Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
189
НУ-дың сырттай бағалау саясатына сәйкес онда сырттай бағалаудың
әртүрлі үлгілері (әдістері) сәтті қолданылады. Осы саясатқа сәйкес жаңа
білім беру бағдарламаларын ашу жөніндегі ұсыныстар мен бағдарламаға ен-
гізілетін негізгі өзгертулер халықаралық деңгейде салыстырылып, аталған
пән саласындағы сырттан келетін сарапшылардың қарауына алынып, тиісті
түрде сәйкестендірілуі тиіс. НУ-дың кейбір мектептері (факультеттер) өз-
дерінің бағалау тәжірибесінің тиімділігі мен тұтастығын тексеру үшін сырт-
тан сарапшылар тартады.
НУ Еуропалық Университеттер Қауымдастығының институционалдық
бағалау бағдарламасы (Institutional Evaluation Programme) шеңберінде баға-
лаудан университет деңгейінде 2017 жылы және кезекті бағалаудан 2019
жылы өтті. Бағалау ESG стандарттарына сәйкес болуды қамтамасыз етуге
негізделді. НУ-дың оқыту сапасын қамтамасыз етудегі ішкі және сыртқы үрді-
стері және академиялық қоғамдастық пен студенттерге білім беруді жақсар-
туға деген айтарлықтай ұмтылысы айрықша атап өтілді. ИББ білім беру сапа-
сын қамтамасыз ету және арттыру жүйесінің түгелдей жан-жақты қамтуына
және білім беру үдерісін ғана емес, сонымен қатар ғылыми қызметті, страте-
гиялық басқару мен әкімшілік басқаруды да қамтуына кеңес берді.
Институционалдық бағалауға қосымша, НУ-дың кейбір мектептері
өздерінің білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден сәтті өткізді. Мем-
лекеттік басқару және мемлекеттік саясат саласындағы магистрлік бағдар-
ламаларды EAPAA (Мемлекеттік басқару саласындағы бағдарламаларды
аккредиттеу жөніндегі Еуропалық қауымдастық) агенттігі аккредиттеген.
НУ-дың Foundation даярлық мектебінің бір жылдық қарқынды бағдарлама-
сын («Академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі» бағдарламасы)
Британдық ағылшын тілі мұғалімдерінің академиялық мақсаттарға арналған
қауымдастығы (BALEAP) аккредиттеді.
НУ-дың басқа бағдарламаларының көпшілігі аккредиттеу талаптарына
сәйкестіктен өту және өзін-өзі көрсету бойынша іс-шаралар өткізу арқылы ак-
кредиттеуге дайындалуда. Университеттің келесі стратегиялық мақсаты – НУ-
дың халықаралық беделін арттыру үшін институционалдық аккредитация алу.
Достарыңызбен бөлісу: