Бижанова Нұржанар Кәкенқызы


Табысқа жету жағдайын құру



бет62/70
Дата16.05.2022
өлшемі1,36 Mb.
#34655
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70
Байланысты:
111Sa

Табысқа жету жағдайын құру.


Оқушы үшін табысқа жету жағдайын жасау – өздігінен орындалған іс- әрекет нәтижесі мен үдерісті қанағаттандырудың субъективті тәжірибесі.

Технологиялық көмектің бұл түрінде ауызша және вербалды емес құралдармен жасалатын қуаныш пен мақұлдаудың психологиялық жағдайында жүзеге асырылатын бірқатар операциялар қамтамасыз етіледі:



  • көңіл көтеретін сөздер мен жұмсақ интонациялар

  • сөйлеу әуені

  • қарым-қатынастың дұрыстығы

  • ашық қимыл және мейірімді мимика

Алынған нәтижені жан-жақты көргеніне байланысты өзінің эмоционалдық сезімін: «сенің жұмысыңда маған ерекше ұнағаны...», «әсіресе саған сәтті болды…» деген сөздермен білдіруге болады.

Оқушы тұлғасының дамуын басқару мынадай элементтерді қамтиды:

  • тұлғаның дамуын жобалау, қажетті тәрбиелік әсерлерді жоспарлау;

  • тәрбиелік әсерлерді ұйымдастыру (оқу іс-әрекетінде, оқудан тыс іс- әрекетте және өздік іс-әрекетінде);

  • ағымдағы ақпарат жинау негізінде тәрбиелік ықпал ету барысын реттеу және түзету;

  • қорытынды есеп және соңғы тәрбие нәтижелерінің даму жобасына сәйкестігін бақылау және т.б.

Оқушының дамуын басқару үрдісі барысында тәрбиеленушінің мінез- құлқын сырттан басқару ішкі механизмді өзін-өзі реттеу, өзін-өзі басқару және өзін-өзі тәрбиелеу болып табылады деген жалпы қабылданған пікір қалыптасқан. Сыртқы (сыртқы факторлар арқылы жүзеге асырылатын) және ішкі басқару бөлінеді. Сыртқы тәрбиелік басқаруды өзін-өзі басқарудың және өзін-өзі

тәрбиелеудің ішкі жүйесіне айналдыру тетігін қарастырайық.

Тұлғалық қасиеттің қалыптасуының бірінші кезеңінде сыртқы басқару жүзеге асырылады:


  • «педагогикалық үлгі» ретінде таңдалған тәрбиеші, басшы, ұжым;

  • үлгінің ұзақ әрекетін ұйымдастыру арқылы;

  • педагогикалық үлгінің тасымалдаушысы есебінен (ашықтық, танымалдық, беделділік және т.б. тәрбиеленушінің үлгіні қабылдауына үлкен әсер етеді).

Бұл кезеңдегі ішкі басқару – үлгіні қабылдау және беру дайындығы. Бұл жерде өзін-өзі басқару элементі үлгі берудің жеңілдігін қамтамасыз ететін қызығушылық болып табылады.

Тұлғалық қасиеттің дамуының екінші кезеңінде (ынтаны түрткіге айналдыру) сыртқы басқару жүзеге асырылады.:



  • тәрбиеші педагогикалық үлгіні таңдайды және сол арқылы түрткіні анықтайды;

  • болған, бірақ қандай да бір себептермен ашылмай қалған түрткіні көкейкестендіреді;

  • түрткіні түзету жүзеге асырылады;

  • Түрткісынөзін-өзі басқаруы бұрыннан бар уәждерді таңдаудағы өзін-өзі реттеуде көрінеді. Ішкі басқару өзін-өзі реттеумен бірдей болады.

  • Үшінші кезеңде түрткінің негізінде мінез-құлық түрін таңдау жүзеге асырылады. Сыртқы басқаруға мыналар кіреді:

  • оқушы үшін қолайлы мінез-құлық түрін таңдау және ұсыну;

  • іс-әрекетке, мінез-құлыққа уәжді өрістетуді тоқтату.

Өзін-өзі реттеу оқушының мінез-құлқының түрткісі мен формаларының тең дәрежелігі арақатынасында көрінеді, олар бір-бірімен салыстырылады.

Төртінші кезеңде мінез-құлықты жүзеге асыру және соңғысының әдетке көшуі жүзеге асырылады. Сыртқы басқару мыналарды құрайды:

  • таңдалған мінез-құлықтың сәтті басталуы мен аяқталуы үшін жағдай (оны тәрбиеші, ұжым жасайды);

  • осы әрекетті бірнеше рет орындау шарттары;

  • басталған әрекетке қатысты оң эмоционалдық көңіл-күй;

  • әрекетті түзету.

Ішкі басқару (өзін-өзі басқару) арқылы оқушы бірнеше рет орындалған әрекетті бастауға және аяқтауға тырысады.

Бұл кезеңде өзін-өзі басқару бөлімдерге қатысты сыртқы болады (1-5 тұлға қасиеттерін қалыптастыру кезеңдері).



Бесінші кезеңдемінез-құлықтың әдеттегі түрін жеке тұлғаның қасиетіне айналдыру жүреді. Мұнда сыртқы басқару және өзін-өзі басқару деңгейлері реттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет