Білдекте өҢдеу негізі білдек тұралы жалпы мағЛҰмат


Жону бұрамакескіш білдегінің құрылғысы



бет11/35
Дата06.01.2022
өлшемі3,04 Mb.
#14748
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Байланысты:
Білдекте деу негізі білдек т ралы жалпы ма Л мат металл кескіш

3.2 Жону бұрамакескіш білдегінің құрылғысы

Қолмен басқарылатын жону бұрамакескіш білдектері жону білдектер тобында әмбебап білдек болып табылады. Олар білікті және аз сериялы өндірісінде қолданылады. Осы білдектердің тобы құрылымдық құрастыруы жағынан бірдей болып табылады. Білдек келесі басты буындардан тұрады:



  • Тұғыр 7,білдектің барлық механизмі орналастырылады;

  • Алдыңғы топай 2, мұнда жылдамдық қораптары, айналдыры және т.б элементтері орналастырылады.

  • Беріліс қорабы 7, ол айналдырықтан құралкүймешікке 11 қозғалыс бере отырып, қозғаушы бұраманың 8 көмегімен бұранда кесіп алу үшін қажетті беріліс санын береді немесе басқа бетті өңдеу кезінде қозғаушы біліктің көмегімен бепеді; Алжапқыш 10, бұраманың немесе біліктің 9 айналуы құралкүймешікті үдемелі қозғалысқа түрлендіреді.

  • Артқы топай, өңделетін дайындаманы центрлеу үшін және бұрғы, ұңғылағыш т.б құралдар көмегімен центрлік саңылау алу үшін қолданылады.

Құралкүймешік 11 кескіш құралды кескіш күймешеде бекіту үшін қолданылады. Ол біліктің бағыттауы бойынша қозғалатын төменгі сүйретпе шанадан тұрады. Төменгі сүйретпе шананың 6 бағыттауы бойынша, перпендикуляр центірлік сызықтық бағытта көлденең сүйретпе шаналар қозғалады. Ол жерде кескіш ұстап тұратын кескіш күймеше орналасқан. Кескіш күймеше бұрылыс бөлігінде орналасқан. Оны әр түрлі бұрыштарда білдектің центрлік сызығына қоюға болады.

Жону бұрама кескіш білдектердің өңделетін дайындаманың үлкен диаметрі D және тұғырдан центрге дейінгі биіктігі (0,5D-ға тең), өңделген дайындаманың ең үлкен ұзындығы және білдектің салмағы оның техникалық параметрлері болып табылады.

Жону бұрама кескіш білдектері үшін үлкен диаметрлерді өңдеу қатары:

D=100,125,160,200,250,320,400,500,630,800,1000,1250,1600,2000,4000 мм.

Өңделетін дайындаманың үлкен ұзындығы L білдектің центрлері арасы арқылы анықталады. D – ның мәндері бірдей шығарылатын білдектерде L – дің мәні әр түрлі болуы мүмкін.

Салмағына қарай жеңіл жону білдектері – 500 кг – ға дейін ( D=100. . .200 мм), орта – 4 т – ға дейін ( D=250. . . 500 мм), ірі – 15 т – ға дейін (D=630. . .1250 мм ), және ауыр – 400 т– ға дейін (D=1600. . .4000 мм ), болып бөлінеді.

1 – беріліс қорабы; 2 – алдыңғы топай; 3 – көлденең сүйретпе шана; 4 – кескішті күймеше; 5 – артқы топай; 6 – бағыттаушы; 7 – тұғыр; 8 – қозғаушы бұрама.

Жеңіл жоңғыш білдектер құрал – саймандар өндірісінде, аспап жасау, сағат өндірістерінде, тәжірибе жасау тәжірибелі өндіріс цехтарында қолданылады. Бұл біліктерді механикалық беріспен де, беріссіз де шығарады. Жону жұмысының жалпы көлемінің 70-80 % - ын орташа білдектерде шығарады. Бұл білдектер таза және жартылай таза өңдеу жүгізуге, сонымен қатар әр түрлі типті бұрандаларды кесуге арналған және жоғары қатаңдығымен жеткілікті қуатпен, айналдырықтың айналу жиілігінің кең ауқымдылығымен және құралдың берілісімен сипатталады. Ол қатты құймалардан және ерекше қатты материалдан жасалған жаңа жетілдірілген құралдарды қолдана отырып үнемі тәртіпте бөлшектерді өңдеуге мүмкіндік береді. Орташа білдектер әр түрлі айлабұйыммен жабдықталады. Олар білдектердің технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді, жұмысшының еңбегін жеңілдетеді, өңдеу сапасын көтереді. Олар жеткілікті жоғары автоматтандыру дәрежесіне ие. Ірі және ауыр жону білдектері негізінен ауыр машина жасауда қолданылады.16К20 модельді жону бұрамакескіш білдегінің кинематикалық сұлбасы. Басты қозғалыстың жетегі көптеген жағдайда жетілдірілген жаңа бұрамакескіш білдектерінде үш фазалы тоқтың бір жылдамдықты асинхронды электр қозғалтқыштарынан және сатылы механикалық жылдамдық қорабынан тұрады. Шкивтердің 140 және 268 мм диаметрімен nдв=1460 мин электр қозғалтқыштан сына белдікті беріліс жылдамдық қорабын I бөлігін айналдырады. Онда тістер саны z = 56 және z = 51 болатын еркін айналатын түзу айналуға арналған тісті дөңгелектер орналасқан, олар айналдырықтың түзу қозғалысын ( сағат тілінің бағытымен) және z = 50 кері айналысын қамтамасыз етеді.(сағат тіліне қарсы).

Айналдырықтың тура немесе кері айналуын қосу фрикционық жалғастырғыштар Мф1 және Мф2 көмегімен жүзеге асырылады.



Білік IIIz = 34 немесе z = 39 дөңгелектер арқылы екі айналу жылдамдығын алады. Ары қарай z = 29, z = 21 немесе z = 38 тісті дөңгелектердің және ілінісіп сәйкес келетін тәждердің біреуімен z = 47, z = 55 немесе z = 38 және үштік блокты құрап IV білікті айналуына әкеледі. Осы біліктен айналыс айналдырыққа тікілей беріледі: тісті дөңгелектерz = 60 немесе z = 30 осыдан блоққа z = 48, z = 60 тістерінен, немесе тісті дөңгелектерімен бірге іркелісті топ құрайтын V және VI біліктер арқылы беріледі. Бұл жағдайда z = 45 немесе z= 15( IV білікте) тісті дөңгелектермен, z = 45, z = 60( V білікте)блоктың тәждердің біреуімен ілінісетін және дөңгелектер18/72 және 30/60 жұбтарымен айналу беріледі.

Айналдырықтың минималды және максималды тура айналу жиілігі төменгі жиілікпен анықталады:





мұндағы, n1 – белдікті берілістің сырғу коэффициенті, есептеуде n1=0,8...0,9 болып алынады.

Жылдамдық қорабында тісті дөңгелектердің қосу нұсқасына байланысты айналдырықтың 22 жиілік мәнін алуға болады.

Құралкүймешіктің жылжуы құралдың кесу үдерісі кезінде қозғалыс берілісін қамтамасыз етеді. Осы айналыс тікелей айналдырықтан немесе қадамды үлкейту буыны арқылы іске асырылады. Оның үш берілісті қатынасы бар және жылдамдық қорабында орналасқан. Ары қарай айналу кері бағытты механизмі ортақ қосалқы дөңгелектері бар екі жұпты ауыстоп және біржұпты ауыстоп құратын ауыспалы дөңгелектер K, L, M, N, жылдамдық қорабы және беріліс механизмі арқылы алжапқышқа беріледі. Кері бағыт механизмі VIII, IX, X біліктерінде орналасып, z = 30, z = 25 және z = 45 тісті дөңгелектерінен тұрады. Беріліс қорабы екі негізгі кинематикалық тізбектен тұрады: біріншісі – дюмдік және питчтық бұранда кесіп алу үшін, ал екіншісі – метрлік және модульдік үшін.Мф4 және Мф5 жалғастырғыштар арқылы өтетін екінші кинематикалық тізбек, Мф6 жалғастырғышы қосылып тұрған кезде, жүріс білікшесіне қосылыс беру үшін қолданылады. Құралкүймешіктің жылдам жылжуы М2 жеке электрқозғалтқышы арқылы білдекті берілістен жүріс білікшесін айналдырып турады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет