Бижанова Нұржанар Кәкенқызы



бет4/70
Дата16.05.2022
өлшемі1,36 Mb.
#34655
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70

КІРІСПЕ



Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі уақытта Қазақстанның дүние жүзіндегі озық отыз елдің қатарына ену стратегиясын жүзеге асыру жағдайында отандық білім беру саласының мазмұны әлемдік білім кеңістігіне кіріктірілуі мақсатында жаңартылуда. «Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру, eлiмiздiң әлeумeттiк-экoнoмикaлық бүгiнгi қoғaм тaлaптapынa лaйықты caпaлы мaмaндapын дaяpлaу» міндеттері Қазақстан Республикасында бiлiм бepудi дaмытудың 2011-2020 жылдapғa apнaлғaн мeмлeкeттiк бaғдapлaмacында атап өтілген. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасының 76 және 77 қадамында «адам капиталының сапасын көтеру, оқыту стандарттарын жаңарту, жоғары оқу орнында білікті кадрларды даярлау, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарында тарату» бағыттары көрсетілген. Ал бұл болса, педагогтардың кәсіби ұтқырлығы мен өзінің кәсіби өсуін жүзеге асыруды, алдында тұрған міндеттерді жеке шеше алу іскерліктерін қалыптастыруды талап етеді [1].

Сондай-ақ, Қазақстандағы қоғамдық маңызды мәселелерінің бірі

«Қазақстан Республикасында 12 жылдық орта білім беру тұжырымдамасында»:

«Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру әлеуметтік және экономикалық жағдайдың өзгеруіне ғана емес, бар қолданыстағы шындыққа белсенді ықпал етіп, оны жақсартуға дайын болу» керектігі көрсетілген. Ал, бұл өз кезегінде оқушының іс-әрекетін басқаруға, оқу-тәрбие үдерісін жаңаша ұйымдастыруға мұғалімнің даярлығын талап етеді [2].

Осыған сәйкес ғылыми білімнің қазіргі деңгейі педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда басқарудың жалпы теориясын қолдану қажеттілігін туындатады. Болашақ мұғалімнің сынып ұжымын, оқу-тәрбие үдерісін оқушының жеке тұлғасының дамуын және т.б. адами қорларды қажетті деңгейде басқару үшін оның бойында жоғары педагогикалық білімнің болуымен қатар білім берудегі басқару саласынан арнайы білім, біліктерінің болуы қажет етіледі. Осыған байланысты білім беру саласындағы мамандарды даярлауға жаңа талаптар ұсынылады. Өйткені қазіргі қоғам мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің аясында білім берудегі ұйымдастырушылық, басқарушылық іс- әрекетті жүзеге асыруға қабілеттіліктерінің болуын талап етіп отыр.

«Қазақстан-2050» стратегиясында «білім беру саласындағы менеджменттің аз дамығандығы, оны дамыту қажеттілігінің» көрсетілуі [3], Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында «...қазіргі қоғамның басты талаптарының бірі – басқарушылық құзыреті дамыған жаңа тұрпатты адамды қалыптастыру» екендігіне аса мән беруі біздің айтқан ойымыздың жарқын айғағы [4].

Оған қоса Пpeзидeнт Н.Ә.Нaзapбaeвтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «қоғамдық сананы

дамытудың» нәтижелі жүзеге асырылуы болашақ мұғалімнің бүгінгі жас ұрпақты саналы басқаруын қажет етеді [5].

Осы айтылғандар Қазақстандық білім берудің көп сатылы реформасы үдерісінде туындайтын терең сапалы өзгерістер жағдайында оқу-тәрбие үдерісін, ұжымды, ұйымды басқаруға қабілетті мұғалімнің жаңа түрін қалыптастырудың өзектілігін айқындайды.

Мұғалім заманауи білім беруді жаңғырту жағдайында басқарушылық- педагогикалық міндеттерді тиімді шеше алуы, басқарудың қажетті деңгейіне ие болуы, мектептегі білім беру және әр баланың даму үдерісін ұтымды жоспарлауды, ұйымдастыруды, бақылауды жүргізе білуі тиіс. Нәтижелі басқару үшін болашақ мұғалімде басқарушылық құзыреттілік қалыптастырылуы керек. Осыған байланысты педагогикалық басқарушылық негізінде болашақ мұғалімдердің басқару құзыретін қалыптастыру арнайы зерттеулерді қажет етеді және мамандарды кәсіби даярлаудың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Оның үстіне қоғамдағы түбегейлі өзгерістер мектептің психологиялық- педагогикалық және басқарушылық іс-әрекетінің мазмұнына сәйкес келетін гуманистік құндылықтарға әлемдік көзқарасты қайта құруды ұсынады. Мұндай жағдайда мұғалімнің басқарушылық рөлі өзгеріп отырады, ол өз қызметін басқару теориясы мен ынтымақтастық идеялары бірлесуінің негізгі шарттарына

негізделе отырып жүзеге асырады.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде анықталған кәсіптік білім беру мәселесінің көпқырлылығы осы зерттеу үшін жетекші ғалымдардың әдіснамалық маңызы бар еңбектерінің жан-жақтылығын көрсетті. Кәсіптік білім берудің тұжырымдамалық негіздері С.И.Архангельский, Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалько, Б.С.Гершунский, В.В.Краевский, М.Н.Скаткин, Н.Д.Хмель, Ш.Т.Таубаева, Н.Н.Хан және т.б. ғалымдар еңбектерінде негізделген; дамыта оқыту теориясы және оқыту мен оқу үдерісіндегі жеке тұлғалық-әрекеттік белсенділік Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, А.Н.Леонтьев, Ж.Ы.Намазбаева, С.М.Джакупов, Н.Б.Жиенбаева, О.С.Саңғылбаев және т.б.

зерттеулерінде қарастырылған.

Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздері шетелдік (Nezahat Guhlu, F.E.Weinert, S.P. Brown, J.Jones және т.б.), ТМД елдері (В.А Сластенин, Н.В.Кузьмина, И.А.Зимняя, А.К.Маркова, А.П.Тряпицына және т.б.), қазақстандық (С.Ж.Пралиев, Б.А.Тұрғынбаева, Б.Т.Кенжебеков, Г.Ж.Меңлібекова, К.С.Құдайбергенева, К.М.Беркімбаев және т.б.) ғалымдардың еңбектерінде кеңінен зерттелген.

Басқару мәселесінің ежелгі грек философтарынан бастап, түркі ғұлама ойшылдарының еңбектерінде қарастырылғаны туралы, олардың құнды жазбаларындағы мемлекеттік басқарушының рөлі, ізгілікті басқару, басқарудың адамгершілік қағидалары жайлы ой-пікірлерін топтастыру, жіктеу мәселелері С.Қ.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, А.Н.Көшербаева, Ұ.М.Әбдіғапбарова және т.б. ғалымдар еңбектерінде көрініс алған.

Білім берудегі менеджменттің әдіснамалық негіздері, басқару теориясы алыс жәнежақын шетел ғалымдарының Ф.Роджерс, Т.Питерс, Ф.У.Тейлор,

П.Ф.Друккер және т.б.; ресейлік Ю.А.Конаржевский, А.Майоров, М.М.Поташник, Т.И.Шамова, С.Д.Якушева және т.б. ғалымдар еңбектерінде тереңнен қарастырылған.

Соның ішінде қазақстандық ғалымдар еңбектерінде педагогикалық менеджмент мәселесі ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап соңғы жылдарды басым зерттеле бастады. Атап айтқанда, жалпы білім беретін мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың теориясы мен практикасы (Т.О.Балықбаев, Т.М.Баймолдаев, Д.Н. Кулибаева, С.К.Исламгулова, К.Ж.Аганина, З.А.Исаева, Ж.Б.Умирбекова және т.б.); жоғары оқу орнын басқарудың ғылыми- педагогикалық негіздері, педагогикалық шарттары, ерекшеліктері (А.С.Сатыбалдиева, Л.Н.Ким, К.А.Жусупова Е.Ш.Козыбаев, Б.К.Омарова және т.б.); білім беру ұйымдары басшыларының даярлығын жетілдірудің теориялық- әдістемелік негіздері (А.Туксанбаев, Г.З.Адильгазинов және т.б.); білім беру ұйымдарын басқарудағы өзара әрекеттестік , сабақтастықтың ғылыми негіздері (Б.Сайлыбаев, А.Абишев және т.б.); болашақ мұғалімінің басқарушылық іс- әрекетін дамыту, басқарушылық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері, эксперименттік тәжірибесі (Д.Абдраимов, А.Джунусбекова, К.Аданов және т.б.) мәселелері зерделенді.

Осы еңбектерге жасалған талдау болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің отандық ғылымда арнайы зерттеу нысанына алынбағандығын көрсетеді. Олардың ішінде біздің зерттеуімізге жақын келетін еңбектердің өзінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдері зерттеу нысанына алынған. Мәселен, А.Жунисбекова болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің басқарушылық іс-әрекетке даярлығын қарастырса, К.Аданов олардың басқарушылық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық жүйесін жасап негіздеген, ал М.Книсарина кіші мектеп жасы оқушыларының басқарушылық іс-әрекетін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемесін жасаған. Д.Абдраимов мұғалімдерді басқарушылық іс-әрекетке даярлауда ақпаратттандыру мәселесін жан-жақты талдаған. Бұдан басқа да біздің зерттеуіміз үшін қызығушылық тудыратын лидерлік мәселесі отандық әдебиеттерде соңғы жылдары ғана зерттеу нысанына алынып отыр. Осы бағытта болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің лидерлік сапасын қалыптастыру (Б.М.Баймуханбетов), студенттердің лидерлік әлеуетін дамыту (М.К.Ушатов, А.А.Алимбекова), жоғары сынып оқушыларының лидерлікке даярлығын қалыптастыру (А.М.Байкулова), кіші мектеп оқушыларының лидерлігін дамыту (Г.Аспанова) мәселелері зерттелген.

Аталған зерттеулердің барлығы педагогикалық менеджментті, білім беру жүйесін басқаруды, оқу-тәрбие үдерісін дамытуға айтарлықтай үлес қосады, бірақ олардың барлығы осы үдерістердің белгілі бір аспектілерін қарастырады. Зерттеу барысында психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге және практикаға жасаған талдау білім беру саласындағы басқарушылық проблемасының әртүрлі аспектілерінің зерттелгендігін, алайда болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін зерттеу қажеттігін, сондай-ақ оның ғылыми әдебиеттерде жете зерттелмегендігі мен осы үдерісті оқу-әдістемелік



тұрғыдан қамтамасыздандыру керектігін байқатты. Ол бізге қоғам сұранысы мен бүгінгі ғылым мен практика арасында мынадай қарама-қайшылықтардың бар екендігін көрсетті:

  • басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқан болашақ педагогтарға қоғамның сұранысы мен оның зерттелу деңгейінің жеткіліксіздігі арасында;

  • болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігі мен оның теориялық негіздерінің айқындалмауы арасында;

  • жоғары педагогикалық оқуорындары студенттерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың мүмкіндіктері мен оны жүзеге асырудың ғылыми тұрғыдан негізделмеуі арасында;

  • болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруды жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру қажеттілігі мен оны іске асырудың әдістемелік негіздерінің жеткілікті деңгейде жасалмауы арасында.

Аталған қарама-қайшылықтар болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруды теориялық негіздеу мен оны практикаға ендірудің әдіс-тәсілдерін іздестіру зерттеудің проблемасын айқындады және бізге диссертациялық жұмыстың тақырыбын «Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру»деп таңдауға негіз болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет