Кейіпкердің субьективті модальділік, тамсану You came-oh, my beautiful love!-and you freed my soul from prison. You taught me what reality really is. To-night, for the first time in my life, I saw through the hallowness, the sham, the silliness of th ety pageant in which I had always played. To-night, for the first time, I became conscious that the Romeowas hideous, and old, and painted, that the moonlight in the orchard was false, that the scenery was vulgar, and that the words I had to speak were unreal, were not my words, were not what Iwanted to say. You had brought me something higher, something of which all art is but a reflection. You had made me understand what love really is. My love! My love! Prince Charming! Prince of life! I have grown sick of shadows. You are more to me than all art can ever be [100,73]. Кінәләу “You have killed my love. You used to stir my imagination. Now you don’t even stir my curiosity. You simply produce no effect. I loved you because you were marvelous, because you had genoius and intellect, because you realized the dreams of great poets and gave shape and substance to the shadows of art. You have thrown it all away. You are stupid and shallow. My God! How mad I was to love you! What a fool I have been! You are nothing to me now. I will never see you again. I will never thik of you. I will never mention your name. You don’t know what you were to me, once. Why once… Oh, I can’t bear to think of it! I wish I had never laid eyes upon you! You have spoiled the romance of my life! How little you cn know of love, if you say that it mars your art! Without your art, you are nothing. I would have made you famous, splendid, and magnificent. The world would have worshipped you, and you would have borne my name. What are you now? A third-rate actress with a pretty face.” [100,74].
Кейіпкердің субьективті модальділік. Жалыну I think I should never have known it if you had not kissed me- if we had not kissed each other. Kiss me again, my love. Don’t go away from me. I couldn’t bear it. Oh! Don’t go away from me. Oh, don’t leave me, don’t leave me. The bright dawn flooded the room and swept the fantastic shadows into dusky corners, where they layshuddering. The quivering ardent sunlight showed him the lines of cruelty round the mouth as clearly as if he had been looking into a mirror after he had done some dreadful thing [100,76].
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі модаль сөздер бір-бірінен біршама синтактикалық функциясы жағынан айрықшаланады. Қазақ тілінде басқа сөйлем мүшелерімен грамматикалық байланыспайтын модаль сөздерден басқа, етістіктің құрамында кездесетін және модальділік мағынаны білдіретін біршама сөздер бар. Оларға керек, мүмкін, шығар, көрінеді, ұқсайды, ықтимал, сияқты және т.б. жатады [136,55].
Модальділік категориясы көпаспектілі категория болғандықтан әдебиетте, осы құбылысқа қатысты көптеген пікірлер бар. Модальділікті дәстурлі субьективті және обьективті модальділікке бөлетіндігі белгілі. Обьективті модальділік деп грамматикалық жолмен берілетін айтылымның шындыққа қатысын білдірсе, субьективті модальділік сөйлеушінің немесе жазушының айтылымға қатысын білдіреді. Тіл ғалымдары обьективті модальділік кез келген айтылымға маңызды болып табылады, ал субьективті модальділік факультативті болып келеді дейді [32,55].
Бұл пікірдің дұрыстылығымен санаспауға болмайды. Сонымен қатар екі модальділік те бір-бірінен едәуір айрықшаланады, сондықтан біз осы екі терминнің ара-жігін көрсетуіміз керек. Обьективті модальділікті сипаттау үшін модальділік терминін алсақ, субьективті модальділікті сипаттау үшін эмотивтілік терминін ала аламыз. Сонда модальділік пен эмотивтілік сияқты айтылымның екі әмбебап сапасын қарастыруға болады. Осы екеуінің факультативтілігін анықтауында екі категория бір-біріне қарсы қойылып, қарастырылады. Осылайша біз модальділіктің мәнін анықтай аламыз.
Модальділік деп біз грамматикалық жолмен айтылымның шындыққа қатысын білдіретін, айтылымның факультативті немесе облигаторлы сипаты. Келесідей обьективті модальділіктің грамматикалық жолмен берілуіне арналады. Обьективті модальділіктің грамматикалық жолмен жүзеге асырылуы туралы тіл ғалымдары ертеден айтып келе жатыр. Модальділіктің морфологоялық және синтактикалық жолмен берілуі туралы да белгілі [151].
Модальділік сияқты көпаспектілі категорияның маңыздылығын ескере отырып, біз жекелей морфологиялық және синтактикалық жақтарын зерттеуіміз қажет. Осындай тәсіл психологиядағы сөйлеуді тудыру процессімен байланысты. Мысалға профессор Р.С. Немовтің схемасын назарларыңызға ұсынатын болсақ, схемада ойдың тілдік құралдармен берілуі мен құрылуы деңгейлі сипатқа ие [152].
О й
Сөйлеуді Ойдың пайда
тудыру және І шкі сөйлеу болуы және
ойға айналдыру сөзге айналуы
С өйлемдер және фразалар
Сызба 1
Сөйлеуді тудыру теориясына сүйене отырып, біз модальділіктің грамматикалық жолмен берілуінің ерекшеліктерін сипаттай аламыз. Біліуымізше кез келген сөйлемнің немесе айтылымның өзінің денотаты бар. Бұл оның тілдік емес жағдайы [153].
Модальділік осы айтылымның денотативті мазмұныныа құралады және оны қарым-қатынас үшін коммуникативті-бағдарланған етіп жасайды. Осы сипатталған процесстер ойды құру деңгейінде өтеді. Тілдік фактілердің сараптамасына келе отырып,сипаттаманы синтактикалық деңгейден бастағанды жөн көреміз. Ол схема бойынша сөйлеуді тудырудың сөйлемдер мен фразалардың деңгейіне сәйкес келеді. Сөйлемнің немесе айтылымның құрылымында модальділікті білдіру үшін міндетті компанент бар. Біз оны сөйлемнің модальді компаненті деп атаймыз. Оны мақсаты модальділікті синтактикалық деңгейде беру болып табылады [153,61].
Модальді компанеттерге мысал:
Екі қолы алдына созулы Ақбілек қалшиып қалды. Әкеміз неше жылдай елу басы, ауылнай, би болған. [124,75].
Бірінші сөйлемде сөйлемнің модальді компаненті ретінде қалшиып қалды предикатын, ал екінші сөйлемде болған етістігі атқарып тұр. Осыған орай сөйлем мұшесінің мағынасы жағынан модальді компанентке қарағанда кеңірек.
Сөйлемнің модальді генінің бар екендігін көрсету үшін бізге модальді компанент керек.
Сөйлемдегі модальді компаненттің сипаты модальділіктің берілу жолы ретінде қарастырылады. Модальділіктің берілу жолдарын зерттеу оның синтактикалық аспектісін зерттеу деген сөз. Синтактикалық компаненттердің морфологиялық бірліктерді қамтитыны белгілі, басқа сөзбен айтқандакез келген синтактикалық позиция белгілі формадағы сөз таптарынан құралады. Бұл құбылыс модальді компаненттерге де қатысты.
Осылайша біз сөйлеуді тудырудың тағы бір сатысы- морфема мен сөздердің деңгейі жайлы сөз қозғамақпыз. Оған әр түрлі модальді мағынаны білдіретін модальділікті беру формалары сәйкес келеді. Модальділікті білдіретін формалар деп біз белгілі морфологиялық формаларда әр түрлі модальді мағыналарды білдіру үшін қолданылатын сөз таптарын атаймыз. Мысалы, Сен, шырағым, байқа! [124,55].
Осы сөйлемде модальділәкті білдіретін форма бұйрық райдың қолданылуы арқылы берліп тұр. Модальділіктің берілу формаларын зерттеу осы лингвистикалық құбылыстың морфологиялық аспектісін зерттеу деген сөз. Айтылымды құрау барысында синтактикалық позиция мен модальділіктің морфологиялық формасын біріктіретін буын болу керек. Осы буынға айтылымның шындыққа қатынасының берілу жолдары жатады.
Осы жолдардың рөлі модальділікті білдірудің формалары мен жолдарын байланыстыру болып табылады. Осы жолдардың бірі универсалды болып саналатын интонация, ал екіншісі-универсалды емес тәсілдер.
Модальділіктің берілу формалары мен тәсілдері бір блокқа бірігеді. Модальділікті білдіру тәсілдері модальділікті білдіру формаларымен біріктіретін сияқты. Айтылымдарды құрудың рөлі осында жатыр. Модальділіктің универсалды емес берілу жолдары грамматикаға, ал универсалды жол фонетикаға жатады [153,60].
Модальділіктің грамматикалық берілу жолдары екі түрлі қызмет атқарады. Бір жағынан олар рай формасынан айрылған формаларға модальді форма болуға көмектеседі, екінші жағынан осылайша олар модальділіктің тәсілдері мен формаларының бірігуіне әсер етеді. Мысалы, Ертең кетсең екенсің! Осы мысалда модальділіктің берілу формасы шартты райдың формасы болып тұр. Ол тілек модальді мағынасын білдіріп тұр. Бұл негізінен қалау райға тән мағына, алайда ол үшін лексико-грамматикалық тәсілдің, яғни екенсің сөзінің қосылуы керек болды. Осылайша ол шартты райдың тілекті білдіруге түрткі болып тұр.
Сонымен қатар интонация модальділікті білдірудің бір жолы бола тұра және фонетикалық құбылыстан фонетико-грамматикалық құбылысқа айналады да, грамматикалық қызмет атқарады. Осылайша модальділікті сипаттай отыра оның беріуі триадаға сәйкес жүзеге асырылады. Тәсіл-форма-жол. Осындайда модальділікті білдіруінің әрбіреуінің жақтарын сараптаған жөн. Осылайша модальділіктің формалары, тәсілдері мен жолдарын қолданғанда мұқият болу керек [153,66].
Модальділікті білдірудің тәсілдері әмбебап, яғни интонация арқылы беріледі және әмбебап емес болып бөлінеді. Әмбебап айтылымдардың кез келген түрінде кездеседі, Ал әмбебап емес тәсіл тек кебір айтылымдарда кездеседі. Модальділікті білдірудің тәсілдерінің қызметі деп –формалар мен жолдарды байланыстыру болып табылады.