Критерийлер– оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесіне қойылатын талаптардың көрсеткіші.
Бағалау- оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау.
Критериалды бағалау –оқушының оқу жетістігін бағалау, оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі, сипаттама. Бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен талқысынан өткен, білім процесінің барлық қатысушыларына (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) алдын ала таныс, белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Критериалды бағалаудың түрлері: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.
Критериалды бағалаудың мақсаты: мектепте оқыту сапасын жоғарылату; мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері: сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтау; бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілетін анықтау; жеке оқушының даму жетістігін бақылау; оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындау; әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізу; оқу бағдарламасының тиімділігін саралау; сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету.
Қалыптастырушы бағалау: оқыту үшін бағалау, ынталандыру, жетелеу, критерийлерді айқындау арқылы жүргізіледі, нақтылық осы «жетті» не «талпынадымен» бағаланады. Оқушы өзінің жетістігі мен кемшілігі туралы ақпарат алады. Егер оқушы аралық жұмыстарды жеткілікті түрде жақсы орындамаса, оның қорытынды жұмысқа дейін уақыты бар. Сондықтан аралық жұмыстардағы бағасы қанағаттанарлықсыз болса, оны оқушы өзіндік тәжірибелерін жетілдіруге берілген ұсыныс ретінде қабылданды. Себебі тоқсандық бағаны жинақтаушы бағалау негізінде қою ұсынылады. Тоқсан ішінде жиынтық бағалау үшін үш-төрт қорытынды жұмыстар жүргізіледі, оның нәтижесімен тоқсандық баға шығарылады.
Қалыптастырушы бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді әзірлеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Қалыптастырушы бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалаудың әдістері: бақылау, тест, үш минуттық эссе жазғызуға және жекеше тапсырмалар беруге байланысты болып келеді. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың белгілі бір тақырып төңірегіндегі білім деңгейін тереңдете түсуі.