Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Бақылау сұрақтары және тест тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет18/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   131
Бақылау сұрақтары және тест тапсырмалары
1. Балалар психологиясының зерттеу әдістерін атаңыз және оларға 
сипаттама беріңіз.
2. Бала психикасын зерттеу әдістері қалай жіктеледі?
3. Бала психикасының дамуын зерттеуде негізгі әдістің алатын рөлі 
қандай? 
4. Бала психикасының дамуын қосалқы әдістермен зерттеудің 
ерекшелігін атаңыз?
5. Күнделікті іс-тәжірибемізде бақылау және сараптау әдістерін 
қолдана білудің жолдарына тоқталыңыз.
4. Мектепке дейінгі балаларды оқытып-тәрбиелеу ісінде 
қолданылатан барлық әдіс-тәсілдерге тоқталыңыз.
1-тапсырма
Мына мысалда қандай зерттеу әдісі қолданылған?
Баланың есте сақтау қабілетін анықтау үшін, оған шет тіліндегі 
10 сөзді жаттау тапсырылды. Бақылаушы баланың әрбір сөзді есінде 
сақтауы үшін қанша рет қайталағанын, 10 сөзге жіберген уақытын 
есепке алды.
2-тапсырма
Сипаттаған жағдайдағы зерттеу әдісіне анықтаңыз.
Оқушыға тәжірибе жүргізуден бұрын тиісті нұсқаулар алынады. 
Одан алынған барлық көрсеткіштер тиісті аппараттармен жазылады. Ал 
денесіне, бас киіміне бекітілген арнайы зерттеу аппараттары бар. Оңаша 
кабинаға орналастырылған оқушыға әр түрлі тітіркендіргіштермен
әсер етіледі.
3-тапсырма
Мысалда қолданылған әдіс-тәсілдерді анықтаңыз.
Тәрбиеші «Қуыршақ биі» деген көңілді ойын өткізіп, балалардың 
қимыл-қозғалысын, би ырғағының ерекшеліктерін зерттеу үстінде. 
Әзірше барлық бала бір қалыпты билеп жүр. Олар өздеріне-өздері 
сенімді, шеңбер бойымен қозғалып, қарапайым фигуралық қимыл-
қозғалыстар жасайды.


33
Енді міне, тәрбиеші Айгүл мен Гүлнардың ортаға шығып билеуін 
сұрады. Айгүл бірден билеуден бас тартты. Ал Гүлнар ортаға шығып, 
жан-жағына қарап, ұялып, жасқаншақтап, біраз тұрып қалды да, тек 
тәрбиешінің көмегімен билей бастады. Осы топтың ішіндегі пайымды 
да батыл қыз Ғалия бірден билеп кетті. Бірақ оның да өз қимыл-
қозғалысына сенімсіздеу екендігі сезілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет