тәуелсіздігімізді алып, тоқыраған рухани құндылықтарымыздың бірі
дәстүрлі діни танымымызды жандандыра бастадық. осы рухани бос
кеңістікті толтыру мақсатында, жастар дін іздеп шекара асып, діни оқу
орындарына кетіп жатты. шет елдегі күмәнді діни оқу орталарынан оқып
келген азаматтар елімізге келіп, өз ілімдерін таратып, көптеген жақтастар
жиып та үлгерді. осындай еліміздің тұрақтылығы мен тұтастығына қауіпті
діни ағымдардың бірі - «таблиғи жамағаты» ұйымы.
«таблиғи жамағаты» – қатерлі діни ұйым
«Таблиғи жамағаты» өкілдері жайлы қысқаша сипаттама
беретін болсақ, бұл ұйым мүшелерінің діни сауаттары төмен
деңгейде. Сонысына қарамай, олар «үш күн, жеті күн, қырық
күн дағуат айтамыз, адамдарды дінге шақырамыз» деп елді
мекендерді аралап, кейде шекара асып кетеді. Баратын
жерлері Үндістандағы «Низамуддин» медресесі (марказ),
Пәкістандағы «Райванд» және Бангладештегі «Кокрайл»
медреселері екендігі белгілі. Ол жердің діни ұстаздары оңы
мен солын білмейтін адамдардың санасына дәстүрлі емес
діни уағыздарды ендіреді.
«Таблиғи жамағаты» діни ұйымының негізгі ұстанымы мен
мақсаты – фанатизм, яғни соқыр сенім болғандықтан, олар
топқа, яғни жамағаттарға бөлінеді, әрбір топ мүшелерінің
қызметтерін нақты бөліп қарастыратын өз басшысы – әмірі
болады және әмірге бағыну - олар үшін міндет.
Әмірлері діни қағидаттарды бұрмалап, Пәкістанның ұлттық
киімінде өздерін «дағуатшылар» («дінді насихаттаушылар»)
ретінде таныстырып, «біз таза ислам жолына шақырамыз»
деп тек қана Кәндехләуидің «Фазаил амал» («Амалдардың
құндылықтары») деген кітаптарын оқуды насихаттайды.
Діни сауаты төмен, зайырлы білімнен хабары таяз «Таблиғи
жамағаты» елдің өркендеуі мен дамуын, халықтың әлеуметтік,
экономикалық әл-ауқатының жақсаруын тежейді. Себебі
адам баласы дүниеге келген соң білім-ғылымды игеріп,
елінің дамуы мен өркендеуіне қызмет етуі тиіс. Қазақстан
Республикасының 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет
және діни бірлестіктер туралы» Заңында белгіленген
тәртіп бойынша, құзыретті органда діни бірлестік ретінде
тіркеуден өтпеген бұл ұйымның ендігі қызметі ел аумағында
заңсыз болып есептеліп, Астана қаласы Сарыарқа аудандық
сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес «Таблиғи
жамағаты» ұйымы экстремистік деп танылды. Осыған сәйкес,
Қазақстан аумағында тыйым салынып, оны насихаттаған адам
жауапқа тартылады.
Қазақтың дархан даласында ислам діні, соның ішінде хана-
фи жолы кең тараған. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық
салт-дәстүрді, ата-ананы аялауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет
қылуға негізделген. Бұл жолды ұстанған халқымыз экстре-
мист те, лаңкес те болған емес. Ендеше, бүгінгі ұрпақ дінді
қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал.
Дәстүрлі діни таным жайлы мағлұмат алу үшін Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасының ресми имамдарынан,
сайттарынан және облыс әкімдігі Дін проблемаларын зерт-
теу орталығының дінтанушы мамандарынан алса болады.
Орталықтың негізгі қызметi - облыстағы діни ахуалды
зерделеу, талдау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Осы
мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қазіргі уақытта, республикалық
114 қауырт желісіне немесе Жамбыл облысы әкімдігі Дін
проблемаларын зерттеу орталығының сенім телефондарына
51-50-20, 8771050-13-04 хабарласуға болады.
Сайын ҚҰрБаН,
Жамбыл облысы еріктілер
қозғалысының президенті.
Мемлекет басшысы нұрсұлтан назарбаевтың тікелей ықпалымен егемен
елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы аяусыз күрес жүргізіліп келеді.
«азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жамбыл
облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы»
департаменті тарапынан да жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі
жұмыстар атқарылуда.
жемқорлыққа жол жоқ!
Бүгінде барлық бөлімде бейнетаспа орнатылып,
күнделікті Астана қаласында орналасқан ахуалдық
орталығы қызметкерлері тарапынан қадағаланып отыра-
ды. Департаментте және оның бөлімдерінде сенім теле-
фоны жұмыс жасайды. Жеке және заңды тұлғалардың
арыз-шағымдарына арналған жәшік орнатылған.
Сонымен қатар әр бөлімде арыз-шағымдарды тіркеу
кітабы бар.
Филиалдың бөлімдерінде Сыбайлас жемқорлық пен
құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу мақсатында
«Сыбайластыққа жол жоқ!», «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы тұру заңдары», «Сыбайлас жемқорлықпен қарсы
күрес бұрышы», Мемлекеттік қызмет істері және сыбай-
лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл министрлігінің сенім
телефондары көрсетілген стенділер мен тақтайшалар
ілінген. Сонымен қатар бөлімдерде аудиороликтер мен
бейнероликтер орналастырылған. Бұдан өзге де сыбай-
лас жемқорлықтың алдын алу бағытында түрлі форматта
іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар
жүйелі жалғаса беретін болады.
Қ.КеҢеСБеКОв, Б.МаҚСҰТОв,
«азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы облыс
бойынша филиалы - «ХҚКО» департаменті
«Мамандандырылған ХҚКО» бөлімінің мамандары.
Бүгінде біз өмір сүріп отырған жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса,
бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. олай болса, мемлекеттің дамуына
тосқауыл қоятын сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуымыз
қажет.
сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ міндет
Елiмiзде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне орай,
арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар
да баршылық. Бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн таппай отыр.
Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-баба-
ларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман
жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін
ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы
да басқа билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз
тарихтан жақсы білеміз.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен
күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбай-
лас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен
жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер
әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да мемлекеттік саясатымыздың
негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу
болып табылады. Осы орайда, Шоқан Уәлиханов атындағы
облыстық әмбебеп кітапханасында аталған тақырыпқа қатысты
түрлі іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Атап айтқанда,
кітап көрмелерін, библиографиялық шолулар жасап, қаладағы
білім беретін орындарда «Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті»
тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрамыз.
Биыл тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтой-
ын кең көлемде атап өтіп жатырмыз. Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің
тамыры тереңге тартып, ел экономикасы мен әлеуметтік
жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын
айқындады.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір
қазақстандықтың азаматтық борышы болуы керек.
Қанат БаУБеКОва,
Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап
кітапханасының ақпараттық-библиографиялық
бөлімінің меңгерушісі.
Тараз қаласында мүгедектер қатарындағы
кемтар балаларды жеке оқыту жоспары
бойынша үйде оқытуға жұмсаған
шығындарын өндіріп алу мөлшерін
және тәртібін айқындау туралы
20
МАусыМ
// «Жамбыл - Тараз» // №43 (1331), 26 қазан 2016 Жыл //
Құралай СеЙСеНБеКҚЫЗЫ
Күннен-күнге жасарып, жаңарып отыратын сән
әлемінде бас киімнің де алуан түрі бар. Маңдайында
жақұт тастары жарқыраған тюрбандар, бастың оң
жағына ойыса киілетін береткалар, тіпті бұрын ер адам-
дар ғана киген малақайды да кездестіруге болады. Деген-
мен сән әлемінде ерекше орын алып, кез келген жанның
көркін асырған бас киімдер арасында әсіресе шляпа көзге
оттай басылады. Оның себебі ол қыз-келіншектердің
тұла бойына ерекше нәзіктік сыйлап, сұлулығын арт-
тыра түсетіндігінде. Ел ішінде аты аңызға айналып,
жұлдызы жанған танымал тұлғалар арасында Чарли
Чаплин, Майкл Джексон, Диана ханшайымның шляпа-
лары көпшіліктің көңілін өзіне аударып, қайталанбас
тұлғалардың образын қалыптастырған. Осы орайда
орыс халқының «Дело в шляпе» деген сөзі де еріксіз
ойға оралады.
Тарихы қандай?
Негізі шляпа немістің «schlappe» сөзінен бастау алған.
«Schlappe» сөзінің мағынасы форманы сол қалпында
ұстап тұратын бас киім дегенді білдіреді.
Ең алғашқы шляпа күн көзінен қорғану үшін
жасалғанымен, уақыт өте келе сәнге айналған. XIV
ғасырда, яғни 1395 жылы алғашқы қалпақты француз
әйелі Изабелла Баварская ойлап тауыпты. Сол кезеңдегі
ханшайымдардың қалпағының биіктігі 1 метрге дейін
жетіпті. Бас киімінің көлемі мен әшекейі әйелдердің
дәрежесін білдірген. Тіпті төбесі ұзын қалпақтар үшін
есіктің маңдайшасын арнайы биіктеткен көрінеді.
Алғашқылары қағаздан, крахмалданған қатты ма-
тадан жасалып, сырты қымбат матамен қапталып,
әшекейленген. Ал XV ғасырда Германия және Франция
мемлекетінде сабан қалпақтар сәнге айналған. XVI
ғасырда болса, жалпақ қалпақтар орын алған. Оның
себебі, қалалық еуропалықтар жуындысын терезеден
лақтыра салатын болыпты. Ал бетке төніп тұрған жалпақ
бас киім төбеден құйылған жуындыдан егесінің бет-жүзін
сақтау үшін қажет болған. Күн өткен сайын сән әлеміне
өзгерістер еніп, еуропалық әйелдер қауырсындар, түрлі
тастармен безендірілген тюрбандар киеді. Сондай-ақ
моншаға барғанда немесе ұйықтаған сәтте шаштың
қалпын сақтап қалу үшін де нәзік жандылар үшін шля-
па таптырмайтын бас киімге айналыпты. Қалпақтың
төбесіне құшақ-құшақ гүл, тіпті көбелек қондырылған
бас киімдер де етек алған. Шляпа адамдардың шыққан
тегін де білдірген. Адамдар атақ-дәрежесіне қарай
әрлеп, безендіріп, тіпті құлдықтан босаған құл мен
күңнің де бостандыққа шыққанын білдіретін өз алды-
на қалпақтар ойластырылған. Ел ішінде шляпаның
кең тарағаны сонша, бұл бас киімсіз адамдарды
елестету мүмкін емес еді. Әскери ер адамдар уақытын
ұтымды пайдалану үшін, дер шағында уақытын
жоғалтпай алып жей салу үшін шляпасының төбесіне
бәліш, бөлішке, алма, ірімшігіне дейін салып алатын
болған. Ал қаржылық құлдырауға тап болған адамды жа-
сыл немесе сары түсті шляпа киюге мәжбүрлеген. Шляпа
жасаушылар бұл бас киімнің фетр мен түгін жасау үшін
миға әсер ететін қоспа қолданған. Сондықтан шляпа
жасаушы шеберлер көбіне ұмытшақ, тырысқақ, есінен
танып қалатын және елес қуатын ауруға ұшыраған.
Ал бұл бас киімді киіп қонаққа барған адам шляпа-
сын шешіп, құлға ұсынатын. Үй жұмысшысы қонақ
берген бас киімді терезенің жақтауына апарып қоятын
болған. Ал терезенің жақтауына үлкендігінен сыймай
қалатын болса, орындықтың сол жағында ұстап тұруға
міндеттелген.
XIX ғасырда түрлі бас киімнің ішінде шляпаның дәуірі
жүрген заман туды. Шляпаның астынан әсем бұйра
шаштың ұшы көрініп тұратын. Көрген адамға шашы
сәнді жасалған әсер қалдырады. Ал, шындығында, бұл
шаш емес, жай ғана шляпаға жапсырылған жасанды шаш
қана. Адамдардың қалпаққа ойына келгенді қыстырып,
сәнге айналдырғаны сонша, шын құрбақа мен құстарды
пайдаланған. Кішкентай баладан егде әйелге дейін
шляпасыз далаға шыға алмайтын кезең басталды.
Тұрмыстағы әйел мен қалыңдықты, ақсүйек пен қараны
шляпасына қарап ажырататын сәт осы тұс еді. Және де
осы шақта театр мен мұражайларды көру үшін шынайы
ісмерлер қиялымен қайталанбас туындылар жасалды.
XX ғасырда клош, таблетка деп аталатын шляпалар
орын ала бастапты.
Шляпаның сиқыры
Шляпаның құпияға толы ғажап құдіретке ие
екендігін түрлі аңыздар мен бүгінгі таңда өнер көрсетіп
жүрген сиқыршылар дәлелдеп-ақ жүр. Бұрын мыстан-
дармен қоса тылсым күшке қатысы бар деп шляпала-
рын бірге өртеген. Жұлдыз жорамалшылар шляпаның
ғарышқа қатысы бар деп басынан тастамаған. Шляпа өз
егесінің мінез-құлқынан хабар береді деп те есептеледі.
Керек десеңіз, жаңа шляпа егесінің ойын өзгертіп, өзін
ерек сезінуіне ықпал еткен. «Көрінбейтін адам» мен
«Гарри Поттер» түсірілімдерінің де тікелей осы бас
киімге қатысы бар. Шляпаның құдіретімен жауынан
құтылып, керегін ішінен тауып жүретіні аңыздарда
ашық айтылады. Ал сиқыршылардың жұмбаққа толы
қара шляпадан қоян шығарып, кептер
ұшырып жүргенінің куәсі болған да
шығарсыз.
Сән әлемінде
2017 жылы тылсымға толы шляпа бас
киімі сұранысқа ие. Ғасырдан-ғасырға
толассыз дамып, сән көшінен қалмай
келе жатқан ерекше бас киімнің өз
қаламызда құны қандай? Кез келген
жанның тұла бойына ерекше көрік
беріп, талғампаздығын танытатын
бас киімді біздің өңірдің тұрғындары
қалай бағалайды?
Әлима:
- Мен түрлі бағадағы үш шляпа сатып
алдым. Оның біреуі күздік, екеуі қыста
киюге арналған. Заманауи қалыпта, ше-
кеге қисайта кисем, кино актрисасына
ұқсап қалатындай әсерде боламын.
Өзіме қатты жарасады. Оның үстіне
шляпа бойды ұзартып, сымбатыңды
арттырады. Жігіттерге де қыздардың
мұндай образы ұнайды деп ойлаймын,
- десе, Азамат есімді бозбала:
- Мен жазда күннен қорғайтын шляпалар киіп
жүрдім. Енді міне, қыстығын алуға базар аралап
жүрген жайым бар. Ковбой стиліндегі шляпа алғым
келеді. Әсіресе қара түсті шляпа жұмбақ жігіт етіп
көрсететініне сенемін,- дейді.
Түрлі бас киімдерді тасымалдап, сауда жасап
жүрген Бота Жүнісованы да сөзге тартқан едік:
- Бас киім сатқаныма 8 жылдың жүзі болды.
Биылғы аксессуарларда мысық құлақты қалпақтар
сәнде. Базар бағасымен мен сатып тұрған қалпақтар
қымбат емес. 500-ден 5000 теңге төңірегінде ғана.
Соңғы жылдары қыз-келіншектер тюрбан мен үлкен
шляпаға сұраныс айтып жатыр. Түрлі түсті, заманауи
үлгіде қалаған бас киімді ұсынамын,- деді саудагер.
Ал арнайы дүкеннен киінетін сәнқойлар үшін
құндыз тымақтардың 30 мыңдығынан бастап, 150
мыңдығына дейін кездестірдік. Сондай-ақ түрлі ма-
тадан тігіліп, арнайы безендірілген үлгідегі қалпақтар
сапасына қарай 5 мың теңгеден жоғары көрінеді.
Қалпақ туралы түрлі аңыздарға сенсек, таңдауыңызға
орай жаңа өмір сыйлап, сәттілік тарту ететін құдіреті
де бар. Жаңа стильде, жаңа тұрмысты жайнатуға кез
келген адамның құқы бар. Ендеше, бір-бірімізге шляпа
шешіп, тағзым ететін сыйластықта болайық!
қалпақ киіп,
Хал сұра!
Бас киім қай уақытта, қай елде болмасын адамның
дәрежесі мен беделін, сол ортаның мәдениеті мен өркениетін
білдіретін бағалы әрі құнды киім саналған. осының айғағы
ретінде «Халім қалпақтай» деп жағдайыңыздың көңіл
толтырарлықтай жақсы екенін білдірсеңіз болады. сондай-ақ
«дұшпан аяққа, дос басыңа қарайды» деген сөзден бас киімге
баса назар аударудың қажеттілігі ескерілсе керек. Бас киімге
деген құрмет «Бас киіммен ойнама», «Бас киіміңді босағаға
ілме», «Бас киіміңді теріс киме», «Бас киіміңді біреуге
сыйлама», «Бас киімді баспа» деген сияқты тыйым сөздерден
байқауға болады.