Бастауыш сынып оқушылары үшін фольклорлық шығармалардың рөлі
Мектеп оқушыларының еліне, туған жеріне, табиғатына сүйіспеншілік сезімі мен талғамын, ата-бабаларымыздың сан ғасырлық қазынасы — балалар фольклорына қызығушылығын арттыра отырып, олардың бойында рухани мәдениеті жоғары адам тәрбиелеу — бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі болып отыр. Бастауыш сынып оқушыларының бойында рухани-музыкалық тәрбие жүйесін қалыптастыру және қазақ фольклоры туралы білім беру, олардыңфизиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне, әртүрлі іс-әрекеттегі көрсеткен білім сапасына сай жүргізілуі тиіс. Сонымен оқушылар өз халқының музыкалық мұрасын тереңірек үйренсе, әсіресе, балалар фольклорын, онда оларда музыка мәдениетінің іргетасы табысты қаланады. Халық музыкасына деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты тәрбиелеу — оқытудың барлық мерзімінде осы халықмузыкасының төңірегінде үнемі жұмыс жүргізілген жағдайда ғана жүзегеасырылады, яғни ылғи да көңіл бөлініп отыру керек. Қазақ фольклорын музыка сабағында қолдану тақырыпты, музыкалықшығармалардың мазмұнын ашу барысында, оны нықтауда өте маңызды да көмекші құрал ретінде байқалады. Ол балалардың ой-өрісін, музыкалық талғамын, дүниетанымын көтереді. Балаларды ертегі негізінде фольклордың басқа жанрларымен таныстыра отырып, олардың музыкалық-эстетикалық қабылдауын, көзқарасын, сезімін, талғамын, мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ертегіні музыкалық-эстетикалық тәрбие жүйесіне басты құрал етіп алған себебіміз, ертегінің тілі жатық, мазмұны қызық, балалардың түсінуіне жеңіл. Халық ертегісін балалардың сүйіп, бар ықыласымен сүйсіне тыңдайтыны, оның ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, әбден өкшеліп, халықтың даналық, тапқыр ой-пікірлері айтылып, көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, өткен көне дәстүрлерді ескере отырып, музыкалық педагогика оқушыларды оқытудың жаңа жолдарын қарастырады, фольклорды қолданудың тиімді де сапалы құралы ретіндегі жаңа түрлерін белгілейді. Басты тәрбиенің міндеттерін шешуде өсіп келе жатқан ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін халықтың дәстүрлі музыкалық өнерін қолдану бірден бір жол екендігінің үкімет тарапынан да айтылып жүргені жай емес.Қазақ ұлттық музыкалық материалға сүйене педагогикалық репертуар жасай отырып халық шығармашылығы арқылы оқушылармен бірге музыкалық фольклорға қызығушылық, сүйіспеншілік тәрбиесінің жолын табуды ұсынады.
Бастапқы жаратылыстануды оқыту әдістері, тәсілдері мен құралдары.
«Егер мұғалім өзі ғылымға бар тәнімен беріліп, оны толық меңгеріп, сүйе білмесе, онда оқушыларды да ешқашан ғылымға құлшындыра алмайды, мұғалімнің бұл саладағы еңбегі де – жеміссіз болады» — дейді ұлы орыс ғалымы, атақты химик Д.И.Менделеев. Қазіргі таңда мұғалімнің алдында тұрған міндеттердің қатарына оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін тек теориялық біліммен шектеліп қана қоймай, оның қажырлы тынымсыз еңбектенуінде, балалармен жұмыс істеуі қабілетінің жоғары дәрежеде болуын талап етуде. Сонда ғана, қоғамымызға, білімге құштар, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігі үшін өзіндік үлес қосып, ел абыройын асқақтатып ұлтымыздың мерейін көтеретін ұрпақ тәрбиесі жүзеге асырылмақ. Олай болса, мұғалімнің осы бағыттағы
Оқу мен оқытудың әдістеріне: Уақыт шеңбері, Тыңдап отырған үштік, Джиксо, Аквариум, Ыстық орындық, Сұрақтар шеңбері, Инсерт, Сөздер банкасы, Ақылдың алты қалпағы, Еркін талқылау, Бағдаршам, Дебат т.б
Мысалы: «Аквариум» әдісі арқылы тақырыпқа тапсырмалар пайдалану. Мысалы, тақырып саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы. Оқушыларға тақырып төңірегінде тапсырма таратылады, тапсырманы топ ішінде отырғызып, топпен талқылату. Топ ішінен бір сарапшыны тағайындап, басқа топтарға түсіндіреді, қайтадан өз топтарына барып, түсінгендерін түсіндіреді. Ортаға шығып, шеңбер жасап, ортаға тапсырмаларын түсіндіреді. Оқушылардың мұндағы мақсаты, берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой- пікірлерімен санаса білуі, топпен жұмыс жасауы. «Стикердегі диалог» әдісін пайдалану арқылы өткен тақырыпты қайталау және жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында пайдалануға болады. Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой – пікірлерімен санаса білуі, жалпы сабақтың соңғы кезеңдеріне қолданатын әдіс. Қорыта келе айтарым, оқушыларым сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланды, Өз ойларын ашық, еркін жеткізуге үйренді. Бүгінгі сабақ туралы өз ойларымен бөлісуді, өзіне – өзі есеп беруді, өзін – өзі реттеуді, түрлі болжамдар жасауға, бірлесе жұмыс жасауға үйренді. Келешекте сабағыма ең тиімді болған тәсілдерді пайдаланумен қатар, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, дұрыс, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың жолдарын тауып, оқытудағы кедергілерді жоюға тырысатын боламын.
А.Я.Гердтің дүниетану пәнін оқыту әдістемесі бағытындағы еңбектері
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудан алшақ болды, қажетті биологиялық білім қалыптастыратындай мазмұнда болмады.
Бұл проблеманы шешумен Александр Яковлевич Герд(1841-1888) айналысты. Гердтің еңбектері әдістеменің ғылыми негізін қалады. Гердтің мақалаларында, оқытудың мазмұны ғылымның жетістіктері мен дамуына сәйкес, сонымен қатар ғылыми көзқарасты қалыптастыратындай болуы тиіс делінген. А.Я.Герд оқытудың тәсілдерінде бірінші кезекте оқушылардың өзіндік ойлауын, тәрбиелеу, байқампаздығын және танымдық қызығушылығын дамытуды көздеді. Өзінің мақалаларында, оқулықтарының алғы сөзінде оқытудың нағыз биологиялық бағыттарын көрсете білді. Өсімдіктер мен жануарларды даму кезеңдерімен қоршаған ортаға бейімделуі және олардың құрылысын тіршілік қызметтеріне байланыста оқытуды көздеді.
Индуктивті және дедуктивті әдістерді қатар қолдану керектігін айтты. Герд оқушылардың байқаған фактілер негізінде, қорытындылау, сараптау жасау арқылы ойлауын дамытуды бірінші кезекке қойды.
Герд сол кездегі барлық мектептерде қолданылатын “ мазмұндау” әдісіне сын көзбен қарап, ол оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпайды, тек айтқанды есте сақтап қалу ғана көзделеді, сондықтан айтылған мазмұн тез арада естен шығады деп тұжырымдады.
А.Я.Герд Ресейдегі Ч.Дарвин ілімін жалғастырушылардың бірі болды. 1868 жылы Ч.Дарвиннің “ Жануарларды үйсіндіру және өсімдіктерді қолдан өсіру” атты кітабын аударып, мектеп зоология курсын дарвинизм негізінде құрды, мектеп жоспарында биология курстарын оқытудың жүйесін көрсетті:
А.Я.Герд бастауыш мектеп үшін жаратылыстанудың жаңа курсы “Өлі табиғат” және оған “Мир божий” атты қосымша оқулық және мұғалімдерге арнап оқу -әдістемелік құрал “Пән сабақтары ”-еңбегін жазды. Әдістемелік құралдың бірінші бөлімінде сабақтардың өңделулері, топсеруендер, практикалық сабақтар және ізденіс бағытында жасалған үй тапсырмаларының әдістемелері берілді. Минералогия сабақтары” ботаникадан қиын сабақтардың тақырыптық-жоспарлары берілген әдістемелік құралдары жарық көрді.
Осы кезеңдегі Ресейдегі революциялық қозғалыстар халық-ағарту жұмыстарына кері әсер етті. Сол себепті 1871 жылы жартылыстануды оқыту ерлер гимназиясынан, қала училищелерінде, әйелдер және әскери гимназиялардың оқу бағдарламасынан алынып тасталды. 1901 жылы қайтадан гимназияның төменгі кластарына енгізілді. Сонда А.Я.Гердтің әдістері В.Ф.Зуевтың есімі сияқты ұмытылды.