Борыщтылық сферасы
|
Ата-аналардың балалары үшін жауапкершілігі, балалары мен ата-аналарының отбасының дұрыс, қалыпты өмір сүру, қызметі үшін жауапкершілігі.
|
54
|
Тәрбие жұмысының әдістемесі
|
-тәрбие процесінің алдында тұрған мақсат, міндеттеріне сәйкес ұйымдастыру түрлерін, формасын, амал-әдістерін, құралдары мен тәсілдерін зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы, дербес оқу пәні.
|
55
|
Дүниетаным (мировозрение)
|
-адамның қоршаған табиғат пен әлеуметтік ортаға өзінің қатынасын білдіретін шындыққа негізделген кзөқарастар жүйесі;
-адамдардың философиялық, ғылыми, саяси, құқықтық, адамгершілік-имандылық, парасаттық, көркемдік, әсемдік, рухани идеялары мен сенімінің жиынтығы;
-таным, дниетаным сезіммен бірге ақыл иесінің дүние сырын ұғу, түсіну,табиғи, әлеуметті, қоғамдық құбылыстарды пайымдау, бағалау, саралау қатынасын да қамтиды;
|
56
|
Интеграция
|
- әртүрлі пәндердегі негізгі қағидалар мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыру қажеттілігі.
|
57
|
Көркемөнердің дүниетанушылық үлгісінің философиялық мәні
|
-ең алдымен әр пенденің еркінен тыс, жаратылысынан оған мүлдем тәуелсіз ақиқат дүние болмысының адам санасында бейнеленуі
|
58
|
Көрнекілік
|
– оқытуда заттар мен құбылыстардың әрқайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр – сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға көмектесетін оқыту принципі.
|
59
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |