Бүгінгі таңда тіл білімінде әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылымының салыстырмалы-типологиялық зерттеулеріне көп көңіл бөл



бет25/62
Дата07.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#72384
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
Байланысты:
ОРДАБАЕВА ЖАНАР МЕРГАЛИЕВНА

Болжал модальділігі
Сөйлеушінің субьектінің қимылды жасау-жасамауы күдікті деп санауы болжал модальділік (предположительная модальность) деп аталады. Мысал:
Бұл мысалдардағы болса керек, алған сияқты, болуы мүмкін деген аналитикалық формалы етістіктер қимылдың жасалуын болжалады түрде білдірген.
Тілде қимылдың болжалдық мәнін білдіретін мынадай аналитикалық форманттар бар: -уі мүмкін, -са керек, -ған болар, -ген көрінеді, -ғанға ұқсайды, -уы ықтимал, -ған шығар, -ді білем, -ген тәрізді, -етін тәрізді, -ген сияқты, -тін сияқты, -ген секілді, -ді кәдік. Мысалы: Ол манағы жерге барған көрінеді [109,611].
Егер ағылшын тілінде модальділік морфологиялық жолмен рай категориясымен бірге түрлі рай категориясы қолданылған конструкцияларында білдірілсе, қазақ тілінде рай катгориясы әр түрлі аналитикалық форманттармен бірге қолданыла алады және түрлі модальді мағыналарды білдіре алады.
Модаль мағыналы форманттардың соңынан үнемі рай көрсеткіші тіркеседі. Рай көрсеткішісіз ол контекстіде қолданыла алмайды. Мыалы -ғы кел форманты дәлел, өйткені ол басқа рай көрсеткіші арқылы түрлене алады. Қазақ тілінде ерікті қалау райдың көрсеткіші болып табылады [85,285].
Алайда қазқ тілінде аналитикалық форманттардың бәрі сөйлеушінің қимылға көзқарасын білдіре алмайды деп есептеледі. Мысалы -п бол, -а жазда, -ған бол форманттарында модаль мағына жоқ.
Осылайша қазақ тіліндегі модаль мағыналы аналитикалық форманттардың саны шектелген десе де болады. Олардың қатарына төмендегідей форманттарды жатқызуға болады: -а ал, -ғы кел, -а біл... [85,287].
-а ал (а алма) - субьектінің қимылды жасау мүмкіндігінің бар жоқ екендігін білдіреді. Ол кешке мерекеге бара алмады.
Модаль аналитикалық форманттардың таза модальді мағыналары болады және рай категориясы мен модальділік категориясы тең бір құбылысқа жатпайды. Олардың әрқайсысының тілде өзіндік көрсеткіштері бар.
-а біл форманты қимылды жасау субьектінің қолынын кетлетінін, субьектінің қимылды жасай алатындығын білдіреді. Ол субьектіге қатысты етістіктерге тіркеседі. Билей біледі, сөйлей біледі, тыңдай біледі. Оның қарындасы адамды тыңдай біледі. Мағынысы -а ал формантымен ұқсас келеді.
-а біл болымсыз түрде қолданылғанда, -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе болымсыз жұрнақтары қосылады. Сыйлай білмейді, көздей білмейді. Өзі де қонақтарын сыйлай білмейді [85,288].
-ғы кел форманты субьектінің имылға көзқарасын, оның қимылды жасалуын ұнататынын сөйлеуші тұрғысынан білдіреді. Білгісі келеді, келгісі келеді. Оның осы жерге келгісі келгені бәріне мәлім [85,286].
А.Н.Кононов, А.А. Юлдашев сынды тюркологтар бұл формантты рай көрсеткіші деп танымайды, оны модаль категориясының морфологиялық көрсеткіші деп таниды.
Сондай-ақ әр рай түріне байланысты аналитикалық форманттары бар. Мысалы ашақ райда мезгілді білдіруде нақ осы шақтың аналитикалық форманттарына -п отыр, -п тұр, -п жатыр және -п жүр жатады. Ол күннен-күнге сұлуланып келе жатыр. Қатыстық өткен шақтың аналитикалық форманттары еді көмекші етістігі арқылы жасалады. Мысалы -тұр еді, -п жүр еді, -мақ еді, -ыр еді, -атын еді, -ушы еді. Өзім осылай манадан айтып отыр едім. Қазақ әйелінің қоғамдық жайларын жұқалап сұрамақшы еді... [109,612].
Қазақ тілінде бұйрық райдың арнайы қосымшасы жоқ, өйткені бұйрық мағына етістіктің түбірінде берілген. Бар! Айт! Қара! Алайда бұйрық райдың аналитикалық формасын жасайтын арнайы аналитикалық форманттары бар. Оларға -ушы болма, -а көр, -а көрме жатады.
-ушы болма тыйым салуды білдіреді. Сен олардың көзінше жылаушы болма!
Бұйырудың тілек түрін -а көр, -а көрме аналитикалық форманттары білдіреді. Айта көрмеңіз! [85,286].
Қалау райдың аналитикалық форманттарына -са екен, -са игі, -са еді, -ғай еді жатады. Бұл аналитикалық форманттардың жалпы мағынасы бір, яғни тілек мағынасын білдіреді. Ең алдымен күн ашылса екен [85,287].
Шартты райдың аналитикалық форманттары -ған болса, -р болса, -са болса, -са болды. Әкең айтпай өзің білген болсаң, батамды берейін (М.Ә) [85,288].





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет