Оқушыларды ғылым негіздерінен жүйелі білімдермен қаруландыру;
-дүниетаным мен әлемді жалпы тану ретінде қызмет атқарады.
35
Адамгершілік тәрбиесі
-қоғамдық талап-тілекке, қабылданған қалыпқа сәйкес тәртіп дағдысы мен икемділігін, сезімі мен сенімін, ұғымы мен ой-пікірін қалыптастыру.
36
Дене тәрбиесі
Адам денесінің, тұлғасының дамуы мен дене-күш жігерінің қалыптасуын басқару;
-дене қабілетін, адамның қимылдық дағдысы мен іскерлігін мақсатты түрде дамыту, гигиеналық әдепті қалыптастыру, денсаулықты нығайту және жүйелі түрде дене жаттығуын жасау қажеттігін тәрбиелеу
37
Діни тәрбие
-исламның діни шарттары, ырым-ережелері, риторика, құқықтық шариғат заңдары, құран негізінде білім-ғылымға жетелеп, кісілік-имандылықты қалыптастыру.
38
Еңбек тәрбиесі
Еңбек әрекеттері мен өндірістік қатынастарын қалыптастыру. Еңбек құралдары мен оларды пайдалану әдістерін меңгеру;
-еңбекке деген қатынасты, рухани және материалдық игілікті жасауға деген адамдардың әрекетін мақсатты қалыптастыру процесі;
-әдеміліктің қажеттігін ұғыну, сезіну, шығармашылық қабілетін дамыту және қалыптастыру, сұлулық заңымен өмір сүруге ұмтылу.
39
Интернационалдық тәрбие
-(латынның халық және аралық) халықтар арасындағы достық сезімді, барлық ұлт еңбекшілеріне сыйластық, құрмет рухында тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру. Оқушыларға атеистік (гректің «құдайсыз») тәрбие беру-оқушылардың ғылыми-атеистік: материалистік дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.
40
Қабілеттілік
– белгілі бір істі орындап шығуға мүмкіндік беретін адамның жеке басының қасиеті. Адамның әрекеттің белгілі бір түріне икемділігін білдіретін дара ерекшелігі болады.