Билет №1 Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары



бет23/27
Дата09.05.2022
өлшемі146,34 Kb.
#33626
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Жауабы: Марксизм теориясы өндіріс шығындарын кеңінен зерттеді. Бұл теорияның басты өкілі К. Маркс өзінің «Капитал» атты еңбегінде өндіріс шығындарын жан-жақты талдады. Ол тауардың жасалуын және оған жұмсалған шығындарды өндіріс құрал-жабдықтарымен және жұмыс күшімен байланыстырды. Тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын нақты шығындар деп атайды.Маржинализм теориясы өндіріс шығындарын тауардың ерекше қасиеті болып табылатын пайдалылық ұғымы тұрғысынан зерттейді. Пайдалылық, соның ішінде, тауардың жалпы пайдалылығы және шекті пайдалылығы психологиялық құбылыс ретінде өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соңғы соманың шамасы болып табылады. Трансакциондық шығындар – бұл айырбас сферасындағы шығындар. Бұл түсінікті американдық экономист Д.Коуз еңгізген. Д.Норт трансакциондық шығындардың негізгі типтерін бөліп көрсеткен:нарық туралы информация іздеумен және сол нарықтағы тауарлар мен қызметтер қозғалысының қалыптасу шарттарымен байланысты шығындар;келісімдердің шартын белгілеумен және оларды жасаумен байланысты шығындартауарлардың сапасын анықтауға, стандарттар жүйесін жасауға, фирманың белгісін қорғауда жұмсалған шығындар;Өндіріс шығындары – бұл фирманың өндіріс факторларын тартумен және оларды пайдаланумен байланысты әртүрлі жұмсалым- дардың ақшалай көрінісі.Бухгалтерлік шығындар фирма қызметінің нәтижесін шығарумен, айқын қалыптасқан шығындарды анықтаумен байланысты болып табылады. йдаланумен байланысты әртүрлі жұмсалым- дардың ақшалай көрінісі.Экономикалық шығындар фирма қызметінде қолда- нылатын өндіріс факторларын алдағы уақытта балама жолдармен қаншалықты тиімді пайдалануға болатындығын көрсетеді.Баламалы шығындар немесе таңдау шығындары – бұл ресурстарды пайдаланудың ең жақсы мүмкіндіктерін жіберіп алумен байланысты шығындар.Тұрақты шығындар – өнім көлеміне әсер етпейтін тәуелсіз шығындар. жақсы мүмкіндіктерін жіберіп алумен байланысты шығындар.Өзгермелі шығындар – өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеріп отыратын тәуелді шығындар.Жалпы шығындар – өндірістің тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысы.Аталған шығындардың анықталуы мен графиктері төменде көрсетілген.

ТС = FC + VC,Мұнда, ТС (total costs) – жалпы шығындар; FC (fixed costs) – тұрақты шығындар;

Табыс – бұл фирманың өнімнің белгілі бір көлемін сатудан түскен жалпы түсімі. Жалпы түсім нарықтағы тауардың бағасына және өткізілетін өнімнің көлеміне тәуелді болып табылады. Алайда, фирманың табыстарын пайдамен шатастыруға болмайды.Жалпы табыс – тауардың бағасы мен өнім көлемінің көбейтіндісі.TR = P×Q.Мұнда, TR (total revenue) – жалпы табыс; Р (price) – тауардың бағасы; Q (quant) – өнім көлеміОрташа табыс – өнімнің бір бірлігін сатудан түскен түсім және ол жалпы табыстың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады:AR = TR / Q.Мұнда, AR (average revenue) – орташа табыс.Шекті табыс – өнімнің келесі бір бірлігін сатудан түскен қосымша түсім және ол жалпы табыс өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады

2.Қаржылық жүйе, экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мәні және рөлі. Қаржылық қатынастардың субъектісі және объектісі. Мемлекеттің қаржылық саясаты. Оның функциялары.



Жауабы:Қазақстан жағдайларындагы қаржылық саясаттың мақсаты іс-шаралар әзірлеу және оларды индустриялық-инновациялык дамудың, ұлттық шаруашылықтың құрылымын қайта құрудың, елдің экономикасын әлемдік шаруашылыққа ұтымды біріктіру жолымен сыртқы экономикалық қызметті жандандырудың негізінде экономикалық өсуді қамтамасыз ету, әлеуметгік бағдарламаларды үздіксіз және ұлғаймалы қаржыландыру жөніндегі қаржылық механизм аркылы іске асыру болып табылады. Бұл ретте қаржылық саясат пен қаржылық механизм рыноктық үдерістерде инфляциядан, жұмыссыздықтан, табыстарынан айырылудан халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.Қаржы саясаты - қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шараларының жиынтығы. Қаржы саясатын жасау үдерісінде мемлекеттің алдына қойған мақсатын орындау үшін материалдық жағдайлар қамтамасыз етіледі.Осыған байланысты қаржы саясаты экономика мен әлеуметтік салаға әсер етудің белсенді құралы болып табылады.Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан, қаржы ресурстарын жиынтықтап, шоғырландырудыңжәне оларды экономикалық саясаттың даму бағытттары бойынша бөлудің міндеттерін шешеді,

3.Коммерциялық банктің резерв сомасы 230 млн. теңге, ал депозиттер көлемі 800 млн. теңге. Депозиттегі міндетті резерв нормасы 25%. Егер банк өзінің барлық артық резервтеріне несие беретін болса, ақша ұсынысы қалай өзгеруі мүмкін?



Шешімі: 20%-дық резервтеу нормасында міндетті резервтер Rr = 800 х 0,25 = 200 млн. теңге; Бұдан шығатын артық резервтер мынаған тең: Re = 230 - 200 = 30 Егер олардың барлығы несие беруге жұмсалса, онда қосымша ақша ұсынысы келесідей болады: AM = 30 • (1/0,25) = 120 млн. Теңге Бұл жағдайда біз тек банктік мультипликаторды ғана (1/гг) қолдана аламыз. Себебі бізде ақша базасы және қолма-қол ақшаның депозиттерге қатынасы туралы мәліметтер жоқ. Алынған сома ақша ұсынысының ең жоғары шегі қаншага артуы мүмкін екенін көрсетеді. Жауабы: 120 млн. теңге.

26-билет


1.Бәсекелестік мәні, оның экономикалық рөлі. Жетілген және жетілмеген бәсеке. Жауабы: Бәсеке (лат. concurrere) — бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі. Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:

  • өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;

  • өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;

  • бәсекеге төзімді өнім өндіру;

  • өнімді сату.

Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.

Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:



  • жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді;

әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;

  • сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;

  • сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;

  • өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.

Жетілмеген бәсеке жағдайында фирмалардың саны шектеулі болып табылады, мұндай нарықтық құрылымдар жетілген бәсеке нарығына қарағанда экономикалық жағынан тиімділігі төмен нарық-тар ретінде саналады. Себебі, жетілмеген бәсеке жағдайларында фирма нарықтағы бағаны бақылай алады, оның нарықтағы белгілі бір үстемдігі орын алады және өнім көлемін жетілген бәсекеге қарағанда салыстырмалы түрде аз өндіреді.

2.Мемлекеттік бюджет. Бюджет функциялары. Бюджеттік жүйе. Мемлекеттік бюджет құрылымы. Бюджеттік тапшылық, бюджеттік тапшылықты қаржыландыру тәсілдері.



Жауабы: Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін.Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қар-жы қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Сонымен қатар, «қаржы» категориясына қарағанда бюджет ерек-ше категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тәнті:Ұлттық табысты қайта бөлу;әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;экономиканы реттеу мен ынталандыру;Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталандырылған ақша қорын бюджетті қалыптасу мен пайдалану бойьшша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлығы қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол катынастарды басқару органдарымен
3.Экономика жағдайы келесі көрсеткіштермен берілген:

  • Тұтыну шығындары (С) = 4600

  • Инвестициялар (I) = 1400

  • Мемлекеттік шығындар (G) = 1600

  • Мемлекеттік трансферттер (TR) = 200

  • Мемлекеттік қарыз бойынша %-ды төлеу (N) = 200

  • Салықтар (Т) = 1900

Табу керек: а) Жеке жинақтар;

Жеке қор жинақтары мына формула арқылы есептеледі:



Sp =(Y + TR + N-T)-C

Y = C + I + G

Y = 4600 +1400 +160=7600

Sp = (7600 + 200 + 200 -1900) - 4600 = 1500

--------------------------------------------------------------------------------------------------

27-билет


1.Жетілмеген бәсекелестік түрлері. Монополия, олигополия және монополиялық бәсекелестік мәні. Жетілмеген бәсекелестік жағдайындағы нарықтың тепе-теңдік механизмі.

Жауабы: Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. 20 ғасырға дейін монополиялар шектелген сферада болған. Кейін монополиялау процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырушылық бастаманың күшеюімен байланысты болды. Олигополия – бұл да нарық құрылымының типі. Бұнда бірнеше, ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін:бірсалалық сауда — өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтық құрылым;ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес бірнеше ірі жеткізушілер болатын нарықтық құрылым;Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады, оның негізгілері мыналар: ғылыми-техникалық тіресу; өнеркәсіптік- өндірістік тіресу, сауда сатық тіресу (сайысу).Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі: өндірістік мүмкіндіктің күшейуі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі.Ғылыми-техникалық тіресу.Бұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы мына жолдармен жүреді:

- жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді қолдану;

- ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтап пайдалану; патенттерді сатып алып пайдалану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет