Біліктілігін арттыру институты


САБАҚ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНАТЫН



Pdf көрінісі
бет3/41
Дата10.06.2022
өлшемі1,6 Mb.
#36675
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Б.Жалмуханова

САБАҚ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНАТЫН
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР МЕН ШИРАТУЛАР 
 
«Ой қозғау» әдісі
 
Мақсаты:Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, 
проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша 
немесе ауызша ой салу.
Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы 
зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, пікірлерінің 
еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, 
қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.
Қолданылуы: Жаңа білімді меңгерту алдында 
осы әдіс бойынша сұрақ қоя отырып жаңа 
сабақтың тақырыбын ашуға болады. 
«Гүлмен тілек»
 (сергіту және топқа біріктіру) 
 
Мақсаты: Тыңдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды
қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, 
жағымды ахуал қалыптастыру.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту 
арқылы жақындастырады, көңіл күйін 
көтереді, бауырмалдығын оятады. 
Қолданылуы: 
Оқушылар 
арнайы 
дайындалып келген гүлді алақандарына 
салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және 
гүлдің астына жазылған сөздер бойынша 
топқа біріктіріледі. 
«Сұраққа жетіп ал» 
Мақсаты: Оқушының өз бетінше жұмыс жасау 
дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын 
дамыту.
Тиімділігі: Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере 
алады. Ақпаратпен ықыласпен жұмыс жасайды. 
Мәтінге, әңгімеге сұрақ қояды, тұжырымдайды. 



Сыныптастарының жауаптарын зейін қойып тыңдайды және сұрақтар 
дайындайды, талқылайды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас 
шеберлігі дамиды.
Қолданылуы:Мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің 
күрделілігіне, оқушылардың даму ерекшелігіне қарай) оқылған 
мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою.1-ші топ – сұрақ қояды, 
2-ші топ сол сұраққа жауап береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет