Бүгінгі таңда біздің басты мақсатымыз еңселі егемендігімізді нығайту



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата31.03.2017
өлшемі7,52 Mb.
#10732
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қаламқас ӨКСІКБаева,

Ө. Жолдасбеков атындағы орта 

мектептің мұғалімі.

сиыр, қой, шошқа еті,  3 тонна шұжық 

өнімдері, 11,5 тонна сүт өнімдері, 2 тон-

на балық,  1 тонна кондитерлік өнімдер, 

4 тонна макарон өнімдері, 1,7  тонна 

бал,  0,5 тонна кептірілген жеміс пен 

77,1 тоннадан астам көкөніс-бақша және 

жеміс-жидек өнімдері бар. 

Мұндай жәрмеңкелер облыстың тауар 

өндірушілеріне өз тауарларын делдал-

сыз, тікелей тұтынушыларға сатуға зор 

мүмкіндік  беріп  отыр.  Нәтижесінде 

жәрмеңкедегі тауарлардың бағалары 

нарық бағасынан 10-20 пайыз төмен 

болады.  Әрі  қаланың  орталығында 

ұйымдастырылғандықтан, азық-түлік 

алғысы келген тұрғындарға да тиімді 

болды. Базарға шабылмай, орталықтан 

арзандатылған  бағамен  өздеріне 

қажеттісін ала алады. Сондай тұрғынның 

бірі Салтанат Баймахан орталық алаңда 

жәрмеңке болатынын БАҚ арқылы біліп, 

бүгін осында келіпті. Тұрғын мұнда азық-

түлік алу тиімді дейді. Өйткені ауылдың 

табиғи сүт өнімдері мен көкөніс-бақша 

және жеміс-жидектерінің сапасы жоғары. 

Сондай-ақ ол ет өнімдеріне де көңілі 

толатындығын жеткізді. 

-  Осы  демалыс  азық-түлік  алуға 

қамданған едім. Мұндағы азық-түлік 

бағасы базар бағасынан төмен. Мәселен, 

күнделікті көп тұтынатын картоптың 

келісін  50-55 теңгеден алсам, пиязды 20-

30 теңгеден алып отырмын. Біз қалада 

тұрғандықтан, көбінесе дүкеннің айран-

сүтін аламыз. Дегенмен үйдің айран-

сүттері де болады. Бірақ дүкендерде 

қымбаттау тұрады. Жәрмеңкеден үйдің 

айраны мен сүтін литрін 120 теңгеден 

алдым. Осындай жәрмеңкелердің жиі 

ұйымдастырылуы  тұрғындар  үшін 

тиімді, - деді ол.

Ж а л п ы   б і з д і ң   ө ң і р   ау ы л 

шаруашылығының  сапалылығымен 

көпке танымал. Облыстың құнарлы жері 

табиғат берген ризығын еш аямайды. 

Сондай-ақ аймақ ауыл шаруашылық 

жәрмеңкелерін  еліміздің  өзге 

аймақтарында да жиі ұйымдастырып 

отырады. Сондай кезекті жәрмеңкенің 

бірі  алдағы  сенбі  күні  Шығыс 

Қазақстан облысы, Өскемен қаласында 

ұйымдастырылатын болады.  

рет  бас  сұғатын  көрінеді.  Ал  жөндеу 

жұмыстарымен айналысқан серіктестік 

нысандағы  нәтижелі  істің  сапасына  1 

жыл кепіл болмақ. Енді тек ескі жиһаздар 

жаңартылса жеткілікті. Бұдан кейін халық 

қалаулылары  №32  мектепке  ат  басын 

бұрды.  Ауласынан бастап, мектептің әр 

қабатын, сынып бөлмелерін жеке-жеке 

аралап  шыққан  олар  жұмыс  сапасына 

қанағаттанған  жоқ.  Жылу  берілгенде, 

жоғары қабаттағы құбырлардың бірінен 

су кетіп, нәтижесінде астыңғы қабаттың 

төбесіне нұқсан келтірген. Және сынып 

бөлмелері есіктерінің арзанқолдығы көзге 

ұрып тұр. 

- Қайта жөндеу барысында ғимараттың 

ескі қабырғалары қосымша құрылыс ма-

териалдарымен қалпына келтірілді. Төрт 

жерден сейсмоқауіпсіздігі  күшейтілді. 

Мектеп сонау 1964 жылы соғылғаннан 

бері күрделі жөндеу көрген емес. Нақты 

уақытта 730 бала білім алуда. Ал жалпы 

мектептің  сыйымдылығы  -  900  орын. 

Бұрын бәрімізді алаңдатып келген жылу 

мен кәріз  жүйесі, жарық жаңадан орна-

тылды. Есік-терезелері ауыстырылғаннан 

кейін мектептің іші айтарлықтай жылы-

ды.  Жөндеуге дейінгі жағдайын қазіргі 

күйімен  салыстырсақ,  арасы  жер  мен 

көктей, - дейді мектеп директоры Қанат 

Иманов. 


Бірақ мектептегі дәретханада есіктер 

жоқ, ал бар есіктер сапасыз болғандықтан 

арнайы  комиссия  тарапынан  айтылған 

сынға  мердігерлерге  тапсырыс  беруші 

қалалық білім бөлімі басшысының орын-

басары  Уалихан  Байдуановтың  ойын 

білген едік. 

-  Нақты  уақытта  аталған  екі  мек-

тепке  оқушылар  оралып,  сабақтарын 

жалғастыруда. Комиссия мүшелері №32 

мектепті жұмыс толығымен аяқталмай 

тұрғанда тексерген болатын. Ал нақты 

уақытта  ол  кемшіліктер  жойылып, 

әжетхана  есіктері  салынды.  Бұл  да 

аяқталмай тұрған істің бірі еді. Жұмыс 

нәтижесі көңіл қуантарлықтай. Біткен істі 

жан-жақты зерделеп, қабылдап алдық,-

деді ол.   



АЛАң

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №43 (1331), 26 қазан  2016 Жыл  //



«құлдық санадан 

айырылМай, 

МеМлекеттілікті 

сақтау қиын»

 

„

әрбір ұлттың өткені мен бүгінін тереңінен зерттеп-зерделейтін



оны болашақ ұрпаққа жеткізетін тарихшылар екені сөзсіз. тарихи 

сана ұлттық үрдістің ұйытқысы екенін жете түсінетін ұлт  өзінің 

төл тарихын түгендейді. Былтыр елбасы нұрсұлтан назарбаев 

астанада қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 

салтанатты жиында: «ақын жұбан Молдағалиев айтқандай, 

қазақ мың өліп, мың тірілген халық. төл тарихымызда біз 

ұялатын ештеңе жоқ» - деп кесіп айтқан-ды. осы орайда, тұғыры 

биік тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойы қарсаңында қазақ 

тарихының отынан кіріп, күлінен шығып жүрген атпал азамат

тарихшы Мәмбет қойгелдиевпен сұхбаттасқан едік. 

-  Мәмбет  Құлжабайұлы,  биылғы  жыл-  

мемлекетіміз үшін ерекше жыл. 1916 жылы 

күллі қазақ даласын дүбірлеткен ұлт-азаттық 

көтерілісіне  100 жыл толса, санаулы күндерден 

соң  күллі  алаш  жұрты  Тәуелсіздіктің  25 

жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтпек. 

Осынау екі датаның  логикалық байланысын 

тарқатып айтып берсеңіз?

- Қазақ - азатсүйгіш халық. Жұртымыз осы-

нау тәуелсіздік жолында талай зұлмат заманды 

бастан кешіп, ар-намысын ешкімге таптатпады. 

Бүгінгі тәуелсіздік - сан ғасырлар бойы бабала-

рымыз жүргізген күрестің нәтижесі. Расында, 

биыл 100 жылдығын атап өтіп отырған ұлт-

азаттық қозғалыс пен тәуелсіздіктің логикалық 

байланысы  бар.  Себебі  дәл  осы  көтерілісте 

қазақтың өн бойында тулап жатқан ерлік рухы 

қайта қылаң беріп, ел мен жерді арам пиғылды 

орыс үкіметінен қорғау арқылы тәуелсіздікке қол 

жеткізу ғана көзделді. Кеңес үкіметі тұсында бұл 

ауқымды көтеріліс туралы ешкім жақ ашып, оның 

мерейтойлық даталарын атап өтпеді. Өйткені 

олар  қазақтың  ұлттық  санасын  өшіруге  бар 

күштерін салып, бұл тақырыпты жабық күйінде 

қалдырды. Шүкір, міне, егемендіктің арқасында, 

мемлекеттің  тұтастығын  ойлаған  баһадүр 

бабаларымыздың ерлік істерін еркін айтып,  1916 

жылғы ұлт-азаттық көтерілістің де  ғасырлық 

датасын  атап өтіп отырмыз. Бүгінгі таңда біздің 

басты  мақсатымыз  -  еңселі  егемендігімізді 

нығайту. Бұл мақсатты орындаудың бірден-бір 

жолы  -  тарихи    санамызды  қайта  жаңғырту 

арқылы  тіліміз бен ділімізді өз тұғырына көтеру. 



-

 Аға, бүгінгі таңда мектеп оқушылары мен 

жоғары оқу орындарында білім алып жатқан 

студенттер Кеңес үкіметі тұсында жазылған 

«Қазақстан тарихы» кітабын оқып жатыр. 

Әрине, бұл тұрғыда, өзіңіз секілді тарихшылар 

ондағы көптеген фактілердің бұрмаланғанын 

алға тартады. Бұл мәселені шешудің жолы 

қандай?

-  Дұрыс,  біз  Кеңес  заманында  жазылған 

тарихты  репрессияға  ұшыраған  тарих  деп 

айтуымыз  керек.  Мысалы,  Қазақстанның 

алғашқы  оқулығын  жазған  Санжар                                                                                   

Асфендияров ақиқатты айтамын деп репрес-

сия құрбаны болса, төл тарихымызды ғылыми 

тұрғыдан қорытуды көксеген Бекмаханов 25 

жылға абақтыға тоғытылды. Бұл сөзсіз қазақ 

тарихына  жасалған  аяусыз  қиянат  еді.  Де-

мек, Қазақстан Республикасының Білім және 

ғылым министрлігінің оқу жүйесіне енгізген 

«Қазақстан  тарихы»  оқулығы    шындыққа 

негізделмеген.   Егер біз Кеңес үкіметі санамызға 

әбден төмпештеп сіңірген құлдық санадан айы-

рылуды ойласақ, әуелі көп томдық тарихымызды 

қайта жазып, ол ғылыми тұрғыдан қорытылуы  

шарт. Тәуелсіз елдің санасына негіз болатын-

дай тарих жазылуы керек. Осы тұста, шегелеп 

айтатын маңызды дүние - патша үкіметінің 

қазақ жерінде ғылыми-саяси құқығы болған 

жоқ. Осы уақытқа дейін біздің оқулықтарда: 

«Қазақтар Әбілхайыр ханның  бастамасымен 

Ресейдің құрамына өз еркімен қосылды» деп 

жазылған  фактінің  артында  үлкен  шикілік 

бар.  Айталық, бұл келісім орыс патшасының  

басқарушы аппараты мен Әбілхайыр ханның 

төңірегіндегі басқарушы топтың арасында бол-

ды. Халық бұл саяси процеске негізгі  субъект 

ретінде қатысқан жоқ. Патша үкіметі қазаққа 

«Өз еркіңмен орыстың қол астына кіресің бе, 

кірмейсің бе?»деп референдум өткізген жоқ. 

Демек, патша үкіметі қазақ жерін белгілі бір 

дәрежеде басып алушы, қазақ халқын, қазақ 

жерін өзінің отарына күштеп айналдырғанын 

жасыруға әсте болмайды. Біз тәуелсіз елдің 

ұрпағы ретінде, ресейлік тарихшы ғалымдардың 

жетегінде кетпей, бұл ақиқатты ашық айтуымыз 

керек. Мен тарихшы-зерттеуші ретінде, патша 

үкіметін саяси-құқықтық негізі бар үкімет деп 

мойындамаймын. Ал  Кеңес үкіметіне келетін 

болсақ, патша үкіметін күшпен ығыстырып, 

оның орнына өзінің басқару аппаратын орнат-

ты. Бұл жерде де қазақ халқы Кеңес үкіметін 

жақтап, оған өз еркімен дауыс берген жоқ. Қазақ 

халқы социализмді қолдады деп жар салды. 

Бұл - қып-қызыл өтірік нәрсе. Себебі біздің 

қазақ бұрын-соңды социалистік қоғамда өмір 

сүрмегендіктен, оның не екенін тіпті білмеді 

де. Олай болса, жалған, жасанды теорияларға 

негізделген фактілерге бас ұрудың қажеті шама-

лы.  Біз тек 1917 жылы қазақ жерінде құрылған 

құқықтық мемлекет, ол - Алашорда үкіметі. 

Қазақ жерінің әр аймағынан келген 80-нен 

астам  делегат Алашорда үкіметіне дауыс берді. 

Алаш автономиясының мемлекеттік идеясын 

бірауыздан  қолдап,  оның  төрағасы  ретінде 

Әлихан Бөкейхановты сайлады. Алашорданы 

заңсыз деп атау яки мойындамау - қазақ халқын 

қорлау деп білемін. Міне, уақыт оздырмай, білім 

жүйесінде жоғары аталған өрескел қателіктер 

алынып тасталуы тиіс.



-  Жыл  басында  Білім  және  ғылым 

министрлігі ЖОО-да Қазақстан тарихын 

1991 жылдан бергі аралықта ғана оқытылуы 

мүмкін дегенді айтқан-ды. Білім жүйесіндегі 

бұл өзгеріске сіз әу бастан қарсы шыққан 

едіңіз...

-    Бұл  -  өте-мөте  өрескел  қателік.  Стан-

дарт жобасына  бакалавриат  мамандықтары 

шеңберінде қарастырылған Қазақстан тарихы 

пәнінің  орнына  Қазақстанның  қазіргі  за-

ман тарихы пәнін енгіземіз деп отыр. Оған 

негіздеме Қазақстан тарихы пәнінің алғашқы 

тарихи  кезеңдері  толық  мазмұнда  мектеп 

бағдарламасында  қарастырылғандықтан, 

жоғары  оқу  орындарының  ұсыныстары 

негізінде  жаңа  пәнге  ауыстырылады-мыс. 

Сонда біздің жастарымыз 25 жылдың тарихын 

ғана біліп, арғы ата-бабасының тарихын білмеуі 

тиіс пе? Тарихшы ғалымдар бұл мәселені қанша 

айтқанымен, құлақ асып отырған адам баласы 

көрінбейді әзірге. 



- Мәмбет аға, өзіңіз айтқандай, тұғыры 

биік тәуелсіздіктің арқасында жоғымызды 

түгендеп, барымызды бағамдап жатырмыз. 

Алайда санамызға әбден сіңіп алған құлдық 

санадан айырылудың жолы қандай?

-  Орыстың  белгілі  демократы  Тимофей 

Седельниковтің  Ленинге  жазған  хаты  бар. 

Онда ол былай деп жазады: «Мынау қазақ орта 

ғасырларда ат үстінде жүріп, қолына қару алған 

өр рухты, сері халық еді. Патша үкіметі орнап, 

бұл айбынды халықты жалтақ, қорқақ халыққа 

айналдырдық». Седельниковтің айтқаны өте 

дұрыс. Мен бұл жерде патша үкіметіне не-

месе Кеңес үкіметін кінәлап отырғаным жоқ. 

Олардың өзіндік мемлекеттің территориясын 

кеңейтіп,  империяға  айналдыруға  мүдделі 

еді.  Себебі  бұл-  табиғи  процесс.  Өзге  елді 

қандай әдіс-тәсілмен болсын басып алу, өз 

қол астына кіргізу миссиясы болашақта да 

орын алатын үрдіс. Сондықтан бәленің  бәрін 

Кеңес  үкіметінен  іздемей,  өзімізді-өзіміз 

дұрыс жолға салуымыз қажет. Егер көшедегі 

балалар орыс тілінде шүлдірлеп бара жатса, 

ол орыстың кемшілігі емес. Керісінше, ұлттық 

рухы жасық өзіміздің кемшілігіміз. Міне, біз 

осыны терең түсініп, қазаққа қазақтың жаны 

ашып, «Намысың қайда, бауырым, неге өз ана 

тіліңде сөйлемейсің?» деп ар жақта сөнуге шақ 

тұрған ұлттық санасын түртіп оятуға тиіспіз. 

Қазір азатпыз, тәуелсіз мемлекетпіз, ешкім 

біздің аузымызға қақпақ жауып, өз тілімізде 

сөйлеуімізге тыйым салып отырған жоқ қой. 

Олай болса не тұрыс, не кедергі?! 

- Алашорда үкіметінің мүшелері шетінен 

білімді, кәсіби деңгейлері де жоғары, зиялы 

болғаны белгілі. Бүгінгідей барлық жағдай 

жасалып  отырған  елдегі  тәуелсіз  Қазақ 

үкіметі мен Алашорда үкіметін салыстыра-

тын болсақ, қандай байланыс табуға болады? 

Қандай айырмашылықтар бар?

–  Қазір  қалыптасып,  аяққа  тұрып  келе 

жатқан  мемлекетіміз  бен  Алаш  зиялылары 

құрған  үкіметтің  арасында  байланыс  жоқ 

деп айта алмаймыз. Байланыс бар. Құдайға 

шүкір, сабақтастық та бар. Өйткені қазақ де-

ген ел бар. Оның рухани әлемі бар. Қазақтар 

билікте  де  отыр.  Қазақтың  әнін  сүйетін, 

әдебиетін қастерлейтін, тарихын қадірлейтін 

бірлі-жарым болсын азаматтар билікте бар. 

Яғни,  сабақтастық  жоқ  дей  алмаймыз.  Бар 

екені  сөзсіз.  Соңғы  жиырма  жыл  ішінде 

Алаш  зиялыларының  еңбектері  түгелдей 

дерлік  жарыққа  шықты.  Ә.Бөкейханов, 

А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқайдың көп 

томдығы, Халел Досмұхамедовтің еңбектері 

жарыққа шықты. Халық олардың мұрасымен 

таныс деп ойлаймын. Әсіресе «Мәдени мұра» 

аясында  біраз  шаруа  атқарылды.  Бұның 

барлығы басқарушы элитаның осы процесті 

қолдайтынын көрсетеді. Бірақ  алда атқаратын 

жұмыс әлі көп. Алаш идеясы әлі де болса кең 

таралып отырған жоқ. Алаштық азаматтардың 

ұлтқа, мемлекеттілікке, экономикаға, рухани 

әлемге қатысты кейбір ұстанымдарын тереңдеп 

оқыту жағы әлі де болса кемшін. Оқу процесіне 

енгізу, тәрбие жұмысында пайдалану жағынан 

олқы түсіп жатырмыз. Мұны ғалымдардың да 

кінәсі деп түсінген жөн. Асылы, Алаш идея-

сын насихаттап, халыққа жеткізуде билік пен 

ғылымның арасында өзара үйлесімділік болу 

керек. 


–  Сіз  бір  сөзіңізде  ХХ  ғасырда  кәсіби 

тарих  ғылымы  да,  кәсіби  тарихшылар 

да  қалыптасқанын  айтқан  едіңіз.  Десе 

де,  бүгінгі  күні  сол  кәсіби  тарихшылар 

бірауызды, бірсөзді ме? Кәсіби тарихшылар 

арасындағы  кейбір  түсініспеушіліктер, 

бұрмалаушылықтар туралы не айтуға бо-

лады?

– Кезінде Рысқұловтың Сталинге жазған хаты 

бар. Оны баяғыда оқығанмын. Біздің кейбір 

кәсіби тарихшылардың өзі соны бертінде тау-

ып алып, біраз жалаулатты. Контекстен бөліп 

алып, өздеріне керегін жариялап, «Рысқұлов 

бүйткен екен, сүйткен екен» деп шықты. Тари-

хи фактіні айналасындағы оқиғалардан бөлек 

қарастыруға болмайды. Ал контекстен жұлып 

алғаннан  кейін,  әлбетте,  мазмұны  өзгеріп 

кетеді. Ондай мазмұндағы хатты Сейфуллин 

де  жазған.  Қайталанбас  тұлғамыз  Смағұл 

Сәдуақасов та жазған. Сейітқали Меңдешов 

те жазған. Олардың өсу жолында өз басына 

тән кемшіліктері болған. Оны контекстен бөліп 

алып, өз мүддеңе пайдаланудың не керегі бар? 

Пендешілігіңді басқа жерде жаса, тарихи про-

цесте пендешілікке жол жоқ.



- Мәмбет аға, сұхбатымыздың соңында 

сізді 70 жасқа  толған мерейтойыңызбен 

газет оқырмандары атынан шын жүректен 

құттықтаймыз! Лайым, ұлт мүддесі жо-

лында атқарған еңбегіңіз жемісті болып, 

ұзақ жасаңыз!

-  Аумин,  рахмет!  Алда  келе  жатқан 

Тәуелсіздігіміздің  25  жылдық  тойы  құтты 

болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай 

деп тілеймін. 

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Индира БаЙҚОНЫС.

Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ, Қазақстан тарихшылар қауымдастығының төрағасы, профессор:


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №43 (1331), 26 қазан  2016 Жыл  //

5

Нұржан СерІКХаНҰЛЫ

«Арай»  алқабындағы  аядай  ғана 

жер  үйді  студияға  айналдырған 

әулиеаталық жігіттер алаш баласының 

болашағына  мұрагер  қазақстандық 

бүлдіршіндерге  арнап  мультфильм 

әзірлеп қана қоймай, буыны қатпаған 

салаға  түрен  салмақшы.  Яғни  осы 

уақытқа  дейін  әр  үйдің  бақыт  база-

рына  айналған  бүлдіршіндер  үшін 

арнайы түсірілген «Қошқар мен теке», 

«Алдар  көсе»  секілді  туындылар 

2D  форматында  болса,  тараздық  5 

жігіт 30-40 маманның ісін өздері-ақ 

атқарып, тұңғыш рет 3D форматында 

қазақы  нақыштағы  мультфильм  жа-

сап жатыр. Ел ұрпағын адал еңбекке 

жетелейтін туынды «Оңай олжа жоқ!» 

деп аталады. Бұл атаудың мәні іскер 

жерлестеріміздің  өзіне  де  қатысты 

айтылғандай. Себебі жобаны жүзеге 

асыру үшін олар өздерінің күнделікті 

жұмыстарын  тастап,  бар  мүліктерін 

сатып,  туындының  сценарийін  де, 

негізгі және қосымша жұмыстарын да 

өздері атқаруда. Өз қалтасынан жалпы 

сомасы 2 млн. теңге қаражат жұмсаған 

олардың әрқайсысы өз ісінің білікті де 

білгір, әмбебап һәм тәжірибелі маманы. 

Бас-аяғы 1 жарым сағатқа негізделген 

туындыны олар енді республикалық 

«Балапан» телеарнасының талабына 

сай 15 минутқа қысқарту үстінде. Бұл- 

олардың  ауқымды  іске  бағытталған 

алғашқы қадамы. Материалдық база 

жағынан  басқалардан  кем  болса  да, 

бейнетуындының  сапасы  барлығын 

басып  озайын-ақ  деп  отыр.  Яғни 

бұл туынды жарыққа шықса, сапасы 

шетелдік «Кунг-фу Панда», «Шрек» 

мультфильмдерінен  кем  түспейді. 

Идея  және  сценарий  авторы  -  3D 

аниматор-инженері  Сәбит  Жамбаев 

пен  операторы  Ахан  Сейдіқадыров. 

Бұл екеуі де  күні кеше ғана облыстық 

«Қазақстан-Тараз»  телеарнасында 

ұзақ  уақыт  жемісті  еңбек  атқарған 

білікті  мамандар.  Режиссері  -  Шер-

нияз  Борантаев,  дыбыс  режиссері- 

Мұхит Исаев. Ал жобаның жарыққа 

шығуына жан аямай еңбек етіп жүрген 

азаматтардың  продюсері  -    Нұрбол 

Қуанышбеков.    Кейіпкерлерді  және 

олардың дауыстарын облыстық қазақ 

драма театрының актерлері ойнамақ. 

Кішкентай телекөрермендер назарына 

тың бастама көтерген бұл азаматтардың 

студиясына бас сұғып, жұмыс барысын 

өз көзімізбен де көріп қайттық.

-  2015  жылы  туынды    жобасын  

бастадық. Негізінде жоба идеясы бұдан 

да  ары  уақытта  туындаған  болатын. 

Кейін республикалық «Балапан» теле-

арнасымен байланыс орнатып, олардың 

тарапынан  қолдау  боларына  көзіміз 

жеткеннен  кейін  идеяны  іске  асыра 

бастадық. Оларға тек толыққанды дай-

ын, сапалы өнімді алып бару керек. Ал 

өнімді дайындау үшін әрине қаражат 

қажет.  Сондықтан  біз  ең  алдымен 

мемлекеттен берілетін 3 млн. теңгеге 

үміттеніп,    облыстық  кәсіпкерлер 

басқармасы ұйымдастырған байқауға 

отыз  үміткермен  бірге  қатыстық. 

Бизнес жоспарын да өзіміз жасадық. 

Байқау барысында жеңісімізге күмән 

жоқ  еді.  Бірақ  белгісіз  себептермен 

грантқа қолымыз жетпей қалды. Де-

генмен    біз  алған  бағытымыздан 

шегінген  жоқпыз.  Қайта  қолда  бар 

материалдарымызды  пайдаланып, 

туынды персонаждарын жасай бердік. 

Жалпы анимациялық жанрда ландшафт 

деген  бар.  Оған  бейнетуындыдағы 

шынайы табиғат, қоршаған орта жа-

тады. Біз соның барлығын нүктеден 

бастап  жасадық.  Туындының  ата-

уы  «Оңай  олжа  жоқ!»  деп  аталады. 

Мультфильмнің сценарийі  Бақыт пен 

Аңғалбек есімді басты екі кішкентай 

кейіпкерден тұрады. Кейіпкердің бірі 

бұзықтау,  өмірге  деген  қөзқарасы 

бөлек,  жеңіл  ойлы  болса,  екіншісі 

момындау, аңғал. Бірінші сотқар до-

сына:  «Байлық  іздеп  кетейік»  -  деп 

ұсыныс  жасайды.  «Таудың  етегінде 

алтын  бар  екен.  Бұлай  қара  жұмыс 

істеп  сандала  бергенше,  сол  олжа-

ны  оңай  жолмен  қолды  қылайық» 

- деп азғырады. Осы жолда олар та-

лай жайтты басынан кешіп, фэнтези 

кейіпкерлерімен ұшырасып, шытырман 

оқиғалар  орын  алады.  Туындының 

негізгі  логикасында  кімге  болса  да 

оңай  олжа  болмайтындығы,  барлық 

жетістік  үлкен  еңбекпен  келетіндігі  

баса айтылып, заманауи философиялық 

негізде жеңіл жеткізіліп, жан-жақты 

түсіндіріледі. О баста фильмнің жал-

пы сценарийі 90  минутқа шақталған 

еді.  Яғни  кинотеатрларға  арнайы 

1  жарым  сағаттық  және  «Бала-

 

„

келесі жылы дәл осындай атаумен 



3D форматта таразда түсірілген қазақи 

мультфильм республикалық «Балапан» 

телеарнасында көрсетілуі мүмкін. өскелең 

ұрпақты адал еңбек пен таудай талапқа 

жетелейтін бейнетуынды биыл аяқталса, таптырмайтын тәрбие 

құралына айналмақ. қазақстандық кино нарығында мұндай 

форматта бүлдіршіндерге арналған бейнетуынды бұрын-соңды 

болған емес. 

бүлдіршіндердің болашағы үшін.   суретті түсірген н.тұрғынбек.



оңай олжа 

жоқ!

пан»  телеарнасына  бөлек-бөлек  20 

минуттық  сериал  ретінде  жасаймыз 

деп  жоспарладық.  Дегенмен  таяуда 

демеуші іздеп және аталмыш телеар-

намен ой бөлісу мақсатында Астанаға 

іссапармен барып қайттық. Елордада 

біздің  жобамыз  мақұлданды.  Бірақ 

толыққанды 15 минуттық мультфильм 

болса  жеткілікті деген қарсы ұсыныс 

жасады. Біз ол ұсынысты қабыл алдық. 

Енді сол бойынша жалпы сценарийді 

15  минуттық  қалыпқа  құюдамыз. 

Нақты  айтқанда,  мультфильмнің  әр 

минуты  ақша.  Есептеп  қарасақ,  осы 

15 минуттық туындының өзі бізге ап-

паратура алуға толық жеткілікті екен. 

Дүниені толықтай әзірлеп сатсақ, біз 

ешқандай демеушіге мұқтаж болмай-

мыз. Жобамыздың аясында «Балапан» 

телеарнасының  директоры  Ләйлә 

Сұлтанқызына  хат  жаздық,  қолдау 

сұрадық.  Енді  телеарна  бізден  тек 

дайын дүниені күтіп отыр,- деп Нұрбол 

Ауданбекұлы  отандық  бастаманың 

орайын  табу  оңайға  соқпағанын  да 

жасырмады. 

-  Елордадан  Таразға  қайтып  кел-

ген  бойда  қаражат  іздеуге  кірістік. 

Бұл  істен  өңірдегі  атқамінер 

азаматтардың    көпшілігі  хабардар. 

Кәсіпкерлік  департаментіндегілер 

де  біледі.  Істі  бастауға  қажет  ап-

паратураны  шамамыз  келгенше  өз 

қаражатымызға  алдық.  Осы  жобаны 

іске асыру үшін жігіттердің барлығы 

күнделікті  жұмыстарын  тастаған 

болатын.  Олардың  әрқайсысының 

отбасы, бала-шағасы бар. Әрқайсысы 

өз  жанұясын  қамтамасыз  етуі  керек 

қой?! Дегенмен  ниетімізге намысы-

мыз найза болғандай.  Жалпы мұндай 

шаруаны білдей бір  команда атқарады. 

Мүмкіншілігіміз  аз  болғандықтан, 

тұрып  жатқан  үйді  студияға  айнал-

дырып,  істі  ілгерілетуге  барымызды 

салдық. Бір сөзбен айтқанда, қазір соңғы 

мүмкіндіктерімізді  пайдаланудамыз. 

«Нұр  Отан»  партиясының  қоғамдық 

қабылдауында  студияға  лайықты 

орын  сұраған  едік.  Сұранысымыз 

қанағаттандырылды.    Бізге  «Тараз» 

әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 

ғимаратынан орын берілді.  Ол жерге  

көшу  үшін  бізге  толық  техникалық 

база қажет. Қаражат мәселесі шешілсе, 

қажетті  аппаратураны  алып,  жаңа 

студияға көшуге ниеттіміз. Негізінде 

туынды кейіпкерлерінің іс-қимылына 

бейнезахват  жасау  үшін  де  студия 

залы үлкен болуды талап етеді. Онда 

кейіпкерлер жүгіреді, құлайды, ұшады. 

Ал  іс-қимылды  компьютерге  жыл-

дам  әрі  сапалы  енгізіп  отыру  үшін 

бізге  кемінде  8  бейнекамера  мен 

басқа  да  қажетті  құрылғылар  қажет. 

Ал бізде 1 ғана камера бар. Арнайы 

құрылғыны  актердің  денесіне  ор-

натып,  мультикейіпкердің  қимылы  

жасалады,-дейді ол. Сондай-ақ  Нұрбол 

өзінің  әулиеаталық  әріптестерімен 

бірге  еліміздегі  басқа  студиялардың 

да тәжірибелеріне қанық. Алға қойған 

мақсаттары да ауқымды. 

- Алдағы уақытта «Алаш продакшн» 

деген  студияның  іргесін  осы  Тараз 

шаһарында қаласақ деген жоспарымыз 

бар. Бізде «Азия анимейшн», «Жебе» 

және алматылық бірнеше компаниялар 

бар.  Нақты  уақытта  олардың  басты 

демеушісі  -  «Балапан»  телеарнасы. 

Қаржылай мүмкіншіліктері де жоғары. 

Командалары бар. Бірақ мультфильмді 

жасау  әдісі,  бейне  сапасы,  яғни 

түсірілім  кезіндегі  және  көрермен 

аудиториясына шыққан кездегі сапа-

сынан біздің өнім әлдеқайда жоғары 

болады. Себебі Қазақстанда 3D фор-

матында мультфильм түсіретін компа-

ния жоқ. Бүлдіршіндер көріп жүрген 

«Қошқар мен теке», «Алдар көсе» де  

2D  форматта  түсірілген  туындылар. 

Ондағы  кейіпкерлердің  артындағы 

көріністер  жай  ғана  силуэт  болып 

беріледі. Яғни сюжеттің артқы фонын-

да тек сурет қана тұрады. Ол жердегі 

персонаждың  түрі  де  шынайылыққа 

жатпайды. Тек түрлері ғана қозғалыста 

болады.    Ал  бізде  графика  жоғары. 

Сондай-ақ  қазіргі уақытта фильмдер  

плазмалық  теледидарға  арнап  4K 

форматында  шығарылуда.  Тараздық 

туындымызды  әзірлеуде  мұны  да 

ескердік. Жалпы біз қолданып отырған 

«Maya» деген бағдарламаның  АҚШ-

та ағымдағы жылдың  27 тамызында 

тұсаукесері өтті. Бұл – анимациялық 

өнім  даярлаудағы  ең  озық  жүйе.  

Мысалға  кәдімгі  форматтағы  бейне-

лер экранға 2 мың пиксельмен берілсе, 

бұл форматта бейне 5 мың пиксельмен 

көрсетіледі.  Яғни,  барынша  анық, 

мөлдір  болады.  Егер  туындымыз 

жарыққа  шықса,  қазіргі  шет  елдік 

танымал  анимациялық  мультфиль-

мдермен  жүз  пайыз  деңгейлес  бола 

алады. Нақты уақытта персонаждардың 

дизайны  толықтай  дайын.  Енді  оны 

ландшафттың ішіне енгізуіміз керек. 

Арнайы  құрылғымыз  болса,  оларды 

іс-қимылға келтіру оңайға соғар еді. 

Ал енді біз әрбір детальді, кейіпкердің 

саусағының  қимылына  дейін  ком-

пьютермен  жасайын  деп  отырмыз. 

Бұл 1 айлық жұмысты 3 айға созады. 

Дегенмен  осылай жасауға мәжбүрміз. 

Ал аппаратураны сатып алуға 1 жарым 

млн.  теңге  және  жалдамалы  актер-

лерге еңбекақы төлеу үшін 500 мың 

теңге қаражат жетпей тұр. Өзіміз  2 

млн.  теңге  жұмсадық.  Өнім  дайын 

болғанда, республикалық телеарнаның 

арнайы  комиссиясы  мән-мағынасы 

мен сапасын жан-жақты сараптайды.  

Қазақстанда ешкім жасамаған сапада 

әзірлеген өніміміз  қаржылай жағынан 

да жоғары бағаланбақ. Осы мүмкіндікке 

қол  жеткізсек,  талай  туындылары-

мызды  жарыққа  шығаруға  жолдама 

алар едік, - дейді Нұрбол. Өзін  

шаһардың, қала берді ұлттың па-

триоты екенін ісімен дәлелдеуге 

талпынған жерлесіміздің Таразға 

деген махаббаты да ерекше екен.  

-    Біздегі  жастарда  «Таразда 

ештеңе  жоқ,  ештеңе  шықпайды, 

барлығы Алматы мен Астана секілді 

үлкен қалаларда» деген жаңсақ пікір, 

пессимистік  түсінік  қалыптасып 

кеткен.  Біз  соған  іс  жүзінде  атой 

салып,  қарсылық  білдіргіміз  келді. 

Астанаға  барғанымызда  жобамызға 

да,  командамызға  да  қызығушылық 

білдіріп, «миллиондаған айлық береміз, 

осында  қалыңдар»  деген  ұсыныстар 

түсті.  Жігіттер  де  сол  ұсыныс  бой-

ынша  кетіп  қалса  болады.  Бірақ  біз 

осы  жерде  бастаған  ісімізді  аяқсыз 

қалдырып  тастап  кетсек,  біздің  кім 

болғанымыз? Ең алдымен бәріміздің 

туылған,    тұрғылықты  жеріміз  осы.  

Таразда еш жерде жасалмаған дүние 

шығып,  әлемге  жар  салып  жатсақ, 

үлкен  компаниялардың  өздері-

ақ  Таразға  іздеп  келеді.  Екіншіден, 

алдағы  уақытта  Аңырақай,  Орбұлақ 

шайқастары мен «Жеті жарғы» секілді 

құнды рухани жәдігерлерімізді  сцена-

рийге енгізіп, бүлдіршіндерге лайықтап 

жасасақ деген мақсатымыз бар.  Неге 

біздің  бүлдіршіндер  «Найнти  Уан», 

«Спанч  Боб»  секілді    дүниелерді 

көруге  тиіс?  Неге  тек  шет  елдің  

«Nickelodeon» арнасындағы мағынасыз 

туындысымақтарға мұқтаж болуы ке-

рек? Біз солардың орнын тарихи, ұлттық 

персонаждармен алмастыруды мықтап 

жоспарлап  отырмыз.  Содан  кейін 

осындағы ынталы жастарды жұмыспен 

қамтамасыз етпекпіз. Мәселен, былтыр 

Қазақ  хандығының  550  жылдығына 

орай шымкенттіктер мемлекеттің тап-

сырмасымен «Қазақ елі» мультфильмін 

шығарды. Егер сондай мемлекеттік тап-

сырма болса, мұндай іс біздің де қолдан 

келеді, - дейді жоба продюсері. 

Жобаның  жұмысынан  бөлек,  олар 

жеке  тұлғалардың  ұсыныстары  бой-

ынша  бейнероликтер  түсірумен  де 

айналысады  екен.  Бірақ  негізгі  іске 

кедергі  келтірмес  үшін  қосымша 

жұмыстың барлығын кейінге ысырып 

отыр. Нұрболдың өзі Талас ауданының 

тумасы. Мамандығы - қаржыгер.  «90 

минутты жыл аяғында аяқтауға бекінген 

біз  үшін  15  минуттық  фильм  түк  те 

қиын емес» - деген Нұрболдың коман-

дасы  істі  алдағы  желтоқсан  айында 

толық аяқтамақ.  Елдің ертеңгі тізгінін 

ұстайтын өскелең ұрпаққа ынта-жігер, 

қажыр-қайратын жұмсап қана қоймай, 

істің нақты нәтижесі үшін тер төккен 

жерлестеріміздің жұмысына, азаматтық 

рухына,  мірдің  оғындай  мақсатына 

тілеулестік  білдіріп,  көңіліміз  толып 

қайттық. 



КөКЕЙКЕсТі

6

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №43 (1331), 26 қазан  2016 Жыл  //




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет