Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек



бет5/45
Дата13.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#100828
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
3-course-diary

Оқушылармен жұмыс істеу: аптасына 2 сағат, 90 % жүктемеден.
Сыныпта аптасына 2, айына 8, мектеп көлемінде айына 4, жылына 30, ата-аналармен тоқсанда 12, жылына 30 рет тәрбиелік іс-шаралар өткізеді.


Сынып жетекшісінің құқығы
Сынып жетекшісі жасауға құқылы: Сынып жетекшісі көбіне ата-аналардан өзге пәндерден сабақ беретін мұғалімдерге қатысты сыни пікірлер естиді. Сынып жетекшісінің құқығы – мұндай құбылыстарды ретімен қарастырып, мұғалімдерге өз әрекетін мұқият ой елегінен өткізіп, ешқандай өзгеріс болмаған жағдайда, олардың әрекетімен келіспей, өз пікірін әкімшіліктегілерге жеткізу.
Сынып жетекшісі жасауға құқылы емес: Оқушыларға қатысты физикалық, моральдық және психикалық зорлық көрсетуге жол берілмейді.
Сынып жетекшісі білуі және жасай алуы тиіс:

  • Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңын

  • Бала құқықтары туралы конвенцияны

  • Педагогиканы, балалардың жас ерекшелік және әлеуметтік психологиясын, қарым-қатынас психологиясын,балалардың және жеткіншектердің жеке және жас ерекшеліктерін

  • Жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын

  • Педагогикалық этиканы

  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін

  • Оқушылардың (тәрбиеленушілердің ) бос уақытын ұйымдастыру

  • Еңбек заңнамасының негіздерін

  • Нұсқаулық-нормативті құжаттарды, еңбекті қорғаудың нормаларымен ережелерін



Құжаттары мен есеп беруі:

  • Сынып журналы. 

  • Тəрбие жұмысының жоспары. 

  • Оқушылардың жеке іс-қағаздары. 

  • Балалардың жеке дамуының картасы. 

  • Ата-аналар жиналысының хаттамасы. 

  • Оқушылардың күнделігі. 

  • Тəрбиелік шаралардың талдауларына арналған папка. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет