Білдекте өҢдеу негізі білдек тұралы жалпы мағЛҰмат


Білдектер және оларда өңдеу технологиясы



бет10/35
Дата06.01.2022
өлшемі3,04 Mb.
#14748
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Байланысты:
Білдекте деу негізі білдек т ралы жалпы ма Л мат металл кескіш

Білдектер және оларда өңдеу технологиясы.

Жону білектері және жонып өңдеу технологиясы

3.1. Жону білдектерінің негізгі түрлері және оларды өңдеу

Жону тобының білдектері, білдектер паркінің біршама үлесін құрайды. Олар қолданылуына, құрастырылуына, автоматтандыру дәрежесіне және т.б белгілеріне қарай 9 түрге бәлінеді (1.1 кестеден қараңыз). Жону білдектері негізінен сыртқы және ішкі цилиндрлік, конустық және фасонды беттерді өңдеуге, бұранданы қиюға және әр түрлі бұранда, бұрғы, үңгуіш, ұңғылағыш, бұрандаойғыш және бұранда кескіштер көмегімен айналу денесі тәріздес бөлшектің бүйір беттерін өңдеуге арналған.

Білдектерде қосалқы арнайы құрылғыларды қолдану олардың технологиялық мүмкіндіктерін біршама кеңейтеді (ажарлау, жоңғылау, бұрғылау үшін радиалды және бүйірлі саңылауларды және басқа да өңдеу түрлері). Айналдырықтың орналасуына байланысты жону білдектері тік және горизонтальды болып бөлінеді. Жиі қолданылатын жону білдектерінің жалпы түрі 3.1. суретте келтірілген.

Жону білдектерінің негізгі параметрлері ең үлкен дайындама диаметрі және орталары арасындағы арақашықтық.Білдектің маңызды өлшемі болып құралкүймешіктің көлденең сүйретпе шаналарында өңделген ең үлкен дайындама диаметрі.

Жону білдектерінің сандық белгілеу модельдері бар. Бірінші сан 1, ол білдектің жону тобына жататынын көрсетеді. Екінші сан білдектің түрін көрсетеді: 1 – бірайнымалылықты автоматты және жартылай автоматты; 2 – көпайнадырықты автоматты және жартылай автоматты; 3 – тапаншалы білдек; 5 – айналмалы үстел білдек және т.б. Соңғы екі сан білдектің маңызды техникалық параметірін анықтайды: жону бұрамакескіш білдек үшін тұғырдағы орталықтар биіктігін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет