Білдекте өҢдеу негізі білдек тұралы жалпы мағЛҰмат


Жонып өңдеудің технологиясы және жабдығы



бет12/35
Дата06.01.2022
өлшемі3,04 Mb.
#14748
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
Білдекте деу негізі білдек т ралы жалпы ма Л мат металл кескіш

3.3 Жонып өңдеудің технологиясы және жабдығы
Жонып өңдеу – кесіп өңдеудің кең тараған әдісі болып табылады және айналу денесі тәріздес осьсимметриялық бөлшектерді (білік, диск, осьтер, саусақтар, цапфтар, ернемектер, төлке, сомын, жалғастырғыш және т.б) Жону жұмыстарының негізгі түрлері 4.6 – суретінде көрсетілген.

Машинажасауда көбінесе бөлшектің түбегейлі пішіні мен габаритті өлшемдерін дайындаманы механикалық өңдеу нәтижесінде аламыз. Дайындама бетінен кескіш құрал көмегімен жұқа қабатты материалын жоңқа түрінде алу арқылы жүзеге асады. Кескіштің жұмыс сұлбасы – оның элементтері мен геометриясы, ал жону кезіндегі кесу ережесі және де басқа жонып өңдеу түрлері 2 – тарауда келтірілген.



Кескіш құрал. Жоңғыш беттердежұмыс істеу кезінде әр түрлі кескіш құралдар қолданылады: кескіштер, бұрғылар, зенкерлер, жаймалар, бұрандаойғыштар, бұранда кескіштер, бұрамаойықты бастиектер, фасонды құралдар және т.б.

Жону кескіштер аса кең таралған құралдар болып табылады және жазық цилиндрлік фасонды беттерде бұраманы қиюда және т.б. (4.7 – сурет) қолданылады.

3.6 –сурет. Жону жұмыстарының негізгі түрлері (құралдың бағыты, жылжуы (және дайындаманың айналуы – меңзермен көрсетілген):



а – сыртқы цилиндрлі беттерді өңдеу; б – сыртқы конустық беттерді өңдеу; в – бүйірлерді және кемерді өңдеу; г – ойықты және жырашақты, дайындама кесіндісін жону; д – цилиндрлі және конустық ішкі беттерді өңдеу;е – саңылауларды бұрғылау, үңгілеу және ұрғылау; ж – сыртқы бұранданы қию,з – ішкі бұранданы қию; и – фасонды беттерді өңдеу; к – бұдырлауларды бүрлеу.

3.7 – сурет. Әр түрлі өңдеу түрлеріне арналған жону кескіштері:

а- өтпе қайырылған кескішпен сыртқы жону; б – тура өтпелі кескішпен жону; в – тура бұрышпен кемері тіліктеумен жону; г – ойықтың жодарын ашу; д – радиусты ойықты (гальтелді) жону; е – саңылауды кеулейжону; ж және з –сырқы және ішкі бұранданы қию.

Бұрғылау жону білдектерінде ең кең тараған өңдеу әдісі. Ол саңылауларды алдын ала өңдеуге арналған. Саңылауларды алдын ала біртұтас металдан кесіп өңдеу тек бұрғының көмегімен іске асады. Бұрғылар құрылымына және қолдануына байланысты келесідей бөлінеді: шиыршықты, қыр құралды, терең бұрғылау үшін, центрлі, эжекторлы және т.б. жонып өңдеуде ең кең тараған шиыршықты бұрғылар.

Жонып өңдеу негізіндегі кесуші құралдардың жылжуын және оның жону – бұрамакескіш білдектерде бекітілуін бірнеше буындар қамтамасыз етеді (құрастыру бірлігінде). Төменде олардың кейбірінің жұмысы қысқаша сипатталған.

Құралкүймешік ( 4.8 – сурет) төменгі сүйретпе шаналардан тұрады. (7). Олар тұтқаның (75) көмегімен бағыттаушы тұңыр арқылы жылжиды және олар кескіштің дайындама бойымен жылжуын қамтамасыз етеді. Төменгі сүйретпе шаналарда бағыттауыш пен (12) көлденең сүйретпе шаналар (5) жылжиды. Олар кескіштің дайындаманың айналу осіне перпендикуляр жылжуын қамтамасыз етеді. Айналма тақта (4) бағыттауышы мен (5) жоғары сүйретпе шаналар (77) жылжиды. Олар көлденең сүйретпе шаналарға (3) қатысты горизонтальды жазықтықта тақтамен (4) бірге бұрала алады және кескіштің дайындаманың айналу осіне белгілі бір бұрышпен жылжуын қамтамасыз етеді. Кескішұстағыш ( ол – төртпозициялы кескіш бастиек) тұтқа (9) көмегімен үстіңгі сүйретпе шаналарға (77) бекітіледі және кескіштің жұмыс істеу кезінде аз уақыт шығындауына мүмкіндік береді.

Жону бұрама кескіш білдегінің артқы топайы негізінен өңдеу кезіндегі ұзын дайындамаларды ұстауға арналған. Ол және де саңылауларды өңдеуге арналған құралдарды бекітуге және бұранданы кесуге бұрандаойғышты, бұрандакескішті, бұранда кесетін бастиектерді) арналған.

Сериялы өндірісте пішіні күрделі дайындамаларды өңдеуге арналған жону бұрамакескіш білдектерінде әр түрлі құралдарды бекіту көппозициялы айналмалы тапаншалы бастиек көмегімен іске асады. Тапаншалы бастиектің бұрылысы кезінде қозғалысқа бірізділікпен өлшемге алдын ала реттелген құралдарды енгізеді. Жону білдектері үшін айлабұйымның құлдануына байланысты 3 топқа бөлуге болады:



  • Өңделген дайындамаларды бекітуге арналған айлабұйым;

  • Кесуші құралды бекітуге арналған қосалқы құралдар;

Білдектердің технологияық мүмкіндіктерін кеңейтетін айлабұйым, яғни осы білдектің сәйкес келмейтін жұмыстарды жасауға мүмкіншілік береді. (ұңғылау, бір уақытта бірнеше саңылауларды бұрғырау және т.б.)

Дайындаманы бекітуге арналған айлабұйым. Жону білдектерінде дайындаманы бекіту үшін қолиен және механикаландырылған екі - , үш – және төртжұдырықшалы өздігінен теңгерілетін қысқы. (4,11 – сурет) Жұдырықшалар (7) және қысқылар (2 және 3) диск көмегімен бір уақытта жылжиды. Осы дисктің бір жағында ойықтар (Архимед спиралі пішінді) жасалған. Онда жұдырықшалардың төменгі шығыңқылары орналасқан.Ал, екінші жағында 3 конус тісті дөңгелектермен жанасатын конус тісті дөңгелек кесілген. Кілт арқылы дөңгелектің бірі бұрама дискте бұралады (тісті ілініс арқасында) және спираль арқылы қысқы тұрқысының ойықшаларымен үшжұдырықшаны бір уақытта және бәрдей дылжытады. Дисктің айналу бағытына байланыты жұдырықшалар қысқының орталығына жақындайды және алыстайды, бөлшекті қысады және босатады. Жұдырықшаларды үш сатылы етіп дайындайды және тозуға төзімділігін арттыру үшін шынықтырады.

Дайынамаларды жұдырықшаларда бекіту ішкі және сыртқы беттері бойынша бөледі; ішкі бет бойынша бекіту үшін дайындамада жұдырықшаларға орнатылатын тесік болуы керек.

Үшжұдырықшалы өзі центрленетін қысқыларда дөңгелек және алты қырлы пішінді немесе үлкен диаметрлі дөңгелек шыбықтар сияқты дайындамаларды бекітеді.



Екі жұдырықшалы өзі центрленетін қысқыларда әр түрлі фасондық құймаларды және соғылмаларды бекітеді; осындай қысқылардың жұдырықшалары тек бір бқлшекті бекіту үшін арналған.

3.11- Сурет. Үшжұдырықшалы өзі центрленетін қысқы:

1.2 және 3 – жұдырықшалар, 4 – диск; 5 – тісті дөңгелектер; 6 – қысқының тұрқысы.

Төрт жұдырықшасы өзі центрленетін қысқыларда шаршы тәрізді қима шыбықтарын бекітеді, ал жеке реттелетін жұдырықшалы қысқыларда симметриялы емес немесе түзу бұрышты бөлшектерді бекітеді.



Өңделетін бөлшектің пішіні мен өлшеміне қатысты әр түрлі орталар қолданылады. (сурет 3.12)

3.12 –Сурет. Орталардың түрлері:



Жұмыс істеу бөлігінің ортаның төбебұрышы көбінде 60о – қа тең. Конустық беттерде ортаның жұмыс 1 және 2 бөліктерінде түб болмауы қажет, себебі дайындаманы өңдеу кезінде ауытку жіберілуі мүмкін.

3.13- Сурет. Айналатын орта:



1 – жұмыс бөлігі; 2,3 және 5 – ырғалу тірегі; 4 – артқы бөлігі.

3.14- Сурет. Жону қамытшалары:

а – қалыпты; 1 – бұрама; 2 – артқы ілмек; 6 – өздігінен тартылатын; 1 – тірек; 2 – артқы ілмек; 3 – серіппе; 4 – ось; 5 – призма.

Тірек бөлігіндегі диаметр конустық артқы бөлігіндегі кіші диаметірінен кем болғанымен, конустық беттің артқы бөлігін зақымдай ұяшықтан ортаны шығаруға мүмкіндік береді.

Үлкен жылдамдықта кесу мен жүктемемен өңдеу кезінде артқы айналатын орталар қолданылады(сурет 4.13). Ортаның артқы бөлігінде 2,3 және 5 ырғалу тіректерінен ось орнатылған, оның аяғында ортаның жұмыс бөлігі жасалған, ол өңделетін дайындамамен бірге айналуын қамтамасыз етеді.

Қамытшалар(сурет 3.14) білдектердің ортасында орналасып, айналдырықтан өңделетін дайындамаға кигізіп, бұрамамен бекітеді 1 (сурет 4.14), осыдан қамытшаның артқы ілмегі жетектемелі қысқының саусағына тіреледі.

Дайындаманы орталықта өңдеу кезінде қозғалысты орталарында жетектегі қысқы арқылы қозғалыс береді. 15...90 мм біліктер орталықтар қаралай өңдеу кезінде қосалқы уақытты қысқарту үшін өздігінен қысатын жетектеме қысқылары қолданылады.

Цангалы қысқыларды негізінен суықтай керілген шыбықшаны бекіту үшін немесе алдын – ала өңделген бет бойынша дайындаманы қайта қысуға арналған.

Жарғақты қысқылар жоғары дәлдікті орталандырылған дайындамалар партиясын өңдеу кезінде қолданылады.

Білдектерде дайындаманы бекіту және орнату үшін олардың өлшемдеріне, қатаңдығына және өңдеу дәлдігін талап етуіне байланысты таңдайды. l/D<4,болғанда дайындамаларды қысқыда бекітеді, 4

Білдектердің ортасында орнатылған дайындамаларды өңдеу кең тараған.

Дайындаманы білдекке қайта орнату кезінде өңделетін беттердің центрлестігін алу үшін дайындаманы ортада өңдейді. Егер тізбекті өңдеуді ажарлағыш білдектерде орындағанда және өңдеу технологиясын қарастырса ол да ортада өңделеді.



3.15 – Сурет. Дайындаманы артқы орталықпен қысып, қысқышқа орнату.



1 – дайындама;2 және 3 – кескіштер

3.16 – Сурет. Сүйегіштер:



а – қозғалатын; б – қозғалмайтын: 7 – жоғарғы жағы; 2 – бұрамалар, 3 – бұрандамалар; 4 – жұдырықтар немесе шығырықтар, 5 – тақтайша; 6 – сомын мен бұранда
Саңылауы бар дайындамаларды орталықтарда бекіту – құрсаулардың көмегімен іске асырады (3.17 – сурет)

3.17 – сурет. Жону құрсауы:

а – кіші конусты құрсау (көбінесе 1:2000) 1 – орталық саңылау: 2 – қамытша; 3 – құрсау; 4 – дайындама, б – цилиндрлі құрсау: 1 – дайындама; 2 – құрсау; 3 – қысатын тығырық; 4 – тығырық, в – ажырататын құрсау: 1 – дайындама; 2 – конустық құрсау; 3,5 – сомындар, 4 – қуыс құрсау; г – айналдырықты құрсау: 1 – цанга; 2 – дайындама; 3 – ажырататын құрсау; 4 – қысқы; д – серпімді қабықша құрсауы; 1 – план-шайбалы тығырық; 2 – төлке; 3 – дайындама; 4 – гидропласты енгізуге арналған саңылау; 5,6 – бұрама.

Жұмысшының еңбек жағдайын жеңілдету үшін дайындаманы бекітуде білдекке механикаландырылған жетектерді орнатады: пневматикалық, гидравликалық, электрлік және магниттік.

Қосалқы құралдар.Кесуші құралды білдекке орнату және бекіту үшін қосалқы құралдарды қолданады. Олар жонып өңдеуде дәлдікті және өнімділікті анықтайды. Мысал ретінде жону – тапаншалы білдектер үшін қосалқы құралдарды қарастырамыз. Бұл құралдың жұмыс істеу принципі барлық жону білдектеріне ортақ: артқы жақ бөлігі ғана өзгереді. Ол артқы құрал білдекке орнатылады. Жону тапаншалы білдектерінде цилиндрлі ұстағыштар, цилиндрлі артқы ілмекті призмалық ұстағыштар және цилиндрлі артқы ілмекті пішіні күрделі ұстағыштар, сонымен қатар байөнетті ұстағыштар қолданылады. Тіреуіштер қатты, реттелетін және жантаятын болады. Олар жону – тапаншалы білдектерінде шыбықтың берісін шектеу үшін немесе горизонтальды айналу осі бар тапаншалы бастиекті ұру үшін қолданылады.

Бұйымды бақылау операциялары және шығын қажетті өлшеуіш құралдар бөлшектің нақты элементтерін өңдеу технологиясының сипаттамасында қарастырылатын болады ( мысалы, сыртқы циліндрлі беттер, сақылаулар, сыртқы және ішкі конусты беттер). Онда осы беттерді өңдеуге арналған технологиялық жабдықта келтірілетін болады. Ол осы топтағы білдектердің технологиялық мүмкіншіліктерін кеңейтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет