Бүгінгі таңда біздің басты мақсатымыз еңселі егемендігімізді нығайту



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата31.03.2017
өлшемі7,52 Mb.
#10732
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Шынболат СеЙДУаЛИев

«Нұр Отан» партиясы облыстық 

филиалы  жанынан  «Жастарды 

қолдау»  бойынша  құрылған  са-

рапшы  топтың  алғашқы  отыры-

сы  өтті.  Жиынды  әуелі  жаңадан 

құрылған  сарапшы  топтың 

төрағасы,  облыстық  мәслихат 

депутаты Бақытжан Сейіткәрімов 

ашып,  топ  мүшелерін  танысты-

рып өтті. Сондай-ақ ол шараның 

 

„

«жастар практикасымен» алты ай тәжірибеден өткен жас маман 



келешегін қалай көреді?

жастардың жайы – 

жай Мәселе еМес

 

„

техникалық және кәсіптік білім беру жүйелі оңтайландырылуда.



кәсіптік мамандықтың көкжиегі

Сейділдә ТӨреН

2016-2017  оқу  жылында  өңірде 

49  техникалық  және  кәсіптік  білім 

мекемелерінде    26  963  студент  89 

мамандық,  133  біліктілік  бойынша 

білім алуда. Бұл жөнінде өңірлік ком-

муникациялар  қызметінде  облыстық 

білім басқармасы басшысының орын-

басары  Жәмила  Бекбатырованың 

қатысуымен  өткен  брифингте    ай-

тылды. Сондай-ақ «Техникалық және 

кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту» 

тақырыбында  өткен  жиынға  Жам-

был  политехникалық  колледжінің 

директоры Жанар Орынбаева мен №12 

Тараз  колледжінің  директоры  Марат 

Әшімов  қатысып,  өздері  басқаратын 

білім мекемелерінде жүргізіліп жатқан 

жұмыстарға тоқталды. 

Басқарма басшысы орынбасарының 

айтуынша, ағымдағы жылы мемлекеттік 

тапсырыс  негізінде  техникалық  және 

кәсіптік  мамандар  дайындауға  56 

мамандық бойынша 4123 орын бөлініпті. 

Оның ішінде жұмысшы мамандықтар 

көлемі 2456 орын екен. Бұл былтырғыға 

қарағанда  383  орынға  артық.  Ұлт              

жоспары  «100  нақты  қадамның»77-

ші  қадамына  сәйкес,  елімізде  жүзеге 

асырылатын инновациялық жобаларды 

кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында 

Жамбыл  политехникалық  колледжі 

«Ең үздік 10 колледж» қатарына еніп, 

2 мамандық бойынша жаңа білім беру 

бағдарламаларын  австралиялық  және 

германдық әдістеме бойынша жасапты.

Мұнымен қоса, өңірде 2016-2017 оқу 

жылында  31  колледжде  28  мамандық 

бойынша  оқытудың  дуальды  жүйесі 

енгізіліп, қазіргі таңда осы жүйе бой-

ынша 2530 студент білім алып жатыр 

екен.  Дуальды  оқыту  жүйесі  бойын-

ша  әлеуметтік  серіктестермен  153 

келісімшарт жасалыпты.

Колледждер құрылысына 2012 жыл-

дан бастап бүгінгі күнге дейін  3 млрд. 

219 млн. 152 мың теңге бөлініпті. Оның 

ішінде Тараз қаласындағы №12 Тараз 

колледжіне оқу-жатын корпусы, Тараз 

химия-технологиялық  колледжінің 

жаңа ғимараты, №13 Тараз темір жол 

колледжіне  100  орындық  жатақхана  

салынып,  пайдалануға  берілген.  Ал 

2011-2016  жылдары  15  колледждің 

күрделі  жөндеуіне    1  млрд.  252  млн. 

теңге бөлініпті.

Өңір  экономикасын  дамытудың 

басым  бағыттарының  бірі    химия, 

ауыл  шаруашылығы  саласын  дамыту  

екені белгілі. Аталған бағыт бойынша 

мемлекеттік  тапсырыс  көлемі  артып, 

басқарма тарапынан ілкімді жұмыстар 

атқарылып жатыр екен. 

- Былтырғы жылға қарағанда, химия 

саласына бөлінген мемлекеттік тапсы-

рыс көлемі 13,5%-дан 13,9%-ға,  ауыл 

шаруашылығына  бөлінген  тапсырыс 

көлемі  17,7%-дан  17,8%-ға  артып, 

Жамбыл политехникалық колледжінде 

2016-2017  оқу  жылына  «Есептеу 

техникалары  және  бағдарламалық 

қамтамасыз  ету »,  «Ақпараттық 

жүйелер»  мамандықтары  бойынша 

мемлекеттік  тапсырыс  негізінде  100 

орын  бөлініп,  аталған  мамандықтар 

ағылшын тілінде оқытылуда. Сондай-

ақ  әлеуметтік  серіктесті  үйлестіру 

мақсатында 1676 келісімшарт жасалып, 

студенттерді  өндірістік  практикадан 

өткізу  үшін    әлеуметтік  серіктестер 

тарапынан 14800 орын қарастырылды, 

- деді Жамила Елеуқызы. Сондай-ақ ол 

басқарма тарапынан техникалық және 

кәсіптік білім беру ұйымдары желісін 

оңтайландыружұмыстары  2010-2011 

оқу  жылынан  бастап  жүргізіліп  келе 

жатқандығын тілге тиек етіп,  2010-2015 

жылдар аралығында 5 мемлекеттік, 7 

мемлекеттік емес, барлығы 12 колледж 

жабылғандығын мәлім етті. 

- 2012-2014 жылдары ҚР Білім және 

ғылым  министрлігінің  қолдауымен 

20  млн.  теңгеге  жаңа  модификаци-

ялы  компьютерлік  техника  алынды. 

Республикалық бюджеттен бөлінген 50 

млн. теңгеге техникалық мамандықтар 

бойынша оқу лабораториялары және ше-

берханалар соңғы үлгідегі жабдықтармен 

жасақталды.  Ал  2014  жылы  Қайта 

құру  және  даму  халықаралық  банкі 

есебінен  жүргізілетін  «Техникалық 

және  кәсіптік  білімді  жаңғырту»  жо-

басы  аясында  «Механикалық  өңдеу, 

бақылау-өлшеуіш  аспаптары  және 

автоматика»  мамандығы  бойынша  57 

млн. теңгеге материалдық-техникалық 

база жаңартылып, оқу әдебиеттері алын-

ды.  Осы  жоба  аясында  оқытушылар 

Белоруссия, Франция мемлекеттерінде 

біліктілікті арттыру курстарынан өтті, 

- дейді жиын барысында сөз алған Жам-

был политехникалық колледжінің дирек-

торы Жанар Орынбаева. Ал №12 Тараз 

колледжінің директоры Марат Әшімов 

2012 жылы колледждегі мамандықтарды  

бейіндеу  мақсатында  «Тоқу  өндірісі» 

және «Тігінші, 2015 жылы «Электронды 

есептеу операторлары» мамандықтары 

жабылып,  мемлекеттік  тапсырыс 

беру  тоқтатылғандығын  мәлім  етіп, 

есесіне  өңір сұранысына қажетті «Газ 

құрылғыларын жабдықтау мен жөндеу 

слесары»,  «Жол-құрылыс машиналарын 

техникалық пайдалану»  мамандықтары 

ашылғандығын жеткізді. 

 

„

«өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық 



орталығы» ақ филиалы жамбыл облысы 

бойынша педагог қызметкерлердің 

біліктілігін арттыру институтында «Мәңгілік 

ел – болашағымыздың бағдары» атты оnline 

семинар өтті.

Мәңгілік ел – 

мұратты жол

Құралай СеЙСеНБеКҚЫЗЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған 

семинарға Меркі, Қордай, Т. Рысқұлов, Шу аудандарының 

педагогтері мен Тараз қалалық мектептерінен тарих пәнінің 

мұғалімдері  қатысты. Өзара пікір алмасқан ұстаздар қауымы 

білім беру үдерісінің тәрбиелік әлеуетін жетілдіру мақсатында 

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарының іске 

асырылуын талқылады.  Қазіргі қоғамда жаңа қазақстандық 

патриотизмді    қалыптастырумен  байланысты  ғылыми-

теориялық мәселелер жөнінде әңгіме өрбітті. 

Жиында №45 Б. Момышұлы атындағы қазақ классикалық 

гимназиясының  ағылшын  тілі  пәнінің  мұғалімі  Динара 

Тұрғынова  ҚР  білім  беру  жүйесіндегі  ұлттық  тәрбиенің 

әдіснамалық  негізі  бағытында  «Білім  беру,  ізденіс  және 

тәжірибе»  тақырыбында,  сондай-ақ  Т.  Рысқұлов  ауданы                  

Болтай батыр атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі 

Гүлбану Шокешова «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты 

ұстанымын білім беру ұйымдарында жүзеге асыру жолдарына 

кеңінен тоқталып өтті.

Семинар жұмысына қатысқан басқа да педагогтер жаңа 

жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясының қазақстандық па-

триотизм мен этносаралық келісімнің нығаюы мен өсуіндегі 

рөлдерін сөз етті. Ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар 

мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра 

білуді, өзгелерді де өз елінің нағыз жанашыр азаматтары 

ретінде қалыптастыра білуге талпыну керектігіне ұмтылып, 

әрбір азаматтың ел болашағын дамытуда үлес қосуына ықпал 

ететіндіктерін жеткізді.  Жиын соңында қатысушыларға сер-

тификаттар табыс етілді.

мақсаты  жастарға  бағытталған 

бағдарламалардың  орындалу  ба-

рысына мониторинг жүргізу және 

жастар арасындағы жұмыссыздық 

мәселе сін  шешу  жолдарын 

қарастыру екендігін тілге тиек етті.   

Партияның 2016-2020 жылдарға 

арналған «Қазақстан-2021: Бірлік. 

Тұрақтылық. Жасампаздық» Сай-

лауалды бағдарламасын іске асы-

ру  жөнінде  құрылған  сарапшы 

топтың отырысында «Жұмыспен 

қамту-2020», «Жастар практикасы», 

«Дипломмен ауылға!» және өңірлік 

даму бағдарламаларының орында-

лу барысы туралы мәселелер күн 

тәртібіне шығарылып, талқыланды. 

 «Дипломмен ауылға!» бағдар-

ламасының өңірдегі жай-жапсары 

бойынша  облыс  әкімдігінің 

ауыл  шаруашылығы  басқармасы 

экономикалық талдау, жоспарлау 

және ақпаратпен қамтамасыз ету 

бөлімінің  қызметкері  Жасұлан 

Құрманбеков  хабарлама  жаса-

ды.  Оның  айтуынша,  аталған 

бағдарлама  жұмысын  бастаған 

2009 жылдан бүгінгі таңға дейін 

2300-ден  астам  маман  ауылды 

жерлерге  барған  екен.  Оларға 

көтерме  жәрдемақы  ретінде  400 

млрд.  теңгеге  жуық  қаражат 

бөлінген.  Өңірде  осыншама 

қаржы  бөлінгеніне  қарамастан, 

ауылда тұрақтай алмай кетіп қалған                    

жастар да бар екен. Мәселен, 2010 

жылдан бері 17 жас қайтып кет-

кен.  Олардың  ісі  бүгінде  сотқа 

өтіп, берілген қаржы қайтарылған. 

Сондай-ақ бұл бағдарлама бойынша 

тағы бір мәселе – несиеге үй алған 

жастардың ақшасын қайтара алма-

уы.  Жастардың  несиеге  берешек 

сомасы - 67 млн. теңге. 

Ал  облыс  әкімдігінің  жастар            

саясаты мәселелері басқармасының 

басшысы Еркебұлан  Құралбаевтың 

айтуынша, басқарма тек бағдарлама 

аясында  қаражат  алғандарды 

ғана есепке алады да, мемлекет-

тен  жәрдемақы  күтіп  отырған, 

алайда ауылға барып орналасқан                          

жастарды  санаққа  қоспайды 

екен. Мұндай жайт бағдарламаға 

қатысушылардың  нақты  санын 

білуде кедергі болатынын айтқан 

басқарма басшысы мониторинг жа-

сау жүйесі қажет екендігін жеткізді. 

Сондай-ақ  ол  бұл  бағдарламада 

өзі  басқаратын  басқарма  тек 

насихаттық  жұмыстарды  ғана 

жүргізетіндігін тілге тиек етті. 

Басқосуда  облыс  әкімдігінің 

жұмыспен  қамтуды  үйлестіру 

және  әлеуметтік    бағдарламалар 

басқармасы  әлеуметтік  еңбек 

қатынастары  және  әлеуметтік 

әріптестік  бөлімінің  басшысы 

Ғалижан Мейірманов «Жұмыспен 

қамту-2020»  бағдарламасының 

орындалу барысы туралы хабарла-

ма жасап, «Жастар практикасын» 1 

жылға дейін ұзарту жөнінде ұсыныс 

беріліп жатқандығын мәлім етті. 

Сонымен қатар облыс әкімдігінің 

білім  басқармасы  персоналды 

басқару бөлімінің басшысы Ұлжан 

Мусина ауыл мектептеріндегі кадр 

мәселесін көтерді. 

-   « Ж а с т а р   п р а к т и к а с ы -

на»  жіберместен  бұрын  жұмыс 

берушімен жас маманды тұрақты 

жұмысқа алуын қадағалау керек. 

Себебі жас маманды 6 айдан кейін 

жұмыссыздар қатарына қосу дұрыс 

емес. Бұдан бөлек бағдарламамен 

барған жас мамандарға сала бой-

ынша жұмыс бермей, «барып кел, 

шауып  келдің»  кебін  кигізеді. 

Сондықтан  жұмыс  берушілер 

қыздарға  қарағанда,  жігіттерді  

алуды  қалайтындығын  біліп 

жатырмыз.  Мұндай  фактілерді 

мүлдем  болдырмау  керек.  Және 

тәжірибеден өтушілерге төленетін 

өтемақыны 18-ден 25 айлық есептік 

көрсеткіш деңгейіне дейін көтеру 

керек, - дейді қалалық жұмыспен 

қамту  орталығының  директоры 

Сәуле Қойбақова. 


«ФеМида» жастарын               

не толғандырады?

 

„

жас отбасының беріктігі - бүгінгі қоғамды толғандырып отырған мәселе.



 

„

ұлың ұлық, қызың мақтаныш етер перзентің болсын десең



жан жылуын ұсынудан шаршама!

жанұя жылылығы - өзіңде 

Құралай СеЙСеНБеКҚЫЗЫ 

Баласын  бес  жасқа  дейін  патшадай  күтіп, 

он  бес  жасқа  дейін  құлша  жұмсап,  он  бес-

тен  кейін  досындай  сырласуды  көздеген 

қазақтың ұрпағымыз. Туған перзентімен сый-

лас    һәм  пікірлес  болу  -  даналық.  Алайда 

бесігінде дегеніңді екі етпей өскен ұл-қыздың 

өзімбілемдікке салынып, өзеуреп кетпесіне кім 

кепіл? Елжіреп қараған ұл мен еркелеп өскен 

қыздың  өскен  ұясына  деген  қамқорлығы  мен 

жанашырлығын мәңгі сақтап қалу үшін не істеу 

керек? Балаға берілер махаббат қана емес, отба-

сында бөлінген көңіл мен ілтипаттың да маңызы 

зор екенін сіз білесіз бе?

Білім саласының мамандары бала тәрбиесін 

басты назарға алып, «Оқушылардың функцио-

налды  сауаттылығы  мен  қауіпсіз  мінез-құлық 

дағдыларын  қалыптастыру»  тақырыбында 

ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. 

Алдымен баланың көңілін тауып, жүрегіндегі 

жазуды  оқуға  тырысқан  мамандар  «Жанұя 

бала  көзімен»  атты  шығармашылық  жұмыс 

ұйымдастырып,  балғындарға  қылқалам 

құдіретімен өз жылы ұяларын қағазға түсіріп, 

сурет  салуды  тапсырды.  Олар  салған  сурет 

сөзсіз-ақ сөйлеп тұрды. Бәрі қол ұстасқан ерлі-

зайыптының қасына күлімсіреген өз бейнелерін 

салды.  Және  көктегі  күн  де  ұмыт  қалмады. 

Бұл  бейбіт  күннің  шуағында  ғұмыр  кешкен 

кішкентай тіршілік иелерінің ойындағы шынайы 

бақыты еді. 

Жиында М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дің 

аға  оқытушылары,  психология  магистрлері 

Айгүл Абдрахманова мен Раушан Байбосынова 

«Балалардың  тәртібін  отбасымен  ортақтаса 

отырып,  қауіпсіздігін  алдын  алу  шаралары» 

тақырыбында  лекция  оқыды.  Сонымен  қатар 

ақ  қағаздан  жасалған  алып  ағаштың  әрбір 

жапырағы іспетті қағаздарға жанұяға қатысты 

жылы сөз жазылып, «Отбасындағы құндылық 

ағашына» ата-аналарға өз қолымен жапсыруды 

табыстады. Махаббат пен мейірім, сүйіспеншілік 

пен сыйластықтан тамыр тартқан «Отбасындағы 

құндылық ағашы» әп-сәтте жанұя жылылығынан 

нәр  алып,  жайқалып  шыға  келгендей  әсер 

қалдырды. 

Одан кейін сөз алған м.ғ.д., профессор-дәрігер 

арайлым ШаБДеНОва

Құрылғанына бес жылдың жүзі болған 

«Фемида» клубының жастары «Отбасы – 

Мәңгілік Ел тірегі»  атты дөңгелек үстелде 

бас қосты. Болашақ заң өкілдерін қандай 

мәселе толғандыратынын жиынға келген 

бір топ іскер аналар тыңдады. 

Шараны  клуб  белсендісі  Ақниет              

Ештайбек  ашып,  жүргізіп  отырды. 

Отбасының беріктігі әке мен анаға бай-

ланысты екенін және бүгінгі қоғамда 

ажырасу фактілерінің орын алуының жиі 

кездесетін себептерін тілге тиек еткен 

клуб мүшелері Бекарыс Тілепбай мен 

Аружан Төлегенова бала тәрбиесіндегі 

ата-ананың  ықпалы,  жалпы  отбасы 

мәселелері төңірегінде ойларын ортаға 

салды.  Расында,  бүгінде  қазақ  үшін 

таңсық нәрсе қалмады. «Жаһандану» деп 

өзгенің жақсысын да, жаманын да бірдей 

жұтып жатырмыз. Тіпті, ақ пен қараны 

ажыратуға шама жоқ. Өз-өзіне қол жұмсау, 

маскүнемдік, нашақорлық, тонау, бірін-

бірі өлтіру, ажырасу. Иә, мұның бәрі – біз 

өмір сүріп отырған қоғамға тән дүниелер. 

Кеше ғана өзіміз бақыт сәтіне куә болып, 

тойларында жүрекжарды ақ тілектерімізді 

білдірген жас жұбайлардың ұзақ уақыт 

өтпей-ақ екі жаққа кетіп жатқандарын 

құлақ естіп, көз көріп жүр. Дегенмен 

бұл мәселеге алаңдаушылық білдіретін 

жандар  кемде-кем.  Өйткені  ажырасу   

үйреншікті қалыпқа айналғандай. Қазір 

елімізде  ажырасу  саны  артып,  ұрыс-

керісі көп отбасылардың қатары өсуде. 

Ал  ажырасқандар  әртүрлі  себептерді 

алға тартып жатады. Солардың ішінде 

көп кездесетіні мінездерінің жараспауы, 

көзге шөп салу және ішімдіктің салда-

ры  екен.  Соның  салдарынан  ата-ана-

сын қарттар үйіне тапсыратын қатыгез 

ұрпақ,  баласынан  жеритін  көкек  ана 

қатары  күн  санап  артып  барады.  Ал 

мектеп жасында ата-ана атану – тіпті 

ұлтымыздың тарихында болмаған жат 

дүние. Ол да бүгінде таң қаларлық жайт 

емес. Олай деуімізге себеп те жоқ емес. 

Дүйім жұрттың жағасын ұстатқан жыл 

басындағы тастанды балалар оқиғасын 

әлі ешкім ұмыта қойған жоқ.  Мамандар 

жастар арасында ажырасу фактілерінің 

жиілегенін айтып, дабыл қағуда. Мәселен,                                                                                         

облыста  өткен  жылдың  9  айында  39 

мың неке тіркеліпті. Оның ішінде 6380-і 

неке қиюшылар болса, 1851-і некесін 

бұзғандар.  Ал  биылғы  жылы  39  181 

некенің  6257-сі  некелерін  қидырса,              

1939-ы заңды түрде ажырасқан. 

– АХАЖ бөліміне 1700-ге жуық жұп 

сот шешімімен некелерін бұзуға келді. 

Ал  біздің  бөлімде  2222  жұп  өзара 

келісіммен ажырасуға келген. Олардың 

басым көпшілігі ортақ балаларының бол-

мауы мен мінез-құлқының келіспеуінен 

екі жаққа кетіп жатады. Дегенмен жас 

жұбайларға 1 ай көлемінде ойлануға 

уақыт беріледі. Осы уақыт аралығында 

ажыраспауға бел буып, қайта табысатын 

жұптар баршылық, – дейді облыстық 

Әділет басқармасының Азаматтық хал 

актілерін тіркеуді және апостильдеуді 

қамтамасыз  етудің  бөлім  басшысы 

Ләззат Әбішова. 

АХАЖ бөлімінде 2011 жылдан бері  

«Жас  отау»  клубы  белсенді  жұмыс 

атқарады. Некеге тұрғысы келген не-

месе ажырасуға арыз білдірген азамат-

тармен жеке жұмыс жасайтын клубта 

психолог, заңгерлер кеңес береді. Әрбір 

отбасының шаңырағын шайқатпай, берік 

ұстап  қалғысы  келетін  мамандардың 

бүгінде аяқ алысы оң нәтижесін беру-

де. Дегенмен ешкімнің кеңесіне құлақ 

аспай, өз бетімен отбасын ойрандап, ұл-

қыздарын бақытты болу құқынан айырып 

жатқан ата-аналар балаларына қандай 

зиян келтіріп жатқандарын сезбейтін 

сияқты.  Бұл  туралы  шараға  арнайы 

шақыртылған ҚР Әділет министрлігіне 

қарасты Медициналық сот сараптама 

орталығының эксперт–психологы Гүлім 

Жамбекова айтып берді.  

–  Кәмелет  жасқа  толмаған  бала-

лармен  жұмыс  жасау  негізінде  көп 

кездесетін факторлар – ата-аналардың 

ажырасу кезінде бала психологиясының 

жасына  сай  бұзылуы.  Отбасындағы 

әке мен ананың орны айрықша екені 

айтпаса  да  түсінікті.  Мәселен,  2-7 

жас  аралығындағы  балалар  ажырасу 

процесіне өздерін кінәлі сезінсе, 7-12 

жас  аралығындағы  жасөспірімдерде 

екі  тараптың  бірін  жек  көру,  ызала-

ну  және  өзіне  деген  сенімсіздік  жиі 

байқалады. Ал одан жоғары жастағылар 

бұл қалыпты жағдай деп түсінеді, – деді 

Гүлім Жамбекова.

Сонымен қатар ол жұмыс тәжірибесінде 

орын  алған  жағдайларды  әңгімелеп,                                                                                      

жастарды қоғам өмірінде орын алып 

жатқан  педофилия,  ажырасу  сынды 

жағдайларға атүсті қарамауға шақырып, 

жастар тарапынан қойылған сауалдарға  

жауап  берді.  Жыл  басында  облысы-

мызда орын алған келеңсіз оқиғаларға 

байланысты республика бойынша мек-

теп  жасындағы  қыздарға  жүргізілген 

гинекологиялық тексерістер нәтижесінде 

бойжеткендердің ерте жыныстық қарым-

қатынастарға баратындығы анықталған 

көрінеді. Осы орайда, психолог-маман 

мұндай фактінің басым көпшілігі толық 

емес отбасынан, өгей әкенің қыздармен 

тіл  табыспауынан  және  аналардың 

қыздармен  ашық  сөйлесе  алмауынан 

болады дейді. 

Еркін форматта өткен дөңгелек үстелде 

болашақ заң өкілдері өз ойларын ашық 

жеткізіп, сырттан келген қонақтармен де 

белсенді сұхбат құрды. Кездесуге келген 

ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Бай-дәулет» 

білім  беру  орталығының  басшысы                                                                                          

Камилаш Ахметжанова бала тәрбиесіндегі 

ұлттық құндылықтарға тоқталды. 

–  Етегін  жел  ашпаған,  бетін  анасы 

мен  әкесінен  өзге  ешкім  сүймеген 

бойжеткендердің отбасында алар орны 

ерек. Олар – болашақ ана. Бүгінгі қоғамда 

орын  алып  жатқан  келеңсіздіктерді 

айтудың өзі мына біздерге өте ауыр. Бес 

саусақ бірдей емес. Ең бастысы, мына 

сіздер болашақ ана және болашақ әке 

екендеріңізді  о  бастан  сезініп,  құрған 

отбасыларыңызға  жауапкершілікпен 

қарасаңыздар, түрлі жайттар орын алмай-

ды, – деді Камилаш Ахметжанова. 

Сондай-ақ  Жамбыл  облыстық  іскер 

әйелдер  қауымдастығының  атқарушы 

директоры  Хадиша  Оспанова  мен  Та-

раз  қалалық  мәслихатының  депутаты, 

облыстық ата-аналар кеңесінің төрағасы 

Эльмира  Мырза-Ғали  қазақ  қызының 

тәрбиесі мен отбасын құруда жастарымыз 

салт-дәстүрімізді қатаң сақтауы керектігін 

тілге тиек етіп, өмірлік тәжірибелерімен 

бөлісті. 

Сағындық  Ордабеков  «Оқушылар  арасындағы 

салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру» 

қағидаларына тоқталды. Темекі мен арақтың адам 

өміріне келтірер залалын баяндаған Сағындық 

Ордабекұлы:

-  Жаны  саудың,  дені  сау.  Шылым  инсульт, 

инфаркт, бронхит және тағы басқа да ауруларға 

душар етеді. Спирттік ішімдік те жақсылыққа 

алып  келмейді.  Қоғамда  өзін  жоғалтып,  сый-

құрметсіз қалады. 10 миллионға жуық адамның 

өмірі темекінің салдарынан қысқарып отыр, - деп 

оқушыларды зиянды әдеттен бойын аулақ ұстауға 

шақырды.

Сондай-ақ  «Жасөспірімдердің  ерже-

ту  ерекшеліктері»  жайлы  «Жан-Нұр»  Жа-

стар  денсаулық  орталығының  акушер-ги-

некологы  Роза  Асқарбаева,  ал  «Балалардың 

қауіпсіздігіндегі мектеп пен ата-ананың рөлі» 

тақырыбында  Айжан  Жатқанбаева  баяндама 

жасады. 


 Адам санасына үрей тудырған  анимациялық 

фильм көрсетілгенде, зал сілтідей тынды. Бомба 

атып, жасыл даланы қызыл қанға бояғандардың 

кесірінен  жазықсыз  жандардың  жапа  шеккені  

бейнеленген бейнероликте қарапайым халықтың 

халі мүшкіл еді. Жантүршігерлік оқиға жаныңды 

мұңға  бөлеп,  шалыс  баспауға  шақырады.  Бұл 

фильм қоғам дертіне айналып, адам санасын улап 

жатқан келелі мәселе діни экстремизм төңірегін 

баяндады. Бұл мәселе жөнінде «Діни экстремизм 

мен  терроризмнің  қазіргі  әлемге  қаупі»  атты  

баяндамасында  Дін  проблемаларын  зерттеу 

орталығы  ақпараттық  түсіндіру  және  талдау 

бөлімінің басшысы Самғат Мутанов тереңінен 

түсінік берді.  

Кеш барысы сахналық қойылым «Жан дауа» 

спектакліне ойысты. Ауылдан қалаға қызық қуып 

көшіп келген отбасының жалғыз ұлы нашақорға 

айналып, қызы үйде отырып бала табады. Бала-

ларынан жылы сөзін аямай, еркелетіп өсірген 

ата-ананың  перзенттері    қатыгездік  танытып, 

жақындарына дөрекі мінез көрсетіп, тіпті зейнет 

жасындағы  әке-шешесіне  қол  көтеретін  халге 

жетеді.  Осы  тұста  залдағы  әрбір  көрерменнің 

жүрегін тіліп өткен сұраққа іштей жауап іздеу 

процесі басталды.

  «Қайткенде  балаға  дұрыс  тәрбие  беруге 

болады?  Қағынан  жеріген  ұрпақ  кімге  керек? 

«Ұлым»  деп  өсіргенің  ұлтарақ  құрлы  көрмей, 

«қызым» деп қызықтағаның жұрт көзіне қараудан 

қалдырса,  не  күй  кешерсің?  Қайтпек  керек?» 

деген сан сауалды жиынға қатысқан әрбір жан 

жүрегіне түйіп қайтты. Мұндай келелі кездесу 

мен өзекті өлшемі бар дүниелерді барынша ортаға 

салып, дәл осылай ой саларлық сауатты жүргізу 

сөзсіз сақтыққа жетелейді. Қайыры жоқ баладан 

қасиет күту кеш. Бүлдіршін-ғұмыр бүрін ашпай 

жатып алдын алған жөн. Ұлыңыз кімге еліктейді, 

қызыңыз нені қызықтап жүр? Немесе балаңыздың 

дос-жарандары кім екенін білесіз бе? Жанұяңыз 

жылы ма? Оты жоқ ошақтан жаураған бала сырт-

тан жылылық іздеп кетпей ме? Буыны бекімеген 

балдырғанға  қателік  бірінші  болып  қол  соза-

тынын ұмытпаңыз. Міне, мәселе қайда жатыр!

«Бала бер, бала берсең, сана бер» деп тілейік 

Құдайдан...

Отан отбасынан басталады.   

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №43 (1331), 26 қазан  2016 Жыл  //

АЙнА

9


10

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №43 (1331), 26 қазан  2016 Жыл  //

зАң-зАМАн



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет