көлеңкелі кәсіптің
күрМеуі қысқа
аймақ тұрғындарының өмір сүру жасы 72 жасқа ұзарды.
тараз қаласында діни экстремизм мен терроризмнің
көріністерін алдын алуға және болдырмауға бағытталған
мобильдік топтар құрылып, олардың жұмысы жүйелі түрде
ұйымдастырылып келеді.
сотқа шағымданғандар
бітімгерлер келісіміне неге
жүгінбейді?
қаржы көлемі артқан
алдын алу шаралары ауқымды
Медиация
тәртібін түсіну
керек
арайлым ШаБДеНОва
Аймақтағы медицина саласының тәуелсіздік
алғаннан бергі ахуалы қандай? Бүгінгі денсаулық
сақтау мекемелері қаншалықты заман талабына сай
жабдықталған? Осы және өзге де сұрақтарға жур-
налистермен өткен брифингте облыс әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы басшысының
міндетін атқарушы Марат Жұманқұлов жауап
берді.
Соңғы 25 жыл ішінде 80 жылдық тарихы
бар облысымыздың денсаулық сақтау саласы
қарқынмен дамып келеді. Мемлекетіміз саяси,
экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық
салаларында орасан зор өзгерістерге қол жеткізді.
Оның ішінде басты байлық – денсаулыққа, яғни
тұрғындар денсаулығын арттыруға баса назар
аударылуда. Тәуелсіздік жылдары республиканың
түкпір-түкпірінде 1300-ден аса денсаулық сақтау
нысандары мен 1700-ден астам білім оғашы
бой көтерді. Ең соңғы үлгідегі құрылғылармен
жабдықталған денсаулық нысандарында түрлі
деңгейде ота жасау мен қарапайым халыққа
қолжетімді медициналық көмектер көрсетілуде.
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 72
жасқа ұзарды. Аймақ медицинасы да 25 жыл
ішінде көптеген қиындықтардан өтіп, біршама
белестерді бағындырды. Атап айтар болсақ,
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау жүйесін
қаржыландыру көлеміне 2005 жылы 9,2 млрд. теңге
бөлінсе, 2016 жылы 40 млрд. теңгені құрады. Яғни
11 жыл ішінде 4,4 есеге артқан. Мәселен, өлім-
жітім мәселесі 24 пайызға төмендесе, ана өлімі көп
жылдық талдау нәтижесінде 48,6 пайызға, нәресте
өлімі 69,2 пайызға кеміген. Облыс әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы басшысының
міндетін атқарушы Марат Жұманқұлов өз баян-
дамасында денсаулық сақтау нысандарын соғу
екпіні де жоғары екендігін тілге тиек етті. Егер
1991 жылдан 2009 жылға дейін 27 денсаулық
сақтау нысаны бой көтерсе, 2009-2015 жылдар
аралығында 92 нысан ел игілігіне пайдалануға
берілген. Сондай-ақ облыста денсаулық сақтау
саласындағы маман-кадрлардың тапшылығы
біртіндеп шешілуде. 2015 жылы облысқа 85
жас маман келіп, олардың 56-сы ауылдық елді
мекендерге «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы
бойынша жіберілген. Ал мамандардың біліктілігін
көтеру де жылдан-жылға жақсарып, шет ел маман-
дарымен тәжірибе алмасу, шеберлік сыныптарын
өткізу тұрақты түрде қолға алынған.
– Биылғы жылдан бастап 2016-2019 жылдарға
арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын
басшылыққа алып, Бірыңғай ұлттық денсаулық
сақтау жүйесі аясында әрі қарай мақсатты түрде
жұмыс жүргіземіз. Адам мамандығының құлы
болмай, еңбегінің құны болмайды. Біздің басты
құндылығымыз – халық денсаулығын арттыруға
бағытталған істер. Бүгінгі жеткен жетістіктеріміз
тек бастауы ғана, – деді Марат Жұманқұлов.
Брифингте сала басшысының міндетін атқарушы
журналистердің сан сауалдарына жауап берді.
№3 мобильдік топтың биылғы бірінші отыры-
сында арнайы жадынама талаптары талданып,
топтың жұмыс жоспары, ақпараттық-түсіндіру
топ жұмысының кестемесімен қатар, әр топ
мүшелерінің міндеттері жеке-жеке бекітілді.
№3 аумақта орналасқан діни бірлестіктердің,
мекемелердің (мешіттер), ғибадат үйлері мен
кітапханаларда және көпшілік орындарда
дінтану сараптамасынан өтпеген кітаптардың
таратылмауына жол бермеу мақсатында,
түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Қазақстан
мұсылмандары діни бірлестігі» республикалық
ислами діни басқармасының бес мешітінің имам-
дары арқылы да радикалды топтардың бар-жоғы,
олардың санын анықтау жұмыстары бірлесе
жүргізілді. Олардың қатарында «Молла Муха-
меджан», «Әбдыкадыр», «Тоқта бибі», «Асым
ата», «Акрам төре» мешіттері бар. Аумақта осы
5 мешіттен басқа тіркеуден өткен бір христиан
діни бірлестігі бар. Ол - Тараз қаласы «Құдай
Ананың Успения атындағы Рим-Католик Келу
орны» діни бірлестігі.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арнайы
кестеге сәйкес іске асырылып келеді. Бұл
жұмыс тек мекеме қызметкерлерімен шек-
телмей, көптеген сауда кешендері мен сауда
орталықтарындағы кәсіпкерлер арасында және
шет аумақтың немесе көше тұрғындарымен
ашық аспан астындағы кездесулер арқылы
ұйымдастырылады. Қыркүйек айында мобильдік
топ мүшелерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп,
онда бекітілген жадынамадағы тапсырмалардың
орындалу барысы талқыланды және ақпараттық-
түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жыл басынан
аумақта орналасқан «Ауыл береке», «Бек»
сауда кешендерінің кәсіпкерлері, «Дәмді себет»,
қалалық көз ауруханасы, облыстық статистика
басқармасы, «Тараз-Такси» ЖШС қызметкерлері
мен Көшеней көшесі тұрғындарының арасында
діни сауаттылықты арттыру мақсатында кезде-
сулер ұйымдастырылды.
Діни экстремизм мен терроризмнің
көріністерін алдын алуға және болдырмауға
бағытталған жұмыстар жалғасын табатын
болады.
абзал ТЛеУБаев,
Тараз қаласы әкімдігінің ауыл
шаруашылығы бөлімінің басшысы,
№3 мобильдік топтың жетекшісі.
Сейділдә ТӨреН
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен
брифингте облыс судьялары Жамбыл облысы
соттарының ағымдағы жылдың 9 айында сот
төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған
жұмыстардың қорытындысын шығарды.
Брифингке Жамбыл облыстық сотының
алқа төрағалары Жомарт Рүстембеков,
Нұрмұхаммат Абидов және судья Гүлнар
Сыздықова қатысты.
Ағымдағы жылдың 9 айында облыс сот-
тарымен 23 528 азаматтық іс өндірісімен
аяқталып, оның ішінде 11 990 іс шешім
шығарумен қаралған. Апелляциялық
тәртіппен 23 шешім бұзылып, 88 шешім
өзгертілген. Медиация тәртібі бойынша 840
азаматтық іс тоқтатылған, ол біткен істердің
жалпы санының 3,6%-ын құрап отыр екен.
Бітімгершілік келісімін қолданумен 145
азаматтық іс және 9 іс партисипативтік келісім
тәртібімен тоқтатылған.
- Өңірде азаматтық істердің медиациялық
тәртіп бойынша қаралуы республикамен
салыстырғанда төмен деңгейде. Бұған себеп-
медиаторлардың сапасыз жұмыс жүргізуі.
Медиациялық істі насихаттау мақсатында
облыстық, қалалық БАҚ беттерінде үнемі
мақалалар шығарып отырамыз. Медиа-
ция дегеніміз ата-бабамыздан келе жатқан
бітімгершілік қой. Азаматтар осы тәртіпке
жүгінсе екен, - дейді Жомарт Қауасұлы.
9 айда облыс соттарымен 9004 тұлғаға
қатысты 9004 әкімшілік іс қаралған,
апелляциялық тәртіппен 5 қаулы бұзылып, 13
қаулы өзгертілген. Медиатордың қатысуымен
132 тұлғаға қатысты 132 іс қаралыпты.
Сондай-ақ есепті кезеңде Жамбыл
облысының соттарына 1672 қылмыстық
іс қарауға түскен. Олардың ішінде үкім
шығарумен 1328 тұлғаға қатысты 1160
қылмыстық іс қаралған. 292 тұлғаға қатысты
226 қылмыстық іс тоқтатылыпты.
- Алқа билердің қатысуымен 3 тұлғаға
қатысты 3 іс қаралды. 9 айда келісу өндірісімен
83 тұлғаға қатысты 76 қылмыстық іс қаралып,
қысқартылған тәртіппен 225 тұлғаға қатысты
215 қылмыстық істің сот шешімі шықты.159
қылмыстық іс медиатордың қатысуымен
қаралды. Олардың ішінде 130 іс тараптардың
татуласуымен тоқтатылды, - деді Нұрмұхаммат
Махаматұлы.
аймақта жалған кәсіппен айналысып, жалғанды
жалпағынан басқандар құрықталды.
Шынболат СеЙДУаЛИев
Өңірлік коммуникациялар қызметінде
аймақтағы жалған кәсіпкерлікке қарсы күрес ба-
рысын Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаменті экономикалық тер-
геу қызметінің Көлеңкелі экономикаға
қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының
міндетін атқарушы Самат Қойбақов пен
аталған департаменттің экономикалық тергеу
қызметінің Кеден және салық салаларындағы
қылмыстарды тергеу басқармасының аға
тергеушісі Ағыбай Дияс айтып берді.
Самат Базарханұлының айтуынша,
ағымдағы жылдың 9 айында департаменттің
экономикалық тергеу қызметінің Көлеңкелі
экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасының
өндірісінде 110 сотқа дейінгі тергеу болған.
Оның 65 фактісі жалған кәсіпкерлікке
қатысты екен. Сондай-ақ 21 іс құжаттары
басқа облыстарға жолданған болса, 30
қылмыстық іс басқа қылмыстық істермен
біріктіріліпті және 1 қылмыстық іс ақталу
негізінде қысқартылған. Сонымен қатар
7 қылмыстық іс 64 эпизод бойынша сотқа
жолданған. Бұл қылмыстық істер «Тілеуқабыл
ата», «Ен-Аз-Ер», «ЖамбылСтройПроект»,
«ПрезентСервис», «Таб-Құрылыс», «Та-
раз-Атшабар» және «Ориентир-Қазақстан»
сынды серіктестіктердің қатысуымен
болған. Сөйтіп есепті кезеңде бюджетке
142 693 181 теңге өндірілген.
Көзбояушылыққа жол жоқ!
- Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде
7 серіктестікке қатысты «Тауар қоюшы
пирамидасы» келіп түскен. Қазіргі таңда
серіктестіктер анықталып отыр. Атап
айтқанда, «Жамбыл жарық сауда-2030»,
«Темир-Строй Сервис и Ко», «AKBARS
STORY Ltd», «Сұңқар-2002», «Сенім»
Корпорациясы», «ЖилСтрой-Тараз» Кор-
порациясы» және «ТаразҚұрылысДизайн»
серіктестіктеріне жіберген олқылықтарына
байланысты айыппұл салынып, бюд-
жетке 186,6 млн. теңге түсті. Сондай-ақ
тіркелуі жарамсыз деп танылуы үшін 5
серіктестіктің ісі сотқа жолданды. Және
мемлекеттік қайта тіркелуі жарамсыз деп
танылған 3 іс соттың қарауына жіберіліп,
сот шешімі шықты, -
деді Самат Қойбақов. Сондай-ақ Сәбит
Базарханұлы бүгінгі күні басқарма тарапы-
нан облыс бойынша кәсіпкерлердің екінші
деңгейлік банктерден қолма-қол ақша алу
кезінде жалған шот-фактуралар алу дерегі
бойынша ұстау жұмыстары атқарылып
жатқанын айтты.
Ал экономикалық тергеу қызметінің
Кеден және салық салаларындағы
қылмыстарды тергеу басқармасының
аға тергеушісі Ағыбай Дияс жүйелі
жұмыстар нәтижесінде ұзақ жылдар
жалған кәсіпкерлікпен айналысып
келген М.Батуров пен оның жұбайы
Е.Хвалованың істері әшкереленгендігін
мәлімдеді. Ерлі-зайыптылар ұйымдасқан
қылмыстық топ құрып, арам ойларын
іске асырып отырған. Тіпті құйтырқы
әрекеттері арқылы заңды тұлғаларды да
міндеттелген төлемақылардан құтқарып
отырған. «АкроФорто», «Разан Гроуп»,
«Релад ТМ», «Алькрот-Азия», «Стилакс
СТ», «БидСтройТорг KZ», «Сән-Тас»,
«Ramada Fox», «TSP Тобол», «МагХлеб»
және «Евросервис» компаниясы» сынды
жалған серіктестіктер ашып, өздерінің
ұйымына қатысы жоқ адамдардың атына
тіркеп, жалған кәсіпкерлікпен айналысқан.
- Ерлі-зайыпты Батуров пен Хвалованың
осы және өзге де жалған әрекеттерінен мем-
лекетке 1 774 701 843 теңге шығын келген.
Тергеу істерінің нәтижесінде олардың құрған
ұйымдарының кеңселері мен автокөліктері
алынды. Оның ішінде «TOYOTA LAND
CRUISER 200 VX» жол талғамайтын
көлігі де бар. Қазір соттың санкциясымен
100 000 000 теңге өндіріліп, абақтыға
қамалды. Олар қылмыстары мен жасаған
әрекеттеріне қарай 7-10 жыл аралығында
жазаларын өтейтін болады. Осы орайда
айта кететінім, жалған кәсіпкерлікпен
айналысушылар жазадан айналып өте
алмайды, - дейді Ағыбай Дияс.
// «Жамбыл - Тараз» // №43 (1331), 26 қазан 2016 Жыл //
ТАрАзы
7
судың да сұрауы Бар
қалада қоқыстың жайы әлі де көңіл көншітпей тұр. орталық
көшелердегі қалдықтар күнделікті тазартылғанымен, көзден таса
жерлердің барлығы бәз баяғы қалпында. тіпті ондаған жылдар бойы
күнқақты боп жатқан пластик бөтелкелер бүгінде үсті-үстіне қордалана
түскен.
Нұржан СерІКХаНҰЛЫ
Жыл сайын қалада тазалық науқаны өтіп,
қордаланған қоқыс қалдықтары тазарты-
лып отырады. Дегенмен шаһардың түкпір-
түкпірінде шашылған қоқысқа көз жүгіртсек,
сенбіліктердің басым көпшілігі қаланың тек
орталық аумақтары мен басты көшелерінде
ұйымдастырылатын сыңайлы. Оған қала
ішіндегі ескі үйінділер-ақ дәлел бола алады.
Мәселен, әрдайым сенбіліктер белсенді
ұйымдастырылатын Қайрат Рысқұлбеков
атындағы саябақтың тазалығынан мін
табу қиын. Тұрар Рысқұлов атындағы
саябақта да жағдай осындай. Ал көлемі
жағынан осы аталған екеуінен әлдеқайда
үлкен болса да, орталықтан шалғай жатқан
Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс»
саябағындағы жағдай мәз емес. Мұнда
саябақтың алдыңғы кіреберісінен басқа
жағында қоқыс, біріншіден, уақытылы та-
зартылмайды, екіншіден, саябақтың шығыс
жағындағы жаяу жүргіншілерге арналған екі
өтпелі көпірі бар ағын су каналында осыдан
он жыл бұрынғы тасталған қоқыс қалдықтары
Қар астындағы қоқыс көктемге дейін жата ма?
суреттерді түсірген н.тұрғынбек.
коңыр күздің бел ортасында табиғат
тосын мінез танытып, көне шаһар ақ
ұлпа қарға оранды. жапырақтарынан
айырылып үлгермеген тал-дарақтар
қыстың қаһарына төтеп бере алмай,
бірінен соң бірі сынған еді. қала ажарын
ашып тұрған талдардың әп-сәтте қара
жерде сұлайып жатуы жанға батты. ал
кейбір қала тұрғындарының тазалық
мәселесіне келгендегі енжарлығы
қайран қалдырса, туған жерін анасындай
аялайтын азаматтардың үлгілі істері
көңіл қуантты.
әркім өз ауласын тазаласа...
Индира БаЙҚОНЫС
Қардан зардап шегіп сынған талдар әлі де қала көркіне нұқсанын
тигізіп тұр. Атқарушы билік оларды тазалаумен мейлінше
айналысқанымен, әлі де күші толық жетпеуде. Әсіресе шағын
мөлтек аудандардың жағдайы аса мәз емес. Көп қабатты тұрғын
үйлерді жағалай қоршаған тал-дарақтардың әр жерлерде томпайып
жатуы тұрғындардың жүріп-тұруына да өз кедергісін келтіріп отыр.
Табиғаттың тосын мінез танытқанына екі аптаға жуық уақыт өтсе де,
демалыс күндері үйлерінде демалып жататын тұрғындардың, соның
ішінде ер азаматтардың қоршаған орта тазалығына немқұрайлы
қарайтыны көңілге қаяу салады. Өкінішке орай, біз аралаған бірқатар
шағын аудан тұрғындары әлі самсаған қоқыс пен құлаған тал-
дарақтардың ортасынан өз беттерінше шығуға асықпай отырғандары
ойландырады екен. Сонда бұл тараздықтардың жалқаулығын көрсете
ме, әлде барлық жауапкершілік пен міндетті атқарушы билікке итеріп
тастауын айғақтай ма? Сұрағымызға екінші жауаптың нұсқасы сай
келетін секілді. Алайда көпке топырақ шашуға әсте болмайды. Ел
ішінде ешкімнен ешқандай көмек күтпей, өздері бірауыздан талдарды
шығарып тастап жатқан кісілердің көрегенді істерін көріп сүйсіндік.
Туған қаласының бір кірпіші құласа, жүрегі сыздайтын азаматтар ғана
елдің нағыз патриоттары екені анық. Осы тұста, көпшілік қауымға
өнеге-үлгі көрсетіп жүрген отаншыл жандар туралы неге жазбасқа
деген ой туады көкейде.
Міне, сондай ұйымшыл азаматтар деп «Қарасу» иінінің №21 үй
тұрғындарын атап өтуге әбден болады. Үй ағасы Оралбек Әбдіқадыров
өзі бастап, құлаған сойталдай тал-дарақтардың кішкентай балалардың
өміріне қауіп төндіретінін, адам мен көлік қозғалысын шектейтінін,
жапырақтарынан ажырап үлгермеген ағаштардың жаппай сынуы
жүрегінде табиғат анаға жанашырлық сезімін оятқанын айтып, жылы
үйінде отыра алмай, сыртқа шыққанын алға тартады.
- Кешқұрым жауа бастаған қар таңсәріге дейін жалғасты. Есік
алдында ағаштардың бұтақтары сынып жатқанын көзім шалып,
үйде отыра алмадым. Бірден тысқа шығып, оларды қоқысқа тастауға
асықтым. Далада білек сыбана жұмыс істеп жатқан адам қарасы
көрінбеді. Дегенмен бір өзім талдарды жинай бастадым. Ізімді ала
көрші жігіттер де асарлатып, әп-сәтте айналамызды мұнтаздай етіп
тазалап тастадық, - дейді ел ағасы ағынан жарылып.
Орал ағаның айтуынша, көп кісілер тұрғын үй мәселесіне келгенде,
азаматтық таныта бермейді. Бар жауапкершілікті жоғары жаққа бұрып,
өздері қол қусырып отыра беретін көрінеді.
Ал өсіп-өнген жерімізді қандай да бір апаттан қызғыштай қорғау-
Отан алдындағы перзенттік парызымыз әрі үлкендердің бір жағадан
бас, бір жеңнен қол шығарып іске кірісуі өскелең ұрпаққа да сабақ
болары сөзсіз екенін алға тартады «Қаратау» шағын ауданы №32 көп
қабатты үйдің тұрғыны Асылхан Қойшыбаев.
- Біз де дауыл болған күннің ертесіне көршілерімізбен қызу жұмысқа
кірісіп, қоршаған ортамызды тал-дарақтан, күл-қоқыстан тазаладық.
Меніңше, әрбір азаматтың Отанға деген махаббаты құрғақ сөзбен емес,
үлгілі ісімен сабақтасуы тиіс. Егер біз өсіріп отырған ұл-қыздарымызды
кішкентай кездерінен табиғатты аялауға, айналамызды таза ұстауға
баулысақ, олар да ел дегенде елжіреп, жұрт дегенде жұмылатын
болады, - дейді ол көпшілікке ой салып.
Дәл осындай үлгілі іс көрсете білген «Аса» мөлтек ауданының
бірқатар тұрғындарын атап өтуге болады. Оның ішінде, №19 үйдің
тұрғыны Ғалымжан Мұсатайұлы да алдындағы ағаларының сөзін
қостай кетті.
Рас, жоғары да есімдері аталған азаматтар ауыз толтырып
айтарлықтай ерлік іс істемесе де, туған қаламыздың жыртығын
жамап, қайта оның гүлденуіне сүбелі үлестерін қосуды ғана ойлай-
тын ұлтжанды жандар деуге толық негіз бар. Олай болса, сіз бен біз
де қоршаған ортамызды тиісінше аялап, шырайлы шаһарымызды
бірлесе көркейтуге атсалысуға асығайық, ағайын. Ал сіз не дейсіз,
ойлы оқырман?!
қаладағы жылу желілерін жаңғырту
барысында атқарылып жатқан жұмыстардан
кілтипан шықты. жұбанышев пен ұлбике
ақын көшелерінің қиылысындағы жаңарту
жұмыстарына «таразтрансЭнерго» Мкк жауапты
екен. Бірақ шикілік шыққан шаруаның бас
мердігері - «Геруда» серіктестігі. құбыр ауыстыру
кезінде мердігер компанияның мамандары
ауыз су мен кәріз жүйелеріне нұқсан келтіріп,
тұрғындардың наразылығын тудыруда.
жауапсыз мердігер қайда?
айсана НҰрБаП
- «Геруда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаладағы жылу
желілерін жаңғырту, құрастыру мақсатындағы жер қазу жұмыстары ба-
рысында «Тараз-Су» мекемесінің балансындағы кәріз жүйесін сындырып
кеткен. Және диаметрі 400 мм-лік сынған керамика құбырын бізге хабар-
ламай, бетін резіңкемен жауып, топырақпен көміп тастаған. Бұл жағдай
осымен бірінші рет орын алып отырған жоқ. Біріншіден, мердігерлер
жұмыстарын асығыс жасап, салдарынан бізге кесірі тиіп отыр. Осыдан үш
апта бұрын Рахимов көшесінде диаметрі 300 мм, ұзындығы 20 метрлік су
құбырын үзді. Салдарынан осы аумақтағы тұрғындарды сусыз қалдырды.
Өздері оны қайта қалпына келтірмей, бір сөзбен айтқанда, қашып кетіп
отыр. Ол кезде де біздің мекеменің авариялық-апаттық жұмыс тобының
мамандары кешкі сағат 19:00-ден таңғы 6-ға дейін жұмыс жасап, апатты
ауыздықтаған болатын. Бұл олқылықтарды жасап отырған жылу жүйесі
жұмыстарының бас мердігері - «Геруда» ЖШС-і. Басшыларын кездесуге
шақырсақ келмейді. Мұндай жағдайда акт толтырылады. Ал олар актіге
де қол қоймайды, - дейді «Тараз-Су» мекемесінің өндірістік-техникалық
бөлімінің инженері Тұрат Қошақбаев.
Кесірін тигізгендер кездесуге ақыры уәделескен уақытында, одан кейін
де келмепті. Енді эксковатордың қазу жұмысы кезінде зардап шеккен
кәріз құбырын ауыстыруға тағы да қыруар ақша керек. Себебі бұның
алдындағы 20 метрлік су құбыры да әлі толық жөнделмеген. Мердігерлер
жауапкершіліктен қашып отыр.
әлі жатыр. Судың ағысына айтарлықтай
кедергі келтіретін пластик бөтелкелер мен
тұрмыстық қалдықтар көненің көзіндей,
жауапсыздықтың жәдігеріне айналғалы
қашан?! Көпшіліктің көзі үйреніп кет-
кен бұл көріністі саябақтың солтүстік-
шығысындағы иісі қолқаны қабатын ескі
әжетхананың жағдайы, аяқ алып жүре
алмайтын шыны сынықтары толықтыра
түсуде. №8 аумақтық округіне қарайтын
саябақтың жайын білу үшін қала әкімінің
сол аумаққа жауапты бас инспекторы
Сағындық Усипбековпен байланыстық.
Оның айтуынша, аталған саябақтағы
тазалыққа егесі жауапты екен. Яғни саябақ
ішін қоқыстан тазарту - өздерінің міндеті.
Осы мәселеге орай саябақтың басшысын
іздедік. Шашылған күл-қоқыс, қоламсаның
иісі сол аумақтағы тұрғындарды да әбден
әбігерге салған. Немересін жетелеген
қариялар, бала-шағасын серуендеткен ата-
аналар да бұл жағдайға алаңдаулы.
- Негізінде саябақтың аумағы 15 гектар
жерді алып жатыр. Маған тек сол көлемнің
10 гектары ғана қарайды. Өзімізге тиесілі
аумақта тазалық күнделікті сақталуда. 3 аула
сыпырушы және 3 күзетші жұмыс жасайды.
Сынған бөтелкелер, қоқыстарды күнделікті
тазалап отырамыз. Себебі тұрғындар күндіз-
түні бөтелкесін немесе басқа да қоқыстарын
саябақтан өтіп бара жатып тастап кетеді.
Ал осыдан екі жыл бұрын саябақтың 15
гектарының 5 гектарын қазіргі «Атриум»
мейрамханасы алған болатын. Саябақтағы
қоқыс мәселесі көтерілгенде, барлығы бізге
шағымданады. Негізінде мен әкімшілікке
де, тиісті мамандарға да қоқыстың көп
шоғырланған бөлігі сол «Атриум» мей-
рамханасына қарайтынын дәлелдеп берген
болатынмын. Себебі олар екі жылдан бері
бірде-бір тазалық жұмыстарын немесе
сенбілік өткізген жоқ. Былтырғы және оның
арғы жылы сынған ағаштар, тал бұталарын
әлі күнге дейін жинаған емес, - деді саябақ
басшысы, «Алтынбөбек» ЖШС директоры
Қайрат Жұмашев.
Ал саябақтың шығысындағы канал бұл
15 гектардың ішіне кірмейтін көрінеді. Яғни
ондағы тазалыққа да саябақ басшылығы
жауап бермейді. Дегенмен Қ. Жұмашев
ол каналдағы тазалықты «Тараз Иррига-
ция» ЖШС балансында деді. Мәселеге
орай, аталған серіктестіктің маманда-
рымен пікірлесу бізге де оңайға соққан
жоқ. Ақыры серіктестік басшылығымен
(Сүлейман есімді) телефон арқылы
байланысқа шықтық. Оның айтуынша,
аталмыш каналдың тазалығына олар да
жауап бермейді екен. Бірақ сауалымызға
сенімсіз жауап берген ол телефон тұтқасын
үзе салып, қайтадан байланысқа шықпады.
Ендігі жағдай айтпасақ та түсінікті.
«Судың да сұрауы бар» дейді халық
даналығы. Ал тіршілік көзіне айналған ағын
су каналы саябақтың сәніне айналудың ор-
нына, қоқыстан көз ашпай тұр. Яғни ондағы
табиғаттың тағдырына, болашағына алаңдап
отырған ешкім жоқ!
Шаруадағы шикілік.
ОрТА
8
// «Жамбыл - Тараз» // №43 (1331), 26 қазан 2016 Жыл //
Айтарым бар...
Достарыңызбен бөлісу: |