121
технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі ол оқытушылар
мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп
мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың
зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып оның интеллектуалдық
мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене
тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның
қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие
талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету
үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол
сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін
ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі
жастардың
денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-
психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным
мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді.
Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл
адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті,
адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен
айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына,
тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект
ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті
мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын
қызметтері туралы жан-жақты зерттеу,
оқушылардың дене тәрбиесін
салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің
тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі. Елімізде бәсекеге қабілетті білім –
білім беру саласының ең басты міндеті болып отыр. Дамудың алдыңғы
қатарындағы елдердің білім дәрежесімен теңесу – еліміздің біліми саясатының
негізгі көздегені. Дамыған елу елдің қатарына енудің алғышарттарының бірі де
осы сапалы да бәсекеге қабілетті білім. Сондықтан да еліміздегі мектептердегі
білім берудің басты ұстанымдары мен міндеттері, әрекеттері, жолдары осы
мақсатқа орай ұйымдастырылады. Мақсатқа жетудің түрлі жолдары бар.
Солардың бірі де бірегейі оқытудың жаңа технологияларын пайдалану. Дене
тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі жоғары.
Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа
сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-
тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің
өз сабағында пайдалану
арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты
өмір сүруге баулу дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің
басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-
тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою
жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Дене
шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда
негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де
оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру
жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге
122
қызығушылықтарын арттыру, сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің
шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі
спортшылар өмірін алуға болады. Сол себептен мұғалім сабақты тартымды етіп
теория мен практиканы ұштастыруында жаңа инновациялық технологиялардың
тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-
қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім
оқушылармен белсенді жұмыс
істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып,
қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру тиіс. Барлық оқушылар өз
қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды, оларды міндетті
түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі
жаттығуларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арасындағы
бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары
деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады.
Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен
практиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне
алады. Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту
технологияларының тиімді әдістерін дене
шынықтыру пәнінде қолдануды
ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру пәні не береді?» –деген сұраққа:» Қимыл
қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру. Денені
шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді. Мемлекеттік
стандарттық бағдарламаны жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды
игертуді береді.
Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді
пайдалануға да болады. Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа
ала отырып, ой толғау жасауға болады (мысалы, дене шынықтыру сабағын ойын
түрінде ұйымдастыру), сол арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға
болады.
Күтілетін нәтиже - дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтарының артуы.
Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы да
артып келеді. Әр түрлі ұлттық ойындарды топтық ойын әдісінде ұйымдастыру да
жақсы нәтиже береді. Ойлау қабілетін дамыту тұрғысында қазақтың ұлттық ойын
түрлеріне тоқталып, ұлттық ойындар туралы өз түсініктерін сұрай отырып, сабақ
барысы кезінде орындатуды жоспарлауға болады. Оқушылардың ой-қабілетін,
жылдамдық
ерекшелігін, тез шешім қабылдауына және топтық әрекет жасауына
пәндерді байланыстыра отыра кіріктірілген сабақтардың үлесі зор. Дене
шынықтыру сабақтарын биология, химия, математика, сурет, алғашқы әскери
дайындықпен кіріктіріп өткізуге болады. Сабақты қызықты өткізу үшін
мультимедиалық проектор арқылы қазақтың ұлттық ойындарының тарихын
таныстырып өтіп, жасырылған сұрақтарды табуға машықтандыру, әр топқа
белгіленген ұпай сандарына қарай бағалап отырып, кейін сабақ барысын: «Кім
шапшаң?» бөлімі деп атап, оқушылар белгіленген жерге дейін эстафеталық
таяқшамен жүгіріп барып, белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға жазылып берілген
есептерді шапшаң орындап шығып кейін қайтып келу талабы қойылса сабақ өте
қызықты өтер еді. Оқушылардың бұл бөлімде сабаққа деген қызығушылығының
123
артуымен бірге машықтанады, логикалық
ойлау қабілеттері артады, қимыл-
қозғалыс әрекеті дамиды.
Сонымен, дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды
қолданудың орны орасаң болары хақ. Оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге сыныптан тыс спорттық
шаралардың да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары мен
қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, асық
ату, аударыспақ сынды ойын түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды
жүргізу нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі
қалыптасады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір
сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді.Нәтижесінде
оқушылардың білім сапасы артып, оқу тоқсандарында жоғары сапаға қол
жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: