Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, теориялық-әдіснамалық негіздері, зерттеу көздері, кезеңдері, әдістері, зерттеу базасы, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар мен зерттеуді сынақтан өткізу жолдары ашып көрсетіледі.
«Болашақ психолог-педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші тарауда философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге, отандық және алыс-жақын шетелдік ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау негізінде мәселенің теориялық негіздері анықталды. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың мәні мен әдіснамалық тұғырлары анықталды. «Басқару», «басқарушылық құзыреттілік», «болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілік» ұғымдары нақтыланды. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің құрылымы мен мазмұны анықталып, оны қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасуының өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері айқындалды.
«Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың тәжірибелік-эксперимент жұмысы» атты екінші тарауда болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың диагностикасы анықталып, мазмұндалады. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі жасалып, мазмұны беріледі. Әдістеменің тиімділігі тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, оның мазмұны мен динамикасы, нәтижелері баяндалады. Ұсынылған болжамныңдұрыстығы дәлелденіп, зерттеудің алға қойылған мақсаты мен міндеттері шешімін тауып, жүзеге асырылды.
Қорытындыда зерттеудің негізгі қағидалары, нәтижелері тұжырымдалады, әдістемелік ұсыныстар беріледі, теориялық және
эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен мәселенің болашағын айқындайтын болашақ зерттеушілерге арналған зерттеу перспективасы ұсынылды.
Қосымшада тәжірибелік-эксперимент жұмысында пайдаланылған материалдар берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |