- Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
педагог-менеджер тұлғасының құрылымын анықтау және оған сипаттама беру;
болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы:жоғары педагогикалық оқу орындарының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану негізінде болашақ мұғалімдердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру отандық білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне енуі жағдайында ізгілікті тұлғалық сапалары, кәсіби, менеджерлік білім, білік, дағдылары дамыған бәсекеге қабілетті маман даярлауға септігін тигізеді.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып «тұлға», «басқару»,
«менеджмент», «құзыреттілік» ғылыми ұғымдарын аша түсетін философиялық, әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық тұжырымдар мен қағидалар, адамның өмірдегі мәні мен дамуы туралы, оның өзін-өзі жетілдіруінің креативтік мүмкіндіктері туралы, өзін-өзі басқару, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін- өзі жетілдіру механизмдерін тудыратын ішкі және сыртқы факторларының өзара байланысын көрсететін тұлғаның жекелік, өзін-өзі дамытушылық тұтастығы тұрғысындағы гуманистік тұжырымдамалары; ұжымдық-шығармашылық тәрбиелеу теориялары; педагогикалық құбылыстар мен үдерістерге қатысты қарастырылған синергетикалық тәсілдің, жүйелі-құрылымдық талдаудың негізгі қағидалары; аксиологиялық, іс-әрекеттік және тұлғалық-бағдарлық, кешендік амалдарының психологиялық тұжырымдамалары және т.б. табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |