Бүгінгі студент-практикант ертеңгі жас маман. Әрбір мектепте тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандардың болуы керек


ПӘН МҰҒАЛІМІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ



бет9/45
Дата13.06.2023
өлшемі0,6 Mb.
#100828
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
ПӘН МҰҒАЛІМІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ


Пән мұғалімінің қызметтік міндеттері: оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау.
Кәсіби құзіреттілік:  оқыту сапасын арттыру кепілі
Коммуникативтік құзіреттілік: бұл – педагогтің осы үрдіске, ахуал қатынасын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді.
Құқықтық құзіреттілік: өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін - өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Бүгінгі шәкірт-ертеңгі ел тізгінін ұстар, мемлекетіміздің болашағы деп тану үшін Оқушыға сабақты түрлендіріп, қызықты ұйымдастырса бала неге оқымасқа
Атқаратын қызметтері: • Педагогикалық және әлеуметтік- гуманитарлық
Баланың әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған.
• Ұйымдастырушылық қызметі.
Балалардың орынды талап –тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Құқығы: Еңбек кодексі мұғалімнің ғана емес, барлық саладағы «жұмыскерлердің» құқықтары мен мүдделерін бірдей қорғайды. оның 22-бабында жұмыскерге заңда көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға (бұзуға), жұмыс берушіден оның талаптарын орындауды талап етуге, тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға, еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз ақы алуға, жеке еңбек дауын шешу мақсатында келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге, жұмыс берушінің еңбек және онымен тікелей байланысты қатынастар саласындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға, жұмыс берушіде сақталатын дербес деректерінің қорғалуына құқығы бар. сонымен бірге жұмыскер еңбек міндеттерін еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің бұйрықтарына сәйкес орындауға, еңбек тәртібін сақтауға міндетті
Жауапкершілігі: Қазіргі кезде мектеп бітірушілерін қазақ тілінен дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты.
Қазіргі мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі қалыптасқан. 
Қарым-қатынасы: Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым –қатынас жасау мәселесі психология ғылымындағы және тәлім – тәрбие ісіндегі әр маңызды, әрі күрделі поблемалардың қатарына жатады.Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсінітер бар екендігі көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым – қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындағы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет