Бижанова Нұржанар Кәкенқызы



бет17/70
Дата16.05.2022
өлшемі1,36 Mb.
#34655
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   70
Байланысты:
111Sa

Төртінші, педагогикалық менеджменттің даму кезеңі (ХХ ғасырдың 80- 90). ХХ ғасырдың 90-жылдары педагогикалық мамандықтарға зерттеуші, студенттік ортадағы лидерлікті дамыту тұрғысынан аса көңілбөлінді. Педагогикалық білім беру мекемелерінде студенттер бойында лидерлік сапаларды дамыту бойынша тренингтер, бағдарламалар қолданылды. Ол бағдарламалар мақсаттары білім алушыларды белсенді әрекеттерге, өзіндік жетілуге, өз болашағын жоспарлауға бағытталды. Бағдарламалар лидерлерді даярлауға ынталандырды, яғни ұжымда беделге ие білім алушыларды ынталандыру, ол бағдарламалар екі бөлімнен, біріншісінде тұлғаның лидерлік қабілеттерін анықтауға арналған психологиялық тесттер, ал екінші бөлімде лидерлік қабілеттерді дамытуға арналған жаттығулар мен ойындардан тұрды.

Педагогикалық менеджмент мәселесі Т.И.Шамова, Ю.А.Конаржевский, М.М.Поташник, П.И.Третьякова жұмыстарында көрініс тапты [19].Білім беру үдерісінде оқытушылар мен білім алушылар арасында субъект-субъектілі қатынастар дамыды, ол тұста педагог және білім алушылар арасында өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық орын алды. Педагог іс-әрекеті басқарушылық сипатта болды. Бүгінгі күн педагогі әдіскер, бақылаушы, басқарушы қызметін атқарады. Ол өз әрекетін және білім алушылар іс-әрекетін басқара алады. Студенттік ортадағы лидерлікті дамыту мәселелерімен айналысушы отандық және ресейлік ғалымдар сәйкес қабілеттерді тек сабақтан тыс уақытта емес, түрлі пәндер аясында да дамытуға болатындығын айтады. Ол үшін бұл мүмкіндіктерге педагог мамандар өздері ие болулары қажет, себебі басқарушылық қабілеттері бар педагогтар, өз кезегінде белгілі деңгейде «идеал», «эталон» болады, білім алушылар іс-әрекетін ұйымдастыруға қабілетті болады.



Бесінші, қазіргі ХХІ ғасыр кезеңі (2000 жылдан - бүгінгі күнге дейінгі кезең). Соңғы біз белгілеп өткен кезеңде педагогикалық-психологиялық ғылымда көптеген диссертациялық жұмыстар орындалған, олардың аясында лидерлік, басқарушылық әлеует мәні айқындалған, лидерлік сапалардың жіктемелері мен сипаттамалары берілген, лидерлік қабілеттерді тиімді қалыптастырудың педагогикалық шарттары көрсетілген, басқарушылық іс-әрекетке даярлықты қалыптастыру мәселелер қарастырылған. Е.Ю.Зимина жұмысында педагогикадағы басқару практикасының тарихи аспектілері қарастырылған, болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттіліктерін мәселелері көтерілген. Ғалым пікірінше, оқу-тәрбие үдерісінде басқарушылық ойындар, кейс-стади, практикалық басқарушылық міндеттерді шешу және т.б. интерактивті технологиялар қолданылса, басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру тиімді болады [20].Бұл туралы автордың өзінің жарық көрген мақаласында да кеңінен айтылады [21].Осы кезеңде білім берудегі менеджмент саласының дамуына назар аударылды. ТМД елдерінде жоғары оқу орындарында «білім берудегі менеджмент» мамандығы бойынша кәсіби мамандар даярлана бастады. Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы бакалавриаттың педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарына «Білім берудегі менеджмент» атты арнайы пән

енгізілді. «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалавриатта, магистратурада «Білім берудегі менеджмент» мамандануы ашылды (Әл-фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазмемқызПУ, ПМПУ және т.б.). 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-нде аталған мамандық аясында магистратурада «Білім берудегі менеджмент» эксперименттік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Осы кезеңде отандық ғалымдар білім беру саласындағы басқару мәселесін зерттеуге баса көңіл бөле бастады (кесте-1). Осы тұста айта кететін жайт Қазақстанда басқару ұғымына қатысты практикалық маңыздылыққа ие жұмыс 1990 жылы жарық көрген «Мектеп директоры басқарушылық іс-әрекетін жетілдіру» атты К.Д.Каракуловтың әдістемелік нұсқаулығы, оның аясында қоғамды демократизациялау жағдайында жалпы білім беру мектептеріндегі басқаруды жетілдіру мәселелері қарастырылған [22]. 1997 жылы Д.Р.Принбекованың

«Мектеп басшыларын жаңаша басқаруға даярлау» еңбегі жарық көрді.
Кесте 1 - Қазақстандық ғалымдардың білім беру саласындағы басқару мәселесіне қатысты зерттулері (1997-2017 жж.)


Аты - жөні

Зерттеу тақырыбы

Қорғау жылы

1

2

3

Н.А.Абишев

Қазақстанның қазіргі заманғы мектебін реформалауда инновациялық мектептердің педагогикалық ұжымдары мен білім берудегі басқару органдары

арасындағы өзара әрекеттестіктің ғылыми негіздері



2001

Г.З.Адильгазинов

Шағын жинақты мектепте мұғалімнің педагогикалық

үдерісті басқаруын жетілдірудің теориялық негіздері



2002

А.К.Рысбекова

Гимназияда ғылыми-әдістемелікжұмыстарды

басқарудың педагогикалық негіздері



2002

А.Туксанбаев

Басқарушы мамандардың біліктілігін көтеру жүйесінде мектеп директорының басқарушылық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық

шарттары


2004

Ю.В.Баталов

Жоғары кәсіптік білімі бар мамандардың даярлығын жетілдірудің экономикалық және басқару проблемалары мен жолдары (Шығыс Қазақстан облысының және Қазақстан Республикасының

көліктік-коммуникациялық кешені материалдары бойынша)



2005

Е. Ш.Козыбаев

Көп деңгейлі білім беру жағдайында менеджмент негізінде қазіргі жоғары мектепті басқарудың ғылыми-

педагогикалық негіздері



2006

Л.Н.Ким

Мемлекеттік емес ЖОО-да білім беру үдерісін

басқарудың педагогикалық шарттары



2006

1 – кестенің жалғасы


1

2

3

Д. Н.Кулибаева

Халықаралық типтегі мектептердің кәсіби бағдарланған

білім беру жүйесін басқарудың әдістемелік негіздері



2007

С. З.Каирбекова

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесі мамандарының кәсіби біліктілігін қалыптастырудың ұйымдастырушылық-басқарушылық технологияларының

әдіснамалық негіздері



2007

С. Н.Калиева

Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдағы жалпы білім беретін

қазақ мектебін басқаруды жетілдіру



2008

А.Б.Куспанов

Жоғары мектепті басқару әлеуметтік институттың

функциясы ретінде



2008

Ф.Я.Вассерман

Жалпы білім беретін мектептерде оқыту сапасын басқару

технологиясы



2009

Т.М.Баймолдаев

Жалпы білім беретін мектепті басқарудың ғылыми-

педагогикалық негіздері



2009

С.К Исламгулова.

Жалпы білім беретін орта мектептің педагогикалық жүйесін

дамытуды басқарудың теориясы мен практикасы



2009

Э.Т.Баярыстанова

Сараптама мен талдау мектепте білім беру сапасын

басқарудың тиімділігі ретінде



2009

Н.Н.Мерхайдарова

Жалпы білім беретін мектептегі жасөспірімдер арасындағы

тұлғааралық қақтығыстарды педагогикалық басқару



2009

Г.К.Байжикенова

Заманауи мектептің тұтас педагогикалық үдерісін

инновациялық басқаруды дамыту



2010

Ж.Б.Умирбекова

Қазіргі қоғамның жаһандану жағдайында білім берудегі

менеджменттің педагогикалық-ұйымдастыру негіздері



2010

Б.Сайлыбаев

Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлығын басқарудағы сабақтастықтың

ғылыми негіздері



2010

Д. И Абдраимов.

Техникалық және кәсіптік білім беруді ақпараттандыру жағдайында мұғалімдерді басқарушылық іс-әрекетке

даярлау жүйесін дамыту



2010

А. С.Сатывалдыева

Жоғары білім беру сапасын тиімді басқарудың үлгісін

жасаудың ғылыми негіздері



2013

А. Жунусбекова

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін басқарушылық іс-

әрекетке даярлау



2015

М. Книсарина

Кіші мектеп жасы оқушыларының басқарушылық

іскерліктерін қалыптастыру



2016

К.Б.Аданов

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби даярлау

үдерісінде басқарушылық мәдениетін қалыптастыру



2017

Көрсетілген зерттеулердің мазмұнына жасаған талдау отандық ғылыми әдебиеттердегібілім беру саласындағы басқару мәселелерін топтастыруға мүмкіндік берді:


  1. Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың теориясы мен практикасы

  2. Жоғары оқу орнын басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері, педагогикалық шарттары, ерекшеліктері

  3. Білім беру ұйымдары басшыларының даярлығын жетілдірудің теориялық-әдістемелік негіздері

  4. Білім беру ұйымдарын басқарудағы өзара әрекеттестік, сабақтастықтың ғылыми негіздері

  5. Болашақ мұғалімінің басқарушылық іс-әрекетін дамыту, басқарушылық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері, эксперименттік тәжірибесі және т.б.Осы еңбектер болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің зерттелмегендігін көрсетеді.

Олардың ішінде біздің зерттеуімізге жақын келетін 5-топтағы еңбектерде болашақ бастауыш сынып мұғалімдері зерттеу нысанына алынған. Мәселен, А.Жунисбекова болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің басқарушылық іс- әрекетке даярлығын қарастырса [23], К.Аданов олардың басқарушылық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық жүйесін жасап негіздеген [24], ал М.Книсарина кіші мектеп жасы оқушыларының басқарушылық іс-әрекетін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемесін жасаған [25]. Д.Абдраимов мұғалімдерді басқарушылық іс-әрекетке даярлауда ақпаратттандыру мәселесін жан-жақты талдаған [26].

Адами ресурстарды басқарумен байланысты бастауыш мектептің өзекті мәселелерінің шешімінің бірі – шағын жинақты оқыту процесін басқаруға педагог даярлығын қалыптастырудың жүйесін құру сынды мәселені өз диссертациялық жұмысында Г.З.Адильгазинов та қарастырған.

Аталған ғылыми-зерттеу жұмысында шағын жинақты мектептерді оқыту процессінің қызмет етуінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері айқындалған және де автор осы мектептерді басқаруға мұғалім даярлығының мәнін ашып көрсеткен. Зерттеуші жұмысында аталған даярлық деңгейі, белгілері, критерийлері негізделіп, қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалған [27].

Сондай-ақ, зерттеу барысында «басқару», «менеджмент» ұғымдарының ғылыми әдебиеттерде синонимдік терминдер тұрғысынан қарастырылғанына көз жеткіздік. Ол үшін басқару және менеджмент ұғымдары қарастырылған әдебиеттерге талдау жасадық, ғалымдардың берген анықтамаларын саралап, кестеге түсірдік (кестелер 2, 3).

Кесте 2 - Ғалымдардың «басқару» ұғымына берген анықтамалары


Авторлар

Анықтамалар

Сократ

қажетті адамды өз орнына қоюды және берілген тапсырманы талап

ету


Г.Гегель

заңды ресми түрде орындау немесе қолдау

В.Г.Афанасьев

саналы және мақсаттылық іс-әрекеті, тек қана саналы іс әрекет емес оның әртүрлілігі, шешімдерін өңдеуге қатысты және оның қабілеті, жүйелілік жолымен алынған мақсатқа сай жүйе қызметін жөндеу,

қолдану және қайта өңдеу



Ю.А.Конаржевский

адамдарды басқарудағы қызметтің нақты түрі

Л.В.Ительсон

нәтижесінде алдын ала дайындалған мақсатқа жететін әсердің

жиынтығы


А.В.Филипов

субъектінің объектіге бағытталған әсері және әсерету нәтижесінде

объектінің өзгеруі



В.А.Сластенин

мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар – педагогикалық ұжым және оның

басшыларының қызметтік іс-әрекеттері



Д.Н.Бобрышев

бұл шешімді шығаруды, қабылдауды, қабылданған шешімнің орындалуы жөніндегі жұмыс барысын үйлестіруді, орындалу

барысын бақылауды бірізділікпен жүзеге асыру



Г.И.Щукина

мектеп ішіндегі психологиялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік сияқты күрделі процестер мен қатынастарды саналы

түрде реттеу



К.Ғ.Ахметов

бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету

Г.М.Коджаспирова

білім беру процесінің басқару принциптерінің ұйымдастыру

нормалары мен технологиялық тәсілдерінің жиынтығы



Ж.Б.Умирбекова

мекеме мақсатына қол жеткізуге және түрткі беруді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, орындау, бақылау және реттеуді қалыптастыруға

мүмкіндік беретін жүйелі үдеріс



Б.А. Абилова, К.К.Найманбаева, Л.У.Сұлтанбаева

шешім қабылдау, жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, мақсатқа сәйкес объектіні бақылау, реттеу және жаңа шешімдер мен нақты ақпарат негізінде қорытынды шығаруға бағытталған іс-әрекет

Ю.В. Васильев

Құрылымын сақтауды, оның мақсаттарын жүзеге асыруды

қамтамасыз ететін интегралдық жүйе функцияларының бірі



М.М. Поташник

Мектептің қалыптасуын, тұрақтылығын, оңтайлы жұмыс істеуін және міндетті түрде дамуын қамтамасыз етуге бағытталған барлық

пәндердің мақсатты қызметі



В.И.Симонов

Педагогикалық жүйелерді басқарудың технологиялық әдістері мен

тәсілдері, олардың жұмыс істеуінің және дамуының тиімділігін арттыруға бағытталған принциптер жиынтығы



Т.И.Шамова

Баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы педагогикалық үдерістің

барлық қатысушыларының ынтымақтастығы үшін жағымды жағдай жасау



Кесте 3 - Ғалымдардың «менеджмент» ұғымына берген анықтамалары


Авторлар

Анықтамалар

Н.И. Кабушкин

«адамдардың еңбегін мінез-құлқын және ой-өрісін қолдана отырып

жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым және өнер»



М.П. Симонов

«кешенді әдістердің, ұстанымдардың ұйымдастыру формалары мен

технологияларды педагогикалық жүйеде тиімді әрі дамытуға бағытталған басқару»



З.М. Садвакасова

«басқарудың ғылыми негізі экономикалық жағдайда адами

ресурстардың аз шығындалып көп пайда табуын ұйымдастыру»



А.В. Куперина

«Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары

мен технологиялық тәсілдерінің кешені»



Л.Ланг

«белгілі міндеттерді орындау үшін адамгершілік, тиімділік және

үнемділік жолдары арқылы адамдарды басқару»



В. В. Леонтьев

бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық

енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы»



Н.И. Кабушкин

«адамдардың еңбегін мінез-құлқын және ой-өрісін қолдана отырып

жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым және өнер»



М.П. Симонов

«кешенді әдістердің, ұстанымдардың ұйымдастыру формалары мен технологияларды педагогикалық жүйеде тиімді әрі дамытуға

бағытталған басқару»



З.М. Садвакасова

«басқарудың ғылыми негізі экономикалық жағдайда адами

ресурстардың аз шығындалып көп пайда табуын ұйымдастыру»



Кестелерде берілген басқару, менеджмент анықтамаларын талдау нәтижесі бізге ғалымдардың осы ұғымдарды синоним ретінде қарастырғанын көрсетті. Дегенмен, «басқару» ұғымы іс-әрекеттің түрлері мен салаларында қолданылуына байланысты ауқымы кең. «Менеджмент» кәсіби басқару дегенді білдіреді. Ал, біздің зерттеуіміздепедагогтың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру нақты мұғалім мамандығына қатысты болғандықтан, осы кәсіп саласындағы басқару қағидаттары, теориялары, ұстанымдары негізгі орынға ие. Демек, диссертациялық зерттеуде басқару ұғымы мен менеджмент түсінігі синонимдік қатарда қолданылады дегенді білдіреді, бұл – біріншіден.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет