Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзі.Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлға аралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру талаптарын қанағаттандырады.Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтаумен, мәліметтерді талдап,жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпараттарды игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа,күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді. Интерактивті әдістерді қолдануда оқушыларды сапалы дайындықпен қамтамасыз ету оқу процесінің нәтижелігіне тікелей байланысты. Басты тапсырма оқушыларға берілген білімнің бағасында емес ол тапсырманы орындаудағы іс – әрекетінде. Интерактивті әдістерді сабақ барысында қолданудың басты құрылымы мынада: сабақ басталысымен оқушыларға белгілі бір тақырыпты беру және осы тақырыптың әрі қарай дамуына септігін тигізетін іс – әрекеттерді уақытылы жинақтай білу. Осындай интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы химия пәнін оқушыларға жете меңгертуді сонымен қатар мамандықтарын меңгеруде осы білімдерін кеңінен қолдануына жете мән беріп келемін.
Жұмыс барысында алдыма қойған мақсаттарым: • Оқушыны химия пәні арқылы мамандыққа баулу. • Оқушының білім – білік дағдыларын қалыптастыру. • Білім алуға деген ынтасын арттыру. • Оқушының белсенділігі мен іскерлігін арттырып, шығармашылыққа баулу. • Химиялық тілді, теориялық білімді практикамен ұштастыру. • Мамандығына байланысты химиялық үрдісті түсіндіре алатын жеке тұлға қалыптастыру. Химияның белсенді әдісі. Оқытудың белсенді әдістері- оқу материалдарын игеру үдерісінде оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер,Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекеті үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесі,