Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


• Жақсы тәжірибеге негізделген ұсыныс



Pdf көрінісі
бет110/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Жақсы тәжірибеге негізделген ұсыныс
Оқытушылар мен қызметкерлерге деректерді басқару саласында қосым-
ша кеңес беру арқылы қолдау жасалуы және кәсіби тұрғыдан даму мүм-
кіндігі ұсынылуы мүмкін. Өздерінің институционалды деректер жүйесін 
құру кезінде университеттер Институционалды зерттеулер қауымда-
стығы мен Еуропалық Институционалдық зерттеулер қауымдастығы-
ның веб-сайттарындағы кейбір ақпараттық ресурстарды оқып, зерт-
тей алады
137
.
 
137 
The Association for Institutional Research (AIR) (www.airweb.org)
European Association for Institutional Research (EAIR) (www.eairweb.org)


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
196
Білім беру сапасы
Оқытушылық қызметтің сапасын қамтамасыз ету – СҚА жүй-
есінің негізгі компоненті болып табылады. Сапалы білім беру оқы-
ту нәтижелеріне қол жеткізу үшін тиімді болатын оқытудың инно-
вациялық әдістерін қолдануды көздейді. Оқытушылық қызметтің 
сапасына қатысты мәселелер білім беру бағдарламасының нақты 
құрылымын, білім алушылардың кері байланысын, оқыту нәти-
желерінің тиімді түрде бағалануын, қолайлы оқу ортасын және 
студенттерге академиялық қолдау көрсетуді есепке алатын жеке 
тұлғаға бағытталған тапсырмаларды да қамтиды. Университет-
тің білім беру сапасына деген адалдығы оның жалпы ұйымдасты-
рушылық стратегиясына немесе білім беру мен оқыту құрылымы-
ның құрамына енуі керек, ол білім беру сапасына қатысты күтілетін 
нәтижелерді айқындайды.
Университеттер білім беру сапасының біртұтас жүйесін құру 
кезінде мынадай қадамдарды қарастыруы мүмкін
138
:
• білім беру сапасының жүйесі халықаралық стандарттар 
мен ESG талаптарына сәйкес келетіндігін тексеру; 
• білім беру сапасын бағалауды сапаны қамтамасыз етудің 
әлдеқайда ауқымды жүйесіне біріктіру. Сандық және сапа-
лық тұрғыдан бағалаудың сенімді және нақты құралдарын 
әзірлеу;
• білім беру және бағалау туралы тұрақты рефлексияның 
мағынасын түсінуді дамыту;
• университеттегі оқытушылық қызметтің стандарттарына 
қолдау білдіруге бағытталған кәсіби даму тәсілдерін ұсыну; 
• білім беру мен оқытудың озық тәжірибелерімен және 
сынақтармен алмасу үшін арнайы алаң құру;
• оқытушылық қызметті жақсарту үшін тәлімгерлікті, өзара 
бағалауды және құрылымдық кері байланыстың басқа да 
тәсілдеріне көмек қолын созу (ынталандыру);
• курсты/бағдарламаны бағалау кезінде білім беру әдістерінің 
тиімділігі туралы студенттердің пікірлерін бақылап отыру;
138 
Hénard, F., & Roseveare. D. (2012). Fostering Quality Teaching in Higher Education: Policies and 
Practices. An IMHE Guide for Higher Education Institutions. OECD. 
https://www.oecd.org/education/imhe/QT%20policies%20and%20practices.pdf


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
197
• профессор-оқытушылар құрамының озық тәжірибелері 
мен жетістіктерін мойындайтын білім беру саласындағы 
алдыңғы қатарлы үздік жетістіктері үшін марапаттау жүй-
есін енгізу.
«Оқу орындары өз оқытушыларының біліктілігіне көз жеткізуі 
керек» (ESG, 1.5 стандарты). Оқытушылардың өздеріне тиесілі 
академиялық, зерттеушілік, кәсіби және педагогикалық білімдері, 
дағдылары мен мол тәжірибесі болуы тиіс. Олар оқыту мен бағала-
удың инновациялық әдістерін жұмыс барысында тиімді пайдала-
нады және оқытудың заманауи технологияларын білім беру кезін-
де бағдарламаларына біріктіре алады деп күтілуде.
Жоғары оқу орындары оқыту тәсілдерінің барынша кең ауқы-
мына ықпал ете алатын және барлық студенттер үшін қолжетімді 
болатын қолайлы орта мен оқу кеңістігін құруы тиіс.
Оқыту сапасын тексеру үшін университеттер мәліметтердің 
мынадай алуан түрлі дереккөздерін қарастыра алады:
• курсқа/бағдарламаға жүргізілетін жыл сайынғы бақылау 
және мерзімдік тексеру есептері;
• курсты/бағдарламаны бағалау барысында алынған сту-
денттердің пікірлері;
• өзара бақылау нәтижелері бойынша кері байланыс;
• сырттан келген сарапшылардың есептері;
• курс/бағдарлама бойынша құжаттамаларға шолу (оқу 
жоспары, тапсырмалар және студенттердің жұмыстарының 
үлгілері);
• түлектер мен жұмыс берушілердің пікірлері;
• оқытушының қызмет портфолиосы.
Білім беру сапасын тексеру нәтижелері кемшіліктерді көрсе-
тудің дәлелі ретінде емес, білім беру мен оқыту сапасын жақсар-
ту үшін, сондай-ақ алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді анықтау 
үшін пайдаланылуы керек. Университеттер бағалау нәтижелері-
не мұқият талдау жасалатынына, курстың/бағдарламаның мән-
мәтінінде қарастырылатынына, шаралар қолданылып, бақылауға 
алынатынына кепілдік беруі тиіс.
Сапалы білім беру мұқият түрде жоспарлауды, бақылау жаса-
уды, сондай-ақ курстың/бағдарламаның барлық компоненттерін 
іштей және сырттай бағалауды қоса алғанда, жүйелі және келісіл-
ген шаралар кешені арқылы жүргізуді талап етеді.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
198


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет