Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес



Pdf көрінісі
бет115/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   135
• Жақсы тәжірибеге негізделген кеңес
Академиялық қауымдастық, әкімшілік қызметкер және студенттер 
өкілдігі арасындағы пікірталастар мен өзара әрекеттесулерді (әртүр-
лі формада) олардың сапа мәдениеті мен оны қолданыстағы тәжіри-
беге қалай енгізуге болатындығы туралы пікірлерін біліп отыру үшін 
тұрақты тәжірибеге енгізуге кеңес береді.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
202
Онлайн және аралас білім беру мен оқыту сапасы
Онлайн оқытудың сапасын қамтамасыз ету үшін әртүрлі тәсіл-
дерді қолдануға болатынына қарамастан, кейбір жалпылама сәй-
кестендіргіштер оны тиімді жүзеге асыруға көмектесе алады. Уни-
верситеттер төменде аталған салаларда нақты сапа көрсеткіштерін 
әзірлеуі қажет:
1. Стратегиялық басқару.
Университет басшылығы тара-
пынан онлайн-оқытуды институционалдық тұрғыдан ұстану және 
қолдау көрсету оқу стратегиясында көрініс табуы, университет-
тің миссиясымен үйлесімді болуы және іс-шара жоспарларына 
енгізілуі тиіс. Онлайн оқытуды басқару және үлестірілген міндет-
термен бірге қолдау көрсету бойынша жасалған құрылымдар оны 
тиімді жүзеге асыруға ықпал етеді.
2. Виртуалды оқыту ортасы.
Онлайн білім беру үшін вирту-
алды оқу ортасы қажет және ол блогтар, әлеуметтік желілер, бей-
неконференция платформалары, курстарды басқару жүйелерін 
(мысалы Moodle, Canvas, BlackBoard) және электрондық портфо-
лио бағдарламаларын (мысалы Mahara, Digication)
142
қоса алғанда, 
коммуникацияның әртүрлі формаларының көмегімен жүргізіледі.
Таңдап алынған платформа оқыту нәтижелеріне қол жеткізуге 
жағдай жасауы, пайдаланушыға ыңғайлы болуы әрі жеке және бір-
лескен жобалар жасауға мүмкіндік беруі қажет.
Оқытушылар курстың мазмұнын YouTube, iTunes University, 
OpenLearn, TED Talks, подкасттар және басқа да мультимедиялық 
ресурстардың көмегімен толықтыра алады
143



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет