67
розеткаларды жауып, ыдыстарды, кітаптарды жоғарыға қояды. Баланың
барлық тілегін орындау мүмкін емес, себебі, оның әрекеті оған және
айналасындағыларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Бала «болмайды»
деген
сөзбен таныс, бірақ дағдарыс кезінде бұл сөз аса өзекті болып
табылады.
«Болмайды» немесе «жоқ» деген кезде күйіп-пісу жағдайы белгілі
бір шекке жетеді: кейбір балалар айқайлайды, жерге құлайды, жерді
қолымен ұра бастайды. Күшті реніш әрекеттерінің пайда болуы,
көбінесе отбасындағы тәрбие стилімен байланысты. Бұл дербестілік
өзімшілдікке шектен тыс тыйым салу немесе үлкендер тарапынан
тәрбиенің бірізді болмауына немесе апасының көзінше орындап, әкесінің
көзінше орындауға болмайды деген сияқты
пікір қалыптастыратын
тәрбие стиліне байланысты.
Баламен жаңа қатынас құру жолдары, яғни балаға көбірек еркіндік
беру, үлкендер тарапына шыдамдылық пен сабырлық көрсету
дағдарысты жеңілдетіп, балаға аса қатты эмоциялық күштен арылуға
көмектеседі.
Өтпелі кезең беретін басты «Олжа» - Л. С. Выготский «автономды»
деп атаған өзіндік ерекшелік бар тілі. Ол дыбысталуы (фонетикалық
құрылымы) және мән-мағынасы жағынан (семантикалық) үлкендердің
сөздік қорынан ерекшеленіп тұрады. Бала сөзі кейде үлкендердің сөзіне
өздігінен ұқсап тұрады, ал кейде мүлдем басқаша болады. Үлкендердің
сөзіне мүлдем сәйкес келмейтін сөздер де кездеседі (мысалы, «ике»
шкаф; «импили» қалам;), үлкендер сөзінің кейбір буындарын сақтау
(«са» – сабын, «бас» – бас киім), үлкендер сөзін фонетикалық және
ырғақтың жағынан сақтап айту («тити» – сағат, «бах» –құлады),
дыбыстарына қарай айтылатын сөздер («аф-аф» – ит, «му-у» – сиыр).
Бәрінен қызығы – семантикалық айырмашылық. Кішкентай бала сөзге
мүлдем басқа мағына береді, себебі, ол әлі үлкен адамдардың түсінігін
меңгерген жоқ. Біз үшін сөз көбінесе толық заттармен, олардың жүйелі
белгілерімен байланысты қолданылады. Мысалы, «сағат» - зат, бұл
заттың көмегімен біз уақытты анықтаймыз. Бұл заттық атауға барлық
сағаттар ие, үлкені де, кішкентайы да, үшбұрыштысы да, дөңгелегі де.
Бала затты бір жүйеге келтіріп айта алмайды. Оның өзіндік логикасы
бар және оның сөздері көп мағыналы болып келеді. Автономды
сөйлеу мағынасын түсіну үшін Ч. Дарвиннің өз немересіне жүргізген
классикалық мысалын келтірейік. Саябақта ол немересін қыдыртып
жүріп, оның айтқан жаңа сөздерін бақылап жүрді. Бала суда жүзіп
жүрген үйректі көріп «уа» деген сөзді айтты. Бұл сөзді ол стол үстіне
төгілген сүтті көріп қайталады және де
сұйық заттардың барлығын
68
солай атайтын болды. Бір күні ол құстың бейнесін бейнеленген ескі
тиындармен ойнап отырып, олакрды да «уа» деп атады. Сонымен
кішкентай жылтыр домалақ заттардың барлығы (түйме, медаль, т.б.) осы
атауға ие болды. Объектінің барлық тізбегін қадағалаудың нәтижесінде
ғана бала сөзінің мәнін түсіне аламыз.
Сөйтіп, бір жастағы бала жаңа кезең – сәбилік шағына аяқ басарда
көп нәрсені үйреніп үлгереді. Ол жүре бастайды, заттармен әрекеттеседі,
үлкендер сөзін біршама мүсінетін болады. Сөздері анық болмаса да
сөйлеуге талпынады. Танымдық және эмоциялық жағына дами түседі.
Нәрестенің эмоциялық сезімі.
Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие
жағдайының әсерінен басқа да психикалық үдерістермен қатар дамып
отырады.
Жаңа туған балаларда тек қана
шартсыз рефлекторлық сезім
реакциялары, мысалы, кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты
қатты дыбыстан тепе-теңдігін жоғалтады, қатты қорқып кетсе қорғаныс
рефлексі жылау түрінде көрінеді.
Денесінің қысылғанын, не ауырғанын сезсе, тербету тоқталса, бала
аяқ қолын қатты қозғалтып, долданып, қатты ашуланғанын білдіріп
айғайлап жылайды. Осындай жағдайда тербетіп, жұбатып, сипалап
үстінен қақсақ, балада жағымды эмоциялық көңіл-күй байқалады.
Ең алғаш сезімнің пайда болып
көрінуі баланың барлық
органикалық қажеттіліктерімен қанағаттандырылуы дені сау, тамағы
тоқ, төсек орны жайлы, киімі құрғақ, өзіне шақ болса бала сергек
көңілді болады, жағымды эмоция туғызады. Ал,
керісінше, ашықса,
суыққа тоңса, қажеттіліктерімен қанағаттандырылмаса, жағымсыз
эмоциялар байқалады. Неғұрлым мейірімді үнмен сөйлеп жақсы
қарым-қатынас жасасақ көңілденеді, жағымсыз эмоция ащы дәрі ішкен
кезде де байқалады.
Қоршаған ортамен қарым-қатынас кеңейіп, әрекетінің түрлері
күрделенген сайын сезіміде қиындап күрделене түседі.
2-ші айдың аяғында 3-ші айдың басында жандану комплексі
байқалады.
Мұың пайда болу себебі, үлкендер баланы барлық
қажеттіліктерімен қамтамасыз етіп мейірімділікпен еркелетсе анық
көрінеді. Мысалы, әдемі ашық түсті ойыншық сазды музыкалық әуен
болады. Жағымды сезім тудырушы әсіресе өзінің ең жақын адамдары
анасына деген сүйіспеншілік ықылас ниетінен сезімін жақсы көреді.
Ол күлсе, күледі, бетін басып жыласа, қоса жылайды. Сондай-ақ
айналасындағылардың талап тілектерін орындау негізінде де байқалады.