Үш тапсырма орындаңыз. 1.2 тапсырма міндетті, ал 3.1. мен 3.2. тапсырмалардың біреуін орындаңыз
Тапсырма орындауға арналған уақыт: 90 минут
Тест тапсырмасының үлгілері
Мәтін
Ертеде бір данышпан құмырсқаның тілін біледі екен. Дән тасып жүргенін көріп, алақанына салып:
- Қане, құмырсқа, дәнді қайда алып барасың ? – деп сұрайды.
- Илеуіме апарамын.
- Оны қайтесің ?
- Кейінге сақтаймын.
- Көп жинайсың ба ?
- Жаздай жұмыс істеп, азығымды жинаймын да, қыста тынығып жатамын.
Адам құмырсқаны айналдыра қарай бастайды.
- Басың неге үлкен ?
- Аз сөйлеп, көп ойлаймын.
- Белің неге қылдырықтай ?
- Қомағай емеспін.
- Жылына қанша дән жейсің ?
- Бір дән жеймін.
- Соған қанағат етесің бе ?
Мәтін бойынша тест тапсырмасы
1. Мәтінде адаммен ...... әңгімелеседі?
А) ит
В) құрт
С) балық
D) құмырсқа
2. Құмырсқа жаздай жұмыс істейді, ....... демалады.
А) қыста
В) жазда
С) наурызда
D) көктемде
3. Адам .... деген сұрақтар қойды ?
А) аузың неге үлкен ?
В) басың неге үлкен ?
С) көзің неге үлкен ?
D) қолың неге үлкен ?
4. Құмырсқаның жауабы:
А) аз сөйлеймін
В) көп сөйлеймін.
С) көп ойнаймын
D) аз күлемін
5. Адам «... ..... ... » деп сұрады?
А) жылына қанша дән жейсің ?
В) жылына қанша ет жейсің ?
С) жылына қанша бидай жейсің ?
D) жылына қанша шөп жейсің ?
6. Құмырсқаның жауабы:
А) бір дән жеймін
В) мың дән жеймін
С) мың бір дән жеймін.
D) он бір дән жеймін.
Семинар-тренингті қорытындылау бөлімі
Кез келген семинар-тренингте жұмыс күнін қорытындылау бөлімі болады. Қорытындылар жасау әдетте семинар тақырыбына сәйкес барлық сессиялар өтіп болғаннан кейін, жұмыс күнінің соңында жүргізіледі. Қорытынды бөлімде семинар-тренингке қатысушылардың жұмыс күнінің нәтижелері туралы және өздерінің семинардан күткен нәтижелерінің, үміттерінің қаншалықты ақталғаны туралы пікірлері тыңдалады. Қатысушылардың пікірін «рефлексия» (еркін әңгімелесу) әдісі бойынша немесе кері байланыс анкеталары арқылы білуге болады. Рефлексияның өзін әртүрлі формада ұйымдастыруға болады. Көбіне қатысушыларды шеңбер жасап отырғызып, әркімнің пікірін тыңдау әдісі қолданылады. Бұл жерде айта кететін маңызды нәрсе – рефлексия кезінде әрбір қатысушы семинар-тренинг туралы өз пікірін бүкпесіз айтуы керек, яғни тренер қатысушылардан мейлінше шынайы сөйлеуді сұрайды.
Кері байланыс анкеталарына келер болсақ, әдетте мұндай анкеталарда семинар-тренингке қатысушылардың жалпы тренингке, сондай-ақ тренерлердің жұмысына баға беруін сұрайтын сауалдар жазылады. Анкетаға жауап беретін қатысушылар тренингтің өту барысы туралы, тренерлердің жұмысы туралы, қатысушыларға жасалған жағдай жайында, т.б. мәселелерге қатысты өз пікірлерін білдіре алады.
Достарыңызбен бөлісу: |