Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек



бет38/45
Дата13.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#100828
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Байланысты:
3-course-diary

Тәрбие сағаты – белгілі бір тәрбие бағытында мәселелік, айтулы, т.б. тақырыпта тәрбиелік іс-шаралар жоспарын жасау мен ұйымдастыру.
Сынақ тәрбие сағаты – тәрбиелік іс-шараны ашық сынақ сабағы ретінде мектеп ұжымы, әдіскерлер мен студенттердің қатысуы мен талқылауына ұсынатын тәрбиелік іс-шара.
Сынақ тәрбие сағатын талқылау өлшемдері: сабақ мақсатының анық, әрі айқын болуы; оқушылардың өз бетімен және өзара жұмыс істеуіне мүмкіндік беру; түрлі әдістердің қолданылуы; проблемалық ойды көтерудің; сыни ойлауды дамыту; өмірден мысалдардың келтірілуі; АҚТ құралдары, көрнекіліктер мен өзге де дидактикалық материалдар қолданылуы; жүріс-тұрыс (киіну, өзін-өзі ұстау т.б.) және сөйлеу мәдениеті; сынып белсенділігі; уақыттың дұрыс бөлінуі (тайм-менеджмент); оқушылар білімінің бағалануы; кері байланыстың болуы.
Тәрбиелік жұмыстардың циклограммасы: сыныптағы тәрбиелік іс-шаралар тақырыбы, формасы, өткізу кезеңдері, уақыты, жауаптылар туралы қысқаша мәлімет.
Тәрбиелік жұмыстардың бағыт картасы – тәрбиелік жұмыстардың сынып жетекшісімен практика уақытында атқарылатын жұмыстар жоспары.
Тәрбие - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру процесі. Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі. Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс: оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді; оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Сынақ сабақ – пән бойынша ашық және сынақ сабағы ретінде мектеп ұжымы, әдіскерлер мен студенттердің қатысуымен көрсетіліп, талқыланатын сабақ.
Сынақ сабақты талқылау өлшемдері (критерийлері) - сабақ мақсатының анықтығы; оқушылардың жас мөлшері мен мүмкіндіктеріне сәйкестігі; пайдаланылған әдебиеттер мен ақпарат көздерінің сабақ мазмұнына сәйкестігі; сабақта түрлі әдістердің қолданылуы; теорияның практикамен байланысы; пәнаралық байланыстың; өткен тақырыппен байланысының болуы; жаңа тақырыптың жете түсіндірілуі; жаңа мәліметтерді бекітуге арналған үй тапсырмаларының берілуі; АҚТ құралдары, көрнекіліктер мен өзге де дидактикалық материалдардың қолданылуы; сабақ барысында оқушылардың оқу процесіне тартылуы; оқушылардың өз бетімен және өзара жұмыс істеуіне мүмкіндік берілуі; оқушылар белсенділігінің сұрау кезінде, меңгеруде, бекітуде жоғары болуы; тәрбие қызметтерінің жүзеге асуы; сабақ уақытының дұрыс бөлінуі; оқушылар жетістігін бағалауда түрлі тәсілдердің пайдалануы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет