Байланысты: Мамандық бойынша - 25 шпор толық нұсұа
Білім беруді ақпараттандырудың мәні. Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптарды атаңыз.? Білім беруді ақпараттандыру - ақпараттарды, оны жеткізу құралдарын, технологияларын оқыту мен тәрбие процесіне енгізу арқылы педагогикалық процестерді жаңартуда бағытталған шаралар жүйесі.Білімді беруді дамыту индустриясын компьютер және байланыс құралдарының көмегімен дамыту, ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде ақпараттық-білім беру қорын жасақтау. Білім беруді ақпараттандырудың теориялық негізі - информатика, кибернетика, дидактика. Информатика - ақпаратты табиғатта, қоғамда, техникада өндіру, өңдеу, сақтау және тарату әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы. Ақпарат беретін технологиялар оқу процесіне енуіне байланысты оқыту әдістеріне, түрлеріне, мазмұнына өзгеріс енеді. Электрондық құралдармен жұмыс істеп, оқыта алатын мұғалімдерді даярлау міндеті тұр. Ақпарат адамзаттың ең маңызды қоры ретінде ерекше қасиетке ие - қолданысқа түскен сайын арта береді. Ақпараттық ресурстардың таусылмайтындығы әлем қызығушылығын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.Электрондық оқулықтарды құру жолдары және оларға қойылатын талаптар
Электронды оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады. Электронды оқыту бейне, аудио, мультимедиа технологиясы мен олардың әр түрлі комбинацияларын енгізуге байланысты болып отыр. Электронды оқытудың негізгі мәселелері ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып табылады. Мемлекеттік стандарт бойынша электронды оқулықтың басылымына мынадай талаптар қойылады: оның құрылымы, функциясы, мазмұны, оқыту элементтері, көркемделуі, құжаттандырылуы. Электронды оқулықты құру жолы. ЭО құруда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек:
-Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электронды оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуында;
-Электронды оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тапқырыптарға лекция конспектісіні қамтитын негізгі: зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған мқосымша материалға қатысты анықтама библиографиядан тұратын көмекші аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалды дайындауда пайдаланылатын әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуын; -Электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұыны қайталамауын, яғни берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;
-Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен атрық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда экранда пайда болатын оң жақ тік төменгі көлденең жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдалаушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары тілмен оңға солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді;
-Бір қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебеі материлды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек.