Білдекте өҢдеу негізі білдек тұралы жалпы мағЛҰмат


Цилиндрлі саңылауларды өңдеу технологиясы



бет13/35
Дата06.01.2022
өлшемі3,04 Mb.
#14748
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
Білдекте деу негізі білдек т ралы жалпы ма Л мат металл кескіш

3.6. Цилиндрлі саңылауларды өңдеу технологиясы
Жону білдектерінде цилиндрлі саңылауларды өңдеу бұрғылармен, үңгуіштермен, ұңғылағыштармен және кеңей жонғыш жиекқұрсауға бекітілген кескіштермен іске асады. Бұрғылау. Бұрғылау кезіндегі негізгі қозғалыс – айналу қозғалысы, ол дайындамамен орындалады; беріс қозғалысы – үдемелі қозғалыс, құралмен орындалады жұмыс бастамастан бұрын жону білдегінің артқы және алдыңғы орталықтарының үйлесуін тексереді. Дайындаманы қысқыға орналастырады және оның айналу осіне қатысты соғылмалығы сыртқы жону кезінде алыптасталынатын әдіпті көбейтпеу үшін тексеріледі: Саңылау өңделінетін дайындама бүйірінің соғылмалылығын тексереді және дайындаманы бүйірге қарай дәлдейді (дұрыстайды). Дайындама бүйірінің айналу осіне перпендикулярлығын бүйірді тіліктеу арқылы алуға болады. Сонымен қатар дайындама ортасында ұңғыма жасауға болады. Ол бұрғының керекті бағытта қозғалуын қамтамасыз етеді және бұрғының жылжып кетпеуін болдырмау үшін қолданылады.

Артқы ілмектері бар конустық бұрғыларды тікелей конусты саңылаулары бар артқы топайдың сүйеу төлкесіне бекітеді, ал егер конустардың өлшемдері сәйкес келмесе өтпелі төлке қолданылады.

Цилиндрлік артқы ілмектері бар бұрғыларды ( диаметрі 16 мм – ге дейін) бекіту үшін бұрғылайтын жұдырықшалы қысқылар қолданылады, оларды артқы топайдың сүйеу төлкесіне бекітеді.

Саңылауды бұрғылау алдында артқы топайды тұғыр бойынша дайындамадан қажетті тереңдікті бұрғылау жасалуы үшін ыңғайлы ара қашықтықта жылжытылады. Бұрғылау алдында айналдырықты қосып дайындамаға айналыс береді.

Бұрғыны қалыпты (соққысыз)дайындаманың шет жағына қолмен (артқы топайдың сермерінің айналуымен) жылжытып, аз мөлшерде тереңдікте бұрғылау жасалады. Содан құралды артқа жылжытып, дайындаманы тоқтатып, саңылаудың дұрыс орналасу дәлдігін тексереді. Бұрғының ығысып кетпеуі үшін, үлкен диаметрлі қысқа спиральді бұрғымен орталандыру жасайды немесе арнайы орталандырушы төбесі 90о– қа теңбұрғымен жасалады. Осыған байланысты бұрғылау алдында бұрғының көлденең жиегі жұмыс жасамайды, бұдан дайындаманың айналу осіне байланысты бұрғының ығысуы азаяды.

Бұрғыларды ауыстыру үшін артқы топайдағы сермерді топайдағы сүйеу төлкенің шеткі оң жағдайы болғанша бұрады, нәтижесінде бұрғыны сүйеу төлкеден бұрамамен итеріп шығарады.

Саңылауды бұрғылау кезінде тереңдігідиаметрінен үлкен болып кетсе бұрынғы өңделіп жатқан саңылаудан шығарып,бұрғының жырашығын тазартып және дайындаманың саңылауында толып қалған жоңқалардан тазарту керек.

Білдекті қолмен басқару кезінде тұрақты жылдамдық қозғалыс берілісін қамтамасыз ету қиынға соғады. Механикалық беріліс үшін бұрынғы кескіш құрал ұстағышқа бекітеді. Цилиндірлі артқы ілмегі бар бұрғыны 1 (сурет3.29. а) төсемнің көмегімен 2 және 3 бұрғының осі ортаның сызығымен сәйкес келтіріп кескіш құрал ұстағышқа орнатады. Конустық артқы ілмегі бар бұрғыны 1 (сұрет 3.29, б) кескіш құрал ұстағышқа бекітетін ұстағышқа 2 орнатады.

Бұрғының осімен ортаның сызығын сәйкес келтірген сон құралкүймешікке бұрғымен дайындаманың шет жағына қолмен әкеледі және минималды тереңдікте саңылауды сынамалап өңдейді, содан құралкүймешіктен механикалық берісті қосады. Дайындамадан бұрғының тесіп шығу кезінде механикалық өңдеуді қолмен азайтады.

Бұрғының тесу диаметрі 5...30 мм болғанда жылдамдық берілісі So=0,1...0,3 мм/айн болатты бөлшектер үшін және So=0,2...0,6 мм/айн шойын бөлшектері үшін.



Конустық бетті құрайтын бұралауды азайту үшін және конустың еңкейіс ауытқу бұрышын азайту үшін кескіштің кесу жиегін өңделетін бөлшектің айналуосі бойынша бекіту қажет.


3.31 – Сурет. Конус геометриясы:

d және D – кіші және үлкен диаметрлер; l – жазықтықтар арасындағы ара қашықтық; α —конустың еңкейю бұрышы; 2α —конустың бұрышы.
Мынаны ескеру қажет, конусты өңдеуде кескіштің кесу жиегінің ұзындығы 15 мм – ге дейін болғанда діріл болуы мүмкін, оның деңгейі жоғары болған сайын, өңделетін бөлшектің ұзындығы соншама үлкен, диаметрі кіші, конустың еңкею бұрышы кішіболады, конус бөлшектің ортасына жақын болған сайын, кескіш шығырығы үлкен болады және бекіту беріктігі аз болады. Діріл нәтижесінде өңделетін бетте іздер пайда болады және сапасы нашарлайды. Жалпақ кескішпен қатаң бөлшектерді өңдегенде діріл болуы мүмкін, бірақ радиалды кесу күшінің әрекетінен кескіштің жылжуы мүмкін, ол кескіштің қажетті ауытқуы бұрышын реттеуінің бұзылуына әкеледі. (кескіштің жылжуы, өңдеу тәртібі мен қозғалыс берілісінің бағытына байланысты).

Үлкен еңкейісті конустық беттерді құралкүймешіктің жоғарғы сүйретпе шанасы мен бірге кескіш құрал ұстағышты αбұрышына бұрып өңдеуге болады, ол өңделетін конустың еңкейюбұрышына тең. Кескіштің берілісі қолдың көмегімен жасалады (жоғарғы сүйретпе шананың тұтқасының жылжуымен),ол осы әдістің кемшілігі болып табылады, қолмен берілістің біркелкі естігінен өңделетін беттің кедір бұдырлығын ұлғайтуға әкеледі.

Берілген әдіспен конустық беттерді сүйретпе шананың жүріс ұзындығына сәйкес келетін ұзындықпен өңдейді.

Үлкен ұзындықты конустық бетерді α= 8... 10° бұрыштармен артқы топайдың жылжуы арқылы өңдеуге болады. (3.33 – сурет)

h = Lsinα.

Кіші бұрыштарда sin α = tg α

h=L(D-d)/(2 l),

мұнда, L – орталар арасындағы ара – қашықтық, D – үлкен диаметр,d – кіші диаметр,l – жазықтықтар арасындағы ара – қашықтық. Егер L=l, онда h=(D-d)/2

Артқы топайдың ығысуын межелік бойынша анықтайды. Ол сермер жақта тақтайша бүйір қабырғасы және артқы топайдың ізікше тұрқысында салынған.

Әдетте межелікте бөліктің құны 1 мм – ге тең.



3.32 – сурет. Конустық бетті жоғары сүйретпе құрал – күймешік бұру жолымен өңделеді.



2α— конус бұрышы; α — конустық көлбеу бұрыш.

3.33 –сурет. Артқы топайдың ығысуымен конустық бетті өңдеу.

d және D – кіші және үлкен диаметрлер; l – жазықтықтар арасындағы ара қашықтық; L – екі орталар арасындағы ара – қашықтық; α —конустың көлбеу бұрышы.
Бірдей конусты бөлшек партиясын қамтамасыз ету үшін, бұл жолмен өңделетіндіктен, дайындама өлшемі және олардың орталық саңылауы шамалы ауытқу болуы қажет.

Білдектің орталарының ығысуы – дайындаманың орта саңылауларын тозуына әкеледі, конустық бетті алдын – ала өңдеуді ұсынады, содан орталық саңылауын түзетеді және содан кейін соңғы тазалай өңдеуді жүргізеді. Саңылау орталықтарын бөлуді кеміту үшін және орталықтан тозу үшін дөңгелек төбесін орындайды.

Конустық беттерді өңдеу көшірме жолымен жеткілікті түрде тараған болып есептеледі. Білдектің тұғырына сырғақпен жылжитын 4, көшірмелі сызығымен 6, қысудың 5 көмегімен тартпамен 2 жалғасқан құрал күймешік 1 орналасқан.

Құралкүймешіктің көлденең бағытта еркін жылжуы үшін көлденең қозғалыс беріліс бұрамасын ажырату қажет. Құралкүймешіктің жылжуы арқылы 2 қозғалыс алуға болады. Құралкүймешіктен бойлық және көлденең көшірмелі сызғыштан 6, көлденең жылжуы бұрылу осіне 5 қатысты көшірмелі сызықтық бұрышына қатысты. Сызғыштың бұрылу бұрышы тақташаның 7 бөлуімен, сызғышты бұрандамен 8 орнатып анықтайды.

Сыртқы конусты беттерді өтпе кескіштермен өңдейді. Ішкі конусты беттерді өңдеу әдістері:

Дайындаманың ішкі конусты беттерін 4 өңдеу артқы топайдың сүйеу төлкесіне немесе білдектің тапаншалы бастиегіне орнатылған көшіргіш 2 көмегімен іске асады. Көлденең құралкүймешіктің кескіш ұстағышында көшіргіш шығыршықты (3) және өткір ұшты өтпе кескішті айлабұйым 1 орнатылған. Құралкүймешіктің көлденең жылжуы кезінде көшіргіш шығыршық (3) көшіргіш кескініне (2) сәйкес бойлық жылжуды алады. Ол айлабұйым (1) арқылы кескішке беріледі. Ішкі конусты беттерді кеулей жонғыш кескіштермен өңдейді.



3.34 – сурет. Көшіргіш құрылғыларды қолдана отырып, конустық беттерді өңдеу:

а) құралкүймешіктің бойлық жылжуы кезінде; 1 – құралкүймешік; 2 – тартым; 3 – қысқыш; 4 – сырғақ; 5 – ось; 6 – көшіргіш сызғыш; 7 – тақта; 8 – бұрандама; б ) құралкүймешіктің көлденең жылжуы кезінде; 1 – айлабұйым; 2 – көшіргіш; 3 – көшіргіш шығырық;4 – ішкі конусты бет; ; а — көшіргіш сызғыштың бұрылу бұрышы.
Тұтас беттерден конусты саңылауды алу үшін бастапқыда дайындаманы алдын – ала өңдейді (бұрғылайды,кеулей жонады),содан соң түбегейлі өңдейді (ұңғылайды). Ұңғылауды жиынтық конусты ұңғымен тізбекті түрде орындайды. Алдын – ала бұрғыланған саңылау диаметрі ұңғының кірме диаметрінен 0.5...1 мм кіші болады.

Егер конусты саңылаулар жоғары дәлдікті талап етсе, онда оны ұңғылау алдында конусты үңгуішпен өңдейді, сол үшін тұтас материалда конус диаметрінен саңылау диаметрін 0.5 мм – ге кіші етіп бұрғылайды. Содан соң үңгуішті қолданады. Үңгілеудегі әдіпті азайту үшін кей кезде әр түрлі диаметрдегі сатылы бұрғылауды қолданады.

Орталық саңылауларды өңдеу. Білік тәрізді бөлшектерге орталық саңылауды жиі жасайды, олар келесіде орындалатын жону және ажарлау үшін қолданылады. Осының негізінде орталандыруды ерекше мұқият орындау керек.

Біліктің орталық саңылаулары бір осьта жатуы керек және біліктің соңғы екі шет жағындағы мойындарының диаметріне қарамастан біркелкі конустық саңылаулары болуы керек. Осы қажетті шарттар орындалмаса өңдеу дәлдігі азады және орталар мен орталық саңылаулардың тозуы ұлғаяды. Орталық саңылаулардың құрылымы сурет 3.35 көрсетілген. Ең көбінде конустық бұрышы 60о – қа тең орталық саңылаулар таралған. Кей кездерде ауыр біліктерде осы бұрышты 75о және 90о – қа дейін ұлғайтады.


3.35 – Сурет. Орталық саңылаулар:

а – зақымданудан сақталмаған: б –зақымданудан сақталған.

Орталық төбесі дайындамаға тірелмеуі үшін, орталық саңылауларда диаметрі d цилиндірлік тереңдету орындалады.

Орталық саңылауларды көп қолданыс кезінде зақымданудан сақтау үшін бұрышы 120о – қа (сурет - 3.35,б) тең қорғағыш қиық жиек орындайды. Кіші дайындамалардың орталық саңылауларын өңдеу кезінде бірнеше әдістер қолданылады:

Дайындаманы өзі орталандыратын қысқыға бекітеді, ал артқы топайдың сүйеу төлкесіне орталандыратын құралы бар бұрғылау қысқысын бекітеді. Үлкен өлшемді орталық тесіктерді ең алдымен цилиндрлік бұрғымен, сосын біртісті немесе көптісті үңгуішпен өңдейді. Диаметрі 1,5...5 мм орталық саңылауларды қорғағыш қиық жиексіз немесе қорғағыш қиық жиекпен құрамалы бұрғылармен өңдейді.

Орталық саңылауларды дацындама айналу барысында өңдейді: орталандыратын құралдың қозғалыс берілісін қолмен жүзеге асырылады. (артқы топайдың сермерлігімен)

Шет жақта орналасқан орталық саңылауларды өңдеу үшін оны алдын – ала кескішпен кеседі. Орталық саңылаудың қажетті өлшемін ортаандыратын құралдың тереңдігімен анықтайды, оны артқы топайдың сермерінің лимбі немесе межелік сүйеу төлкесін қолдана отырып жүзеге асырылады.

Орталық саңылаулардың бір осьта болуы үшін бөлшекті ең алдымен белгілейді, ал ұзын бөлшектерді орталандыруда сүйеуішпен ұстап тұрады.

Кесуші жиектердің бұрамалы жасаушы фасонды дөңгелек кескіштермен салыстырғанда өңделетін беттің кедір бұдырлығы аз болуын қамтамасыз етеді. Бұрамалы жасаушы кескіштер – бұл жоғарғы өнімді құрал. Ол тапаншалы бастиекті білдектерде қолданылады. Фасонды кескіштердің берісі біркелкі болу керек және 10...20 мм кескіш енінде 0,05 мм/айн және 20 мм – ден жоғарғы кескіш енінде 0,03 мм/айн асырмау керек. Беріс бөлшектің қатаңдығына тәуелді. Фасонды беттер үлгімен тексеріледі, нақты кескіннен ауытқу келесі себептерден болуы мүмкін: кескіш кескінінің дәл еместігі және оның орналасуының қателігі, сонымен қатар үлкен беріс әсерінен болатын өңдеу кезіндегі бөлшектің деформациясы.

Кешкіштің бойлық көлденең берілген траектория бойынша бір уақытта жылжуын дағдылану үшін (фасондық бөлшекті өңдеуден бұрын) ең алдымен бірнеше жаттығу жасалуы керек, басқару ерекшеліктерін меңгеруге мүмкіндік береді. Осыған орай дайын күрделі пішінді фасондық беті бар бөлшекті қысқыда немесе орталарда бекітеді. Құралкүймешікті жылжыту кезінде оның тұтқаларын үйлестірілген айналасын қадағалап отыру керек, ол кескіштің төбесі бөлшектің бетінен (біркелкі саңылаумен 1 мм – ге дейін) жақын арада жылжуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет