Жоңғылаушы зақым алуды болдырмай үшін білдектерде қауіпсіз жұмыс жасаудың жалпы ережелерінен басқа жоңғыш білдектердің ерекшеліктерімен шаттталған келесі арнайы ережелерді сақтау тиіс:
Жоңқаны аулауға және қайтарылуына арналған айлабұйым және қоршау міндетті түрде қолдану керек, ал оларды қолдану мүмкіндігі болмаса – жеке қорғаныш құралдарын қолдану керек (көзілдірік немесе қалқанша)
Бөлшекті шешшу және оны өлшеу кезінде қылауға немесе өткір жиегіне қолды жаралап алмас үшін, қылауды алу үшін теір шебері құралын қажақты кайрақшаны қолдану керек.
Сығылған ауамен үстелді (үрлеп түсіру) және жұмыс істеп тұрған білдекте металды қылшақты және ілмекті қолдануға тыйым салынады.
Айлабұйымнан,үстелден және тұғырдан жоңқаны қылшақпен тазалау керек, ал үстел ойықтарын және басқа да қолайсыз жерлерді жоңқадан және үшкірленген ағаш таяқшамен тазалайды. Білдек табанындағы жоңқаны арнайы жәшікке жинап, тазалайды.
Білдекте қолғаппен жұмыс жасауға болмайтын сияқты ережелерді бұзбау керек.
Дайындаманы жоңғылау үрдісі кезінде өлшеуге тыйым салынады.