іс-әрекет оның мәні басқару әлеуметтік іс-әрекет түрінің бірі ретінде, заттық нәтижеге жетуді мақсат етіп қояды (Й.Кхол, В.С. Лазарев, Л.И. Суворов, Г.X. Попов, М.М. Поташник және т.б);
бір жүйенің екінші жүйеге әсері, бір адамның келесі адамға немесе топқа әсері ретінде қарастырылған, оның мәні басқарушы объектіні өзгерту (В.Г.Афанасьев, А.А.Орлов, Н.С.Сунцов, С.Ю.Трапицын, Н.Д.Хмель және т.б.);
субъектілердің өзара әрекеттестігі – бұл негізде өзгерістер тек өзара байланысты емес, сонымен өзара шартталған негізде болады (А.Т.Абрамов, П.И.Третьяков, Т.И.Шамова, Д.В.Юдин және т.б.)
Біз өз тарапымыздан басқаруды соңғы бағытқа, яғни субъектілердің өзараәрекеттестігіне сәйкес қарастырамыз. Өйткені, өзара әрекеттестік зерттеу объектісі ретінде педагогикалық үдерісті оқытушы мен студенттің шығармашылық өзара әрекеттестігі шарттарының тиімділігін (Медеуова Т.А.), білім беруді ізгілендіруде пән аралық байланыс үдерісінде (Бейсенбаева А.А.), мектепте педагогикалық үдерісте ынтымақтастық педагогикасының идеяларын іске асыру (Хан Н.Н.), ЖОО-нда педагогикалық үдерістегі кәсіби өзара әрекеттестіктің болашақ мұғалімдер кәсіби даярлығының сапасына әсері тұрғысынан (Каргин С.Т.) зерттеумен байланысты. Бұл жұмыстардың біздің мәселемізге қатысты құндылығы болашақ маманның басқарушылық іс-әрекетке қатысты ұстанымдық бағытын нақтылауға мүмкіндік береді.
«Басқару» түсінігін қарастыра келе, зерттеушілер оны екі негізгі аспектіге
бөліп анықтағанын байқадық:
функционалдық бөлу және басқару функцияларын талдау. Негізінде
«ғылыми басқару» мектебінің идеялары жатыр (Ф.Тейлор, Л.Маллинз);
жеке тұлғалық бөлу. Көшбасшының тұлғалық қасиеттерін анықтау негізінде «адами қатынастар» мектебінің идеялары жатыр (Сократ, Аристотель, Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қ.А.Иассауи, А.Иүгінеки, М.Қашқари, Э.Мэйо, В.М.Шепель және т.б.).
Сонымен, білім берудегі басқарудың екі негізгі деңгейі бар. Бірінші деңгей – оқу орнын ұйым ретінде басқару. Екінші деңгей – мұғалімнің басқару деңгейі.
В.И.Кочетков басқарудың бірінші деңгейінің мақсаты – шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі дамыту арқылы білім беру мекемелері оқытушыларының өнімділігін қамтамасыз ету деп, ал екінші деңгейдің мақсаты
әрбір білім алушының шығармашылық мүмкіндіктерін және қабілеттерін барынша ашу және дамыту арқылы оқыту үдерісін оңтайлы басқаруды жүзеге асыру деп негіздеген [30, с. 28]. Жалпы алғанда, басшылық ету – басқару шешімдерін әзірлеу, қабылдау және енгізу үдерісі. Басқару жекелікке, топтыққа, ұжымдыққа бағытталған және тұлғаның қажеттіліктеріне, құндылықтарына, көзқарастарына, қарым-қатынастарына әсер етіп, кәсіби іс-әрекеттің тиімділігін арттыратын экономикалық, әкімшілік, психологиялық және педагогикалық әсерлері арқылы халықтың іс-әрекетін оңтайландыруға бағытталған кәсіби қызмет түрі [31, с. 117].
Біз жұмысымызда басқарудың екінші деңгейін, яғни, мұғалімнің басқару іс- әрекетін қарастырамыз. Мұғалімнің дәстүрлі қызметі білім берудің процессуалдық аспектісіне бағытталған. Бұл экономикалық сипатта емес, өйткені білім беру жұмысының үлкен көлемін жүзеге асыруға бағытталған. Тактикалық міндеттер стратегиялық маңызға ие. Мұғалім күн сайын педагогикалық жағдайдағы өзгерістерге жауап береді, бірақ оқу үдерісінің дамуын болжамайды.
Қазіргі заманғы кәсіби мектеп тек жаңа материалды түсіндіруге және өз жұмыстарын ұйымдастыруға қабілетті пән мұғалімдеріне ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың оқу-танымдық белсенділігін сауатты басқаруға қабілетті пән мұғалімдерін қажет етеді. Біз мұғалімнің басқарушылық іс-әрекетін
«басқарылатын кәсіпорын жүзеге асыратын үздіксіз іс-қимыл үдерісі, оның нәтижесінде басқарылатын объектінің имиджі қалыптасады және өзгереді, бірлескен қызметтің мақсаттары анықталады, оларға қол жеткізу жолдары анықталады, оның қатысушыларының жұмысы бөлінеді және күш біріктіріледі» делінген тұжырымдарды қолдаймыз [32, с. 75].
Мұғалімнің басқарушылық іс-әректінің теориясының даму кезеңдері 1- суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |