Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек



бет40/45
Дата13.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#100828
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Қалыптастырушы бағалау:

  • оқу үрдісі кезінде жүргізіледі (шағын өз беттік жұмыс, тест т.б.);

  • оқушыларға өзінің жұмысын түзетуге, үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі;

  • мұғалімге әр оқушының материалды меңгеруі туралы ақпарат жинайды, талдау жүргізіп алдағы жұмысты жоспарлайды, оқу үрдісін сапалы жүргізді.

Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру жолдары: А) холистік бағалау сызбасы – оқу үдерісінің мақсаттары бойынша анықталған қабілеттерді жеке-жеке бағалау арқылы оқушының даму деңгейін қысқа мерзімде және жалпы түрде бағалау; Ә) аналитикалық бағалау – оқушылар үшін көзделген нақты қабілеттерді белгілі бір ұзақ мерзім ішінде біртіндеп бақылап отыру және бағалау.
Жиынтық бағалау: оқуды бағалау, жиынтық баға. Оқушы жұмысы ұпаймен бағаланып деңгейі салыстырылады.
Жиынтық бағалау:

  • тақырыптық немесе бөлімінің оқытуды аяқтау кезінде жүргізіледі (бақылау жұмыстары немесе зачеттар).

  • оқушыларға оқылған тақырып бойынша жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.

  • мұғалімге оқушылардың жетістігі туралы қорытынды баға қоюға мүмкіндік береді.

Ғылымға кіріспе: оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарды түрлі формада (тәжірибе, тренинг, зертханалық жұмыс, көрме, шебер-сынып т.б.), оқушылардың ғылымға қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылады.
Бітіруші студенттің ғылыми-шығармашылық жұмысы - дипломдық жұмыстың болжамдық тақырыбына негіздеме беру, теориялық және тәжірибелік бөлімдерінің қысқаша сипаттамасы мен дипломдық жұмыс жетекшісінің парақшасы толтырылады.
Әдістемелік – тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру:
пән мұғалімі немесе тәлімгермен бірлесе:кезеңдік әдістемелік-тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу; сабақтың қысқа, орта және ұзақ мерзімді жоспарларын талқылау; сабақтан тыс оқушылармен жеке жұмыс жүргізу. Сынып жетекшісімен немесе куратормен бірлесе:сыныптағы тәрбиелік іс-шараларға ат салысу; тұрақты тәрбие сағаттарға қатысу, жоспарланған іс-шараларды жүргізуге қатысу; ата-аналармен жұмыс жасауға ат салысу. Өз бетінше: сабақтың жүргізілу процесін бақылау, салыстырмалы талдау жасау; кәсіби портфолио тапсырмасын орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет