Екіншіден,ғалымдар білім берудегі басқаруды, яғни, педагогикалық менеджментті іс-әрекет түрі, үдеріс, технологиялық жүйе, шарт, ғылым және өнертұрғысынан айқындаған. Мәселен, Б.А.Абилова, К.К.Найманбаева, Л.У.Сұлтанбаева сынды ғалымдар басқаруды шешім қабылдау, жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, мақсатқа сәйкес объектіні бақылау, реттеу және жаңа шешімдер мен нақты ақпарат негізінде қорытынды шығаруға бағытталған іс- әрекет ретінде түсінсе [28], Ж.Б.Умирбекова өз зерттеуінде «басқару» ұғымына төмендегідей анықтама береді – мекеме мақсатына қол жеткізуге және түрткі беруді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, орындау, бақылау және реттеуді қалыптастыруға мүмкіндік беретін жүйелі үдеріс [29]. Сондай-ақ, осы ойымыздың дәлелін 4-кестеденде көруге болады.
Кесте 4 – Ғалымдардың «педагогикалық менеджменттің» тұжырымдамасын анықтаудағы көзқарасы
Автор. Дереккөз
Мазмұны
Тұжырымдық
көзқарасы
Ю.В.Васильев Мектептегі педагогикалық басқару [28,б. 47]
К.Я.Вазина Педагогикалық менеджмент [27, с. 5]
Оның құрылымын сақтауды, оның мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кіріктірілген жүйе функцияларының бірі
Жүйенің функциясы
М.М.Поташник Мектеп дамуын басқару [137, с. 9] Ю.А.Конаржевский Менеджмент және мектепішілік басқару [77, с. 11]
Мектептің қалыптасуын, тұрақтануын, оңтайлы жұмыс істеуін және міндетті түрде дамуын қамтамасыз етуге бағытталған барлық нысандардың мақсатты іс-
әрекеті
Субъектінің іс-әрекеті
В.И.Симонов Педагогикалық менеджмент [155, с.3]
Педагогикалық жүйелерді басқарудың технологиялық әдістері, тәсілдері, олардың жұмыс істеуі мен дамуының тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді
принциптер
Технологиялық педагогикалық жүйе
Т.И.Шамова Мектепті басқару менеджменті
[184, с. 57] Т.Г.Бадешко Білім беру менеджерлерін даярлау мәселелері[9, с.25]
Баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларының қолайлы ынтымақтастығы үшін жағдай
Мекеме мақсатына қол жеткізуге және түрткі беруді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, орындау, бақылау және реттеуді қалыптастыруға мүмкіндік беретін жүйелі үдеріс