мониторингі: оқушының кәсіби бағына орай құрастырылған зерттеу сұрақтары, оған «иә», «жоқ» деген жауаптар саны ұпаймен жоғары, орта, төмен деңгейді анықтайды.
Оқушының іс-әрекетін(ғылыми-шығармашылық) бағалау мониторингі: оқушының зерттеу жұмысының мазмұны мен бағытын ( ғылыми-зерттеу, оқу-зерттеу. Формасы: баяндама, реферат, мақала, ғылыми жоба), аумағы (халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық, мектепішілік), іс-шара формасы (форум, конференция, байқау, семинар, онлайн-семинар, т.б.) мен аннотациясы жазылады.
Оқу-тәрбие процесіне бейімделу - тәлімгердің сабақ жоспарын құру және талқылау механизмдерімен танысу; мектеп режимі мен куратордың тәрбие сағаты жоспарымен танысу; сабаққа қатысу.
Сыныптың эмоциялық деңгейі – студент-практиканттың оқушының оқуға ынтасын, көзқарасын, өзін-өзі жетілдіру деңгейін «иә, жоқ, кейде» деген жауаптарын есептеу арқылы зерттейді .
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар (КТЖ) - бұл педагогтың оқу қызметінің жобасы. Жыл басында әр мұғалім өзінің оқу жоспарында әр сабақтың мәнін сипаттау арқылы КТЖ - ды жасайды. Пән бойынша КТЖ-лау пән бойынша бағдарлама негізінде құрылады. Ол әдістемелік бірлестіктің бірінші отырысында қаралып, хаттамада көрсетіліп, директордың оқу ісі жөніндегі және ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарымен келісіп және мектеп директорымен бекітіп, жаңа оқу жылының 10-шы қыркүйегінен кешіктірмей тиісті орынға тапсыруы қажет.
КТЖ-дыңкөшірмесі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына тапсырылады. Бекітілген пән мұғалімінің КТЖ-н студент-практикант практиканы өту мерзіміне сәйкестендіріп, өзі беретін тізбектелген сабақтардың жоспарын жасайды. Оны пән мұғалімі мен пән әдіскеріне көрсетіп талқылайды, жетілдіру қажет тұстарымен жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |